Іле-Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі жекеменшік компанияның басқаруына берілді
2020 ж. 27 мамыр
1457
0
Іле Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі 49 жылға жеке компанияның ұзақ мерзімді пайдалануына берілді, деп хабарлайды zakon.kz.
Атап айтсақ, Үлкен Алматы көлі, Алма-Арасан (Аюсай), Асы үстірттері, Есік және Солдат шатқалдары, Бутаковка және басқалары жеке басқаруға өтті.
Белгілі болғандай, тендер Қазақстан Республикасының туристік индустриясын дамытудың 2019–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілді.
Құжатта көрсетілгендей, Ұлттық парктің көз тартарлық жерлерінде туристік кешендер, бақылау алаңдары, лагерьлер, көпірлер салу және тұрақ орындары бар лагерьлерді жабдықтау жоспарланған.
Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде аумақтарды дамыту қарастырылған: мемлекет — инфрақұрылымды тартуға, инвестор — туристік объектілерді салуға жауап береді.