"Дипломат" дауы: Кәсіпкер Абдулғани Беделханның туыстары наразылыққа шықты
2020 ж. 26 ақпан
2226
0
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында бір топ белсенді ҚР Парламенті ғимаратының алдына жиналып, наразылық акциясын өткізді.
Бұған кәсіпкер Абдулғани Беделханның "Дипломат" қонақүйін сатып алып, істі болуы себеп дейді наразы топ.
Жиналғандардың ішінде кәсіпкердің туыстары, журналистер мен белсенділер болды. Олардың басты талабы - бұл іске биліктің назарын аударып, әділеттілікті орнату.
Кәсіпкердің жақындары мен бір топ белсенділер А. Беделханның ҚР Презиеднті атына жазған хатын көрсетті. Онда кәсіпкер өзін алаяқтықтың құрбаны болғанын жазып, Қарымсақов С.И. есімді кәсіпкердің арандатуымен жазықсыз түрмеге қамалдым деп жазған. Аталмыш хат мәтінін белгілі блогер Д. Кривошеев жариялады.
Белсенділердің айтуынша, бұл істе Беделханға жала жабылып, жазықсыз қамалып отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін "Қазақ үні" сайтында "Тек біздің елде МҮЛІК САТЫП АЛҒАНЫҢ үшін ТҮРМЕГЕ қамалуға болатын шығар?!." атты мақала жарияланып, онда аталмыш іске қатысты жайттар баяндалған болатын.
Ескерту! "Қазақ үні" ақпарат агенттігі еркін пікірталас алаңы ретінде кез-келген тараптың ой-көзқарасына құрметпен қарайды. Біз қажет болған жағдайда екінші тараптың да уәжін жариялауға әзірміз.