Коронавирус Қазақстанға да жетуі мүмкін - министр
2020 ж. 28 ақпан
1801
0
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус Қазақстанға да жетуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, мұның алдын алу үшін қажетті шаралар қабылданып жатыр.
"Шынымды айтайын, инфекцияның жұғуы медицинаның қаншалықты дамығанына аса байланысты емес. Медицинасы дамыған Жапония, АҚШ, Корея елдерінде инфекциядан зардап шегіп жатыр. Бұл инфекция ауа тамшылары арқылы жұғады", - деді Біртанов.
Министр Қазақстаннан басқа коронавирус жұқтырмаған елдердің бар екенін айтып өтті.
Соңғы деректер бойынша, әлем бойынша 82 мыңнан аса адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Ал қайтыс болғандардың саны 2801 адамға жеткен.