Қазақ тілі қажет және беделді болып келеді - Жұлдызай Форт
2020 ж. 13 наурыз
2097
0
20.07.2010 жылы Өскемендегі Jysan Bank-тың филиалында болған жағдай, кассир маған қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартып: «Егер мұнда сізге ұнамаса, онда басқа кассаға барыңыз!» - деген оқиға мен үшін сәтті аяқталды. Кеше мен бас кеңседен Банк Басқармасының Төрағасы Айбек Қайып қол қойған хат алдым. Шынымды айтсам, мен бірінші рет басшылықтың қазақ тілі мәселесін шынайы түсінгені көрсетілген хат алдым, және таңқаларлық жайт, Айбек Қайып мырзаның Ұлыбританияда білім алғандығы туралы білемін. Айта кету керек, Jysan Bank қазақ тұтынушыларға сапалы қызмент көрсетуді іс жүзінде жасап жатыр - мен 10 жылға жуық Цеснабанк басшылығына қазақ тілінде қызмет көрсету мәселесі туралы хат жаздым, бірақ жағдайды қазақтілді тұтынушылардың пайдасына жақсартуға әрекет жасалмады. Жаңа Jysan Bank басшылығымен мен түсіністік таптым және тиімді түсіністік - менің бірінші хатымды алғаннан кейін, банк басшылығы филиалда бірден қазақ тілі курстарын ұйымдастырды, терминал экранында ақпараттар қазақ және орыс тілдерінде пайда болды, және мемлекеттік тілде талондарды алатын тұтынушылардың саны көбейді. Соңғы оқиға - қазақ тұтынушылардың қажеттіліктерін үнемі ескермейтін Цеснабанктан мұра болған Өскемендегі Jysan Bank филиалын басқармасының кемшілігі. Бұл жолы да Jysan Bank басшылығы мәселені жоғары деңгейде шешті - қазір жұмысқа қабылдау кезіндегі сұхбат мемлекеттік тілде жүргізілуде - алғашқы сұхбат жақында ... Өскемендегі филиалдың директорының кеңсесінде өтті. Мен үшін бұл маңызды жайт! Қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартып, банктің корпоративті қызмет стандарттарын бұзған үшін, кассирмен еңбек шарты бұзылды, қызметкерлерге ҚР тіл туралы заңнамасының ережелерін түсіндіру мақсатында филиал директоры жиналыс өткізді. Және де мемтілді білмейтін операциялық бөлім бастығының орнына қазақ мектебін бітірген екі тілді қызметкер тағайындалды. Жақында 45 дәріхана аумағында тағы бір филиал ашу жоспарлануда, оның ішкі көрінісі қазақтың ұлттық нақышында безендіріледі. Кеше менің өмірімде бірінші рет банктың орыс қызметкері менімен қазақ тілінде сәлемдесті – әрине, бұл Өскемендегі Jysan Bank филиалында болды. Жалпы, талпынсақ, бәрін жасай аламыз! Jysan Bank Басқарма Төрағасы Айбек Қайыпқа және банктің PR-директоры Қуат Домбайға мемлекеттік тілді насихаттаудағы шынайы іс-әрекеттері үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін!
Ж.Н. Форт ханымға Өскемен қ.,
Құрметті Жүлдызай Назарқызы!
«Jysan Bank» АҚ (бұдан әрі - Банк) клиенттерге кызмет көрсету сапасы бойынша кері байланысыңыз үшін Сізге өз ризашылығын білдіреді және келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеді. Клиенттік сервис сапасын жақсартуга немқүрайлы қарамағаныңыз үшін алғыс Шығыс Қазакстан филиалының қызметкері А.М.Самарованың Сізге мемлекеттік тілде қызмет көрсетуден бас тартқанына қатысты, сондай-ақ персоналды іріктеу кезінде қызметкерлердің мемлекеттік тілді білуін тексеру мәселесі бойынша Сіздің 25.02.2020 ж. №ОГ- 110-07/4279 хабарласуыңызға орай келесіні хабарлаймыз: Сізге Шығыс Қазақстан филиалының қызметкері А.М.Самарованың сапасыз қызмет көрсеткенінің расталғанын, кызметкердің Қызмет көрсетудің корпоративтік стандарттарын сақтамағанын хабарлаймыз. Қызметкер А.М.Самароваға тэртіптік шаралар қолданылатын болады; - жүмысқа кабылдау кезінде қызметкерлердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін тексеру мәселесіне келер болсақ, мемлекеттік тілді білу деңгейі тексерілетінін хабарлаймыз. Жекелей алғанда, Шығыс Қазақстан филиалында әмбебап-кассирлер мемлекеттік тілді меңгерген және клиенттерге өздері өтініш білдіріп отырған тілде (мемлекеттік немесе орыс тілдерінде) қызмет көрсете алады. Банк клиенттерге қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қызметкерлердің ғана емес, Банктің барлық кызметкерлерінің мемлекеттік тілді үйренуі, жетілдіруі үшін барлық жағдайлар жасап жатқанын қосымша түрде хабарлағымыз келеді. Мысалы, Шығыс Қазақстан филиалында 2020 жылдың ақпан айында қызметкерлерге мемлекеттік тілді үйретудің 1-модулі аяқталды. 2020 жылдың наурыз айында оқытудың 2-модулі басталады, сонымен қатар түрақты түрде клиенттерге кызмет көрсету деңгейін арттыру бойынша жүмыстар жүргізіледі. Ұлттық дәстүрлерді сақтауға, ең басты кұндылықтарының бірі мемлекеттік тілі болып саналатын, еліміздегі барлық үлттарға ортақ мекен — Қазақстан Республикасының мэдениеті мен кұндылықтарын сактауға бағытталған отандық бренд бола отырып, Банк Сіздің өз өтінішіңізде көтеріп отырған мәселенің маңыздылығын түсінеді. Қазақстан Республикасының «Жеке және занды түлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 12.01.2007 ж. № 221-III Заңының 12-бабына сәйкес өтінішіңіз бойынша дайындалған жауапқа заңнамада белгіленген тәртіпте шағымдану құкығыңыз бар.
Басқарма Төрағасы А. Қайып
Орынд. Багаутдинова К. Ж.