Геройхан Қыстаубаев: Мақтансаң «Қазақпын!» деп мақтан!
2020 ж. 20 мамыр
2371
0
Қайбір ағайын: «Қазақ оңбайды, ел болмайды. Басы бірікпейді. Бар болса, көре алмайды. Жоқ болса, бере алмайды. Рушылдық санада қалған» т.б. деп айтып жатады. Мен ол ағайындарға міне осындай (төменде) істерге қара, баға бер, өз айналаңды әлгіндей емес, осындай ұлтшыл, жаны таза, нағыз қазақтармен алмастыр дер едім. Себебі адам өзі нені жиі көрсе - соны тереді, өмірді сонымен өлшейді. Сөйтеді де елдің бәрін жаман деп ойлайды.
Мен мысалы, неге айтамын, осындай игі шараларды барынша елге көрсету кк: «жақсының жақсылығын айт, нұры тассын» деп? Сол қазақ жаман дегендер көрсін, білсін, өмірге деген көзқарасы, құлшынысы өзгерсін деп айтамын!
Бізге: «Жасаған жақсылығыңды ешкім көрмесін. Сауабы тимей қалады» деген арабтық түсінік жүрмейді. Қазақ жасаған жақсылығын сауап үшін де, ақша, атақ үшін де сатпаған! Өйткені жақсылық жасау, қиналғанға қол ұшын созу, өзгенің қуаныш-қайғысын бөлісу - қазақтың генінде бар қасиет! Қазақ жойылмаса, бұл қасиет бізде қала бареді.
Дәлелі міне: видеороликте (сілтемеде) - азаматтардың «Ертең жолға шығамыз» деп тұрғаны, ал суреттерде сол Мақтаралға барып, ел ішінде болғаны. Шырайлы Шымдықтардың қонақтарды күтіп алғаны. Сонда қазаққа не керек? Қазақтың жамандығы осы ма? Ел боламыз десек, қазақ жаман деген әңгімені доғару керек! Бізде шын жаман бар, ол - сатқын билік қана! Халықтың бар қиыншылығына жалғыз осы ұры билік кінәлі! Ал халықтың өзі - тектілердің тұяғы! Бұл рас!
Болмаса, өздерінен мың жарым шақырым қашықтықта жатқан елдің басына күн туды деп, өз күндерін әупіріпдеп көріп жүрген қарапайым халық бір емес, бірнеше ауыл-аймақ болып шамалары келгенше қаржы жинап, оны өздері барып, өз қолдарымен елге таратып бере ме?! Ерігіп жүрген кім бар? Бар тірлігін тастап, қаншама қаржы жинап шабыла ма?
Бүкіл халық 42500 теңгеге мұқтаж болып қалғанда қарапайым ауыл тұрғындарынан 4 млн теңгеге жуық ақша жинау - оңай емес! Бұл Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы халқы Түркістан облысы Мақтарал ауданының халқының қайғысына шын жүректен ортақ екенінің көрсеткіші! Дәлелі!
Аман бол қазағым! Мақтансаң «Қазақпын!» деп мақтан!
Геройхан Қыстаубаев, Фейсбук парақшасынан