Бекшин: "Блок-бекеттер алынды, бірақ карантин режимі сақталады"
2020 ж. 02 маусым
983
0
Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин тұрғындарды блок-бекетті алып тастауға қарамастан санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қала тұрғындары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды, маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауы керек. Жаппай жиналатын орындарға барудан бас тарту қажет.
Бүгінгі таңда Алматыда коронавирус жұқтырудың 2647 оқиғасы тіркелді. Сонымен қатар, ол жұқтырудың 90%-дан астамы профилактикалық тестілеу мен скрининг кезінде анықталатынын атап өтті. Апта ішінде күн сайынғы өсім жеке күндері 1,7%-дан 4,8%-ға дейін құрады. Бүгінгі таңда 1627 адам сауығып шығарылды.
"Барлық осал контингенттер, қаладағы топтар тұрақты бақылауда. Жүйелі түрде скринингтік зерттеу жүргіземіз. Қазіргі уақытта бізде болған барлық ірі ошақтарды жойдық. Жалпы қаладағы жағдай бақылауда", — деді Жандарбек Бекшин.
"Біз карантиндік шаралардың бір бөлігін алып тастадық - азаматтардың кіруі мен шығуына қатысты. Біздің кәсіпорындарымызға, ең алдымен, осы кәсіпорындардың қызметкерлеріне жұмысқа қайта оралуға мүмкіндік бердік, бірақ барлық шектеу шараларын сақталуы керек", — деді Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері.