Нұртай Сабильиянов: Әкем мен анамның өмір жолдары бізге өшпес өнеге
2020 ж. 17 ақпан
3931
0
Әкем Салих тірі болғанда биыл 100 жасқа келер еді. Осыдан 2 жыл 2 ай бұрын,98 жасында,қайтыс болды. Қатты ауырып,төсек тартып жатып қалған жоқ. Ес-түсін білетін,сөйлесіп отыратын,жүріп жүрген.Дегенмен,кәрілік жеңген болу керек. Жақында туған Шыңқожа ауылыма,әке-шешемнің басына барып құран оқытып қайттым.
Әкем Салих Сабилянов 1 қантар 1920 жылы Семей облысы Аягөз ауданының Ленин колхозында (қазіргі Шыңқожа ауылы) дүниеге келген. Аягөз қаласындағы 8 мектепте орта білім алды,онан кейін техникумда оқыды.1940 жылы әскер қатарына шақырылып, Череповец(Россия) қаласында әскери борышын өтеп жүргенде соғыс басталады. Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен бастап,соңына дейін соғыста болған.Ленинград қаласын жаудан қорғауға,Балтық елдерін азат етуге қатысқан.3 рет жараланған.Соғыста аға сержант,пулеметшілер бөлімшесінің командирі болды. "Ұлы Отан соғысы"ордені,"Ленинградты қорғағаны үшін","Ерен ерлігі үшін","Маршал Г.К.Жуков" медальдарымен және басқа да медальдармен марапатталды. Соғыстан кейін де бір жыл Рига қаласында әскери қызметте болды.
1946 жылы елге оралып,еңбекке араласып,ферма басқарушысы,колхоздың партия ұйымының хатшысы,ұжым басқармасы төрағасының орынбасары,11 жыл бойы совхоздың кассирі қызметтерін абыроймен атқарды. 1980 жылы"Еңбек ардагері" медалімен,2015 жылы "Құрмет"орденімен марапатталған.Анам Касенхан Әріпжанқызы екеуі 9 бала тәрбиелеп өсірді. Әкем мен Анам бізге адамгершілікті, адал,қарапайым болуды,біреудің ала жібін аттамауды,қолында бар болса көмектесуді үйретті,соған тәрбиеледі. Олардың өмір жолдары бізге өшпес өнеге.
Нұртай Сабильиянов,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты