Мәкіш Есқараев: Сот Әбішев пен Түкиевті ақтап шығады деп сенім артамыз!
2020 ж. 12 ақпан
2024
0
И.Әбішев пен С.Түкиевтің қылмыстық ісі бойынша сот жарыссөзі кезіндегі адвокат Ескараевтың сөзі
Құрметті сот!
Мемлекеттік айыптаушы өткен сот отырысында, бар болғаны 22 минутқа созылған сөзінде, тағылған айыпты толықтай қолдап, өз позициясын білдірді.
Ішінде ешқандай құқықтық талдау, істің сот отырыстары барысында жаңадан анықталаған жай-жапсарлардың талдауы, іс бойынша барша дәлел-дәйектің толыққанды бағасы, қорғаушы тараптың қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішіне қарсылық пен қарсы дәйек, қылмыстық-процестік заңнамалардың нормаларының бүкіл бұзушылықтары бойынша баға жоқ, 22-ақ минут!
Сот тергеуі барысында, прокурордың өз позициясын сот жарыссөзі барысында білдіретіні жайлы жар салғанына қарамастан, осылай болды.
Прокурордың бүгінгі сөзі – істің ешқандай дәлел-дәйектерімен, қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамалардың нормаларымен бекітілмеген, құқықтық тұрғыдан алғанда түкке тұрғысыз.
Біз, қорғаушы тарап, сот тергеуі барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тарапынан кеткен орасан көп бұзушылықтарға назар аудартқан соң, мемлекеттік айыптаушы ретінде прокурор сотқа жолданған қылмыстық істің тағылған айып бойынша тас талқаны шыққанын мойындайды, сөйтіп мемлекеттік айыптаушы айыптан бас тартып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері жасаған қылмыстың жай-жапсарын анықтауға кіріседі деген негізді үміт болып еді!
Бірақ, өкінішке орай!
Заңның дәл де бірыңғай қолданылуын қамтамасыз етуші жоғары қадағалаушы орган азаматтарды заңсыз қылмыстық қудалаудан қорғауды қамтамасыз етуде дәрменсіз екенін көрсетті!
Құрметті сот!
Енді әділ шешім шығарудың бүкіл жауапкершілігі мен салмағы Сіздің мойныңызда!
Басыңызға түскен жағдайдың ауырлығын түсіне және сезіне отырып, ең әуелі, Сіздің ар-ожданыңызға үміт етіп, мемлекеттік айыптаушыдай болмай, Әбішев пен Түкиевті тағылған айыптан ақтап шығады деп сенім артамыз!
Осы үшін Сіздің назарыңызды осы қылмыстық істің ақиқатына аударуға рұқсат етіңіз!
Құрметті сот!
Әбішев пен Түкиевті тек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің процессуалдық бұзушылықтары негізінде ғана ақтап шығуға болады. Бірақ Әбішев пен Түкиев өздеріне тағылған қылмыстар бойынша айыпты ма?, - деген бір қарапайым сұрақ туындайды.
Көп адамдарда процессуалдық құқықтың талаптарын орындай алмаған бір әлсіз қызметкердің кесірінен, аса ауыр қылмыс бойынша айыпталып жатқан адамдарды ақтауға болады ма?, - деген сұрақ туындауы мүмкін. Әрине, болады және ақтау керек те! Сонда «ал, әділет ше?» деген бір қарапайым сұрақ қалады.
Міне, сондықтан, Құрметті сот, Әбішев пен Түкиев, тек процессуалдық бұзушылықтар негізінде ғана емес, айыптау актісінде көрсетілген қылмыстарды жасамағаны мен кінәсіздігі үшін де ақталуы тиіс.
Айыптау актісінде көрсетілген жасалған-мыс қылмыстың жай-жапсары қолданыстағы қылмыстық заңнамалар бойынша да, сау ақылға салып қараса да, ешқандай сын көтермейді.
Прокурор жарыссөз барысында сотты жасалған қылмыстың жай-жапсары туралы хабардар қылмай, бәрі айыптау актсінде көрсетілген, - деп оған тоқталуды қажет деп таппады.
Ал біз, Құрметті сот, Сіздің назарыңызды тап осы айыптау актісіне және онда көрсетілген қылмыстық қудалау органының қарама-қайшылықты тұжырымына аударғымыз келеді:
Сөйтіп, қылмыстық қудалау органының позициясы бойынша, ҚР АШМ СРК төрағасы болған кезінде И.А. Әбішевте, шамамен 2018 жылдың қазан айының ортасында Комитет пен «El Construction» ЖШС арасында 26.09.2018ж. түзілген №38 келісім шарты біржақты бұзылатынын біле тұра, конкурс бойынша екінші жеңімпаз ретінде танылған «Казбайлық Астана» ЖШС-нен мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін аса ірі мөлшерде пара алу қылмыстық ойы туындаған.
Қылмыстық қудалау органының тұжырымы бойынша, пара шарттың сомасының 4-5%-н құрауы, яғни 250 млн.теңге болуы тиіс болған.
Бұл 250 млн. теңгенің И.Әбішев өзіне 60 млн теңгесін қалдыруы, ал А.Шаймерденов 190 млн. теңгені алатын болған.
А.Шаймерденов бұл қылмыстық жоспарға, оның «Қазбайлық Астана» ЖШС өкілдерін, атап айтқанда А.Мәкішевті жақсы танитынын И.Әбішев білгендіктен тартылған.
Құрметті сот!
Әуелі, осы ахуалды талқылап алайық, өйткені оның кейінгі жай-жапсарлар үшін үлкен мәні бар және тұтастай алғанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлерінің арандату-айдап салуын түсіндіруге негіз болып табылады.
Мен тек қана фактілерге сілтеме жасайтыныма, назарларыңызды аударамын!
Бірінші факт:
Шындығында, 2018 жылдың 17 қазаны күні ҚР АШМ СРК «El Construction» ЖШС-не келісім-шартты бұзу жайлы хат жолдады және кейін шарт күшін жойды.
Екінші факт:
ҚР АШМ СРК және «Қазбайлық Астана» ЖШС арасында 2018 жылдың 14 қарашасында жалпы сомасы 5,9 мрлд құрайтын №42 шарт жасалды. Себебі, «Қазбайлық Астана» ЖШС - ҚР «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сай екінші жеңімпаз, сондықтан ҚР АШМ СРК бірінші жеңімпазбен шарт бұзылған жағдайда, онымен шарт жасауға міндетті.
Үшінші факт:
Айыптау тарапының пікірінше, И.Әбішевте «Қазбайлық Астана» ЖШС-нен жоғарыда аталған шарты жасағаны үшін аса ірі көлемде пара алу ниеті пайда болған. Бұл үшін ол аталған компанияның өкілдерімен жақсы қарым-қатынаста екені өзіне мәлім А.Шаймерденовты тартқан.
Мынаған назар аударайық:
И.Әбішев параны «Қазбайлық Астана» ЖШС басшылығынан талап етеді, ал А.Шаймерденов - бұл эпизод бойынша пара беру мен алу бойынша делдал.
Бұған қоса, осы делдалдығы үшін А.Шаймерденов сомасы 190 млн.теңге құрайтын пайда табуы тиіс болған.
Екіншіден, И,Әбішевке телінуі тиіс параның сомасы 60 млн.теңге емес, 250 млн теңгені құрауы керек.
Параны беруші - «Қазбайлық Астана» ЖШС иесі Төлегенов немесе осы Серіктестіктің басшысы Малгаждаров болуы тиіс.
Сонымен, Әбішев – пара алушы, Шаймерденов – делдал, Төлегенов пен Малгаждаров – пара берушілер.
Әркімнің қылмыстық әрекеттердің осылай таратылып, бөлінуі – И.Әбішев жасаған қылмыстық жоспар болар еді.
Алайда, сот тергеуі барысында үшінші факт расталмады.
Айыптау тарабының куәгері А.Шаймерденов сотта жауапталу барысында И.Әбішев оның «Қазбайлық Астана» ЖШС өкілі А.Мәкішевпен таныс екені жайлы білмегенін айтты.
«Қазбайлық Астана» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу шартын жасау үшін пара алу схемасын И.Әбішевке ол өзі ұсынды.
Ол жауапталу барысында, шамамен 2018 жылдың қазан айының ортасында И.Әбішевтің оны «Дипломат» отеліне кездесуге шақырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке осыдан кейін арыз жазбауын сұрағанын айтады.
Өз кезегінде, жауапталу барысында А.Шаймерденов 2014 жылы И.Калыбеков арқылы И.Әбішевке «СМП-610» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 1 млн АҚШ долларын пара ретінде бергенін көрсетеді. 2018 жылы СРК аталған серіктестікпен бұл келісім-шартты бұзған
Осы үшін оған СРК-ң тапсырыстары бойынша қандай да бір жұмыстарды қарап, таңдап алуды ұсынылған. И.Әбішев осылайша оған бұрынырақ алынған 1 млн.теңге параны қайтарып беруге ниеттеңген.
А.Шаймерденов, өз кезегінде, ҚР АШМ СРК-ң «El Construction» ЖШС-мен шартты бұзғысы келетінін біліп, И.Әбішевке «Қазбайлық Астана» ЖШС-мен шарт жасауды және осы шартты жасағаны үшін 250 млн.теңге пара алуды ұсынған. Бұл соманың 190 млн. теңгесін бұрынырақта берілген параның қайтарымы ретінде өзінде қалдырады.
И.Әбішев оның А.Мәкішевті жақсы танитындығын білді ме?, - деген сұраққа А.Шаймерденов «И.Әбішев бұны білген жоқ және «Қазбайлық Астана» ЖШС-нен пара алу идеясы өзінен шыққаны жөнінде нық жауап берді.
И.Әбішевтің өзі бұндай әңгіме болғанын жоққа шығарады. Ол өз жауабында «СМП-610» ЖШС-ң аяқталмаған жұмыстары үшін А.Шаймерденовтың өзіне 100 млн теңге аударуды өтінгенін, алайда жұмыстың аяқталмауына байланысты «Есиль Су» өкілдерінің қабылдау актісіне қол қоюдан бас тартқанын көрсетті.
Бұған қоса, «Сапар» есімді куә ретінде жауапталған И.Әбішевтің жүргізушісі көшеде И.Әбішев пен А.Шаймерденовтың арасында пара туралы ешқандай әңгіме болмағанын көрсетті.
Құрметті сот, осылайша айыптау тарабының И.Әбішев «Казбайлық Астана» ЖШС-нен пара алуды шешіп, қылмыстық ойын іс жүзінде жүзеге асыру үшін А.К. Шаймерденовты «Дипломат» мейрамханасына шақырған деген бірінші тұжырымы расталмады.
Қылмыстың субъектив жағын ашудың басы болып табылатын осы жай-жапсар бойынша, өкінішке орай, прокурор ешқандай баға берген жоқ.
Бұған қоса, қылмысты жасаудың бастамашысы өзі екенін А.Шаймерденов сот барысында көрсетті.
Ең бастысы, А.Шаймерденовтың көрсетуі бойынша, И.Әбішевтың қылмыс жасау мотивы - «СМП-610» ЖШС-мен жасалған келісім-шартты бұзуына орай, бұдан бұрын пара ретінде алған Шаймерденовтың 1 млн.АҚШ долларын қайтару.
Бұл жай-жапсарлар істің мән-жайын анықтауда орасан зор мәнге ие, өйткені А.Шаймерденов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан И.Әбішевті қылмысқа арандату-айдап салу белгілері байқалады.
Құрметті сот!
Қылмыстық қудалау органы анықтаған жай-жапсарлар қылмыстық істің материалдарымен еш дәлелін таппаған.
Қылмыстық қудалау органының тұжырымы бойынша, А.К.Шаймерденов Комитет төрағасы И.А.Әбішевтің аса ірі мөлшерде пара алу туралы талабын «Қазбайлық Астана» ЖШС-нің басшыларының танысы А.К.Мәкішевке, ал ол өз кезегінде «Казбайлық Астана» ЖШС-нің меншік иесі А.Б.Төлегеновке жеткізген.
14.11.2018ж. Комитет пен «Казбайлық Астана» ЖШС-нің араларында жалпы соммасы 5 980 598 463 теңге болатын «Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданында Соколов топтық су құбырын қайта жаңарту және қосылған ауылдық елді мекендердің тарату желілерін салу, II-кезек» құрылысы бойынша №42 келісім шарт түзілген.
А.Б.Төлегенов И.А.Әбішевтің Комитет төрағасы ретінде жоғарыда түзілген келісім шарт бойынша қандай да бір қызметтік кедергілер жасауы мүмкін деген оймен, оның аса ірі мөлшерде пара талап ету қылмыстық әрекетіне келіскендей сыңай білдіріп, бірақ шын мәнінде аса ірі мөлшерде пара беру қылмыстық ойы болмаған.
ЖОҚҚА ШЫҒАРУ!
СРК мен «Қазбайлық Астана» ЖШС арасында келісім шарт жасалып қойған және бұл кезде Төлегенов Әбішевке ешқандай пара бермеген.
Айыптау тарабының И.Әбішев мемлекеттік сатып алу бойынша келісім-шарт жасағаны үшін пара талап етті дегені, осыдан-ақ, расталмайды.
Тендер нәтижесі бойынша «Қазбайлық Астана» ЖШС екінші жеңімпаз болып табылған, сондықтан мемлекеттік сатып алу заңына сай, И.Әбішев мемлекеттік сатып алу шартын түзуге ешқандай құқықтық және әкімшілік кедергілер жасай алмайды.
Қылмыстық қудалау органы айыптау актісінде де, И.Әбішевтің іс-әрекеттерін саралау қаулысында да Әбішевтің 14.11.2018 жылы, яғни келісім-шартты түзу сәтінде Төлегеновтің аса ірі көлемде пара беруге келісімін алғаны туралы ештеңе көрсетілмеген.
Бұған қоса, И.Әбішевке А.Төлегеновтың өзіне пара бергісі келгенін қалай белгілі болғаны туралы түк те көрсетілмеген.
А.Төлегеновтың жауабына қарасақ, оның И.Әбішевке пара беретін ниеті болмаған, А.Мәкішевке ол арқылы И.Әбішевке пара беруге ешқандай келісім бермеген, А.Шаймерденовты мүлде білмейді.
А.Мәкішев сотта ақшаға ешқандай қатысы жоқтығын көрсетті. Оның міндеті - тек Шаймерденов пен А.Төлегеновты таныстыру ғана болған.
Оның компаниясы мен «Қазбайлық Астана» ЖШС арасында консорциум туралы келісім-шарт бар, және осы компаниясы кіші әріптес болғандықтан, «Қазбайлық Астана» ЖШС жеңімпаз болып танылған жағдайда, оның компаниясы бар болғаны «Қазбайлық Астана» ЖШС-ң қосымша мердігері болатын еді. Оның бұл жауаптары, қылмыстық материалдарына қосылған келісім-шартпен, толық расталады.
А.Шаймерденов жауабында А.Төлегеновты жеке танымайтынын көрсетеді.
Сондай-ақ, А.Шаймерденов пен А.Мәкішевтің арасындағы ЖТӘ-1,2 нәтижелерін талдау, қылмыстық қудалау органының «А.Төлегенов пара беруге жиналған сыңай танытты» деген тұжырымын растамайды.
Осылайша, бұл мән-жай – бар болғаны қылмыстық қудалау органының болжамы ғана.
Осыған орай, негізге тек қана фактіні алу керек. Бұл жерде факт - – Төлегеновтың де, Малгаджаровтың да мемлекеттік сатып алу келісім-шартын жасағаны үшін Мәкішев пен Шаймерденов арқылы Әбішевке пара бермегені.
Осылайша, біз ықтимал пара беруші пара беруден бас тартты, - деген қарапайым қортындыға келеміз! Яғни, ешқандай қылмыс жоқ!
Пара алу қылмысының құрамы үшін, міндетті түрде, параны, яғни қандай да бір пайда көру үшін бұл қылмыстың субъектісіне өз ақшасын беретін пара беруші болуы керек.
Егер пара беруші пара беруден бас тартса, ҚР ҚК 366 бабымен қарастырылған қылмыс болуы мүмкін емес.
Бұл айдан анық жайт!
Сондай-ақ, соттың назарын қылмыстық қудалау органының тұжырымына сай, А.Төлегенов әлі де пара беруші ретінде қалғанына аударамын.
Құрметті сот!
Қылмыстық қудалау органы, әрі қарай, қиялына бұрынғыдан бетер ерік береді.
И.А.Әбішев 2018 жылдың қараша айының шамамен соңына қарай, «Қайнар» бизнес-орталығына А.К. Шаймерденовті шақырып, өзінің «Казбайлық Астана» ЖШС-нен аса ірі мөлшерде пара ретінде талап еткен ақшасы туралы сұрастырған.
Өз кезегінде А.К.Шаймерденов, И.А.Әбішевпен «Казбайлық Астана» ЖШС-нен аса ірі мөлшерде пара ретінде талап еткен ақшасы соңғылармен дайындалып жатқаны туралы жеткізген.
И.А.Әбішев 2018 жылдың желтоқсан айының шамамен ортасында, «Rixos President Astana» қонақ үйіне А.К. Шаймерденовпен бірге жұмыс атқаратын А.О.Жампозовты шақырып, одан А.К. Шаймерденовтің жеке басы туралы сұрастырған және сол арқылы «Қазбайлық Астана» ЖШС-нен келісім-шарт түзгені үшін пара алуға жиналып жатқанын айтқан.
Құрметті сот!
ЖТТ басшысы А.Аташевтің логикасы адамды таң қалдырады, фантазиясы шексіз екен!
Дегенмен, мен Сіздің назарыңызды келесі фактілерге аударғым келеді.
Тіпті, егер И.Әбішев пен А.Шаймерденов «Қайнар» бизнес орталығында кездескен болса да, тіпті И.Әбішев, А.Шаймерденов жайлы, оның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке арыз жазғанынан бір ай бұрын, 2018 жылдың қарашасының соңында сұрастырған болса да, А.Шаймерденовтың «Қазбайлық Астана» ЖШС пара ретінде ақша дайындап жатыр, - дегені не сөз?
А.Шаймерденовтың, жоғарыда аталған жай-жапсарды растаған, бұл айғақтарына төмендегі негіздер бойынша сыни көзбен қарау керек.
Төлегеновтің ешқандай пара беру ниеті болмаған, сондықтан ол ақшаны жинаудың да еш қажеті болмаған.
Малгаждаров та ары қарай И.Әбішевке беру үшін пара дайындау фактісін жоққа шығарады.
Төлегенов пен Шаймерденовтың арасын жалғаушы ретінде жауапталған А.Мәкішев те бұл фактіні растамайды.
Яғни, бұл жай-жапсар шындыққа жатпайды.
И.Әбішевтің А.Жампозовты шақырып алып, одан А.Шаймерденов туралы сұрастырған, А.Жампозовқа А.Шаймерденов арқылы «Қайзбайлық Астана» ЖШС-нан пара алғысы келетінін айтты, - деген екінші тұжырым, тіпті, адамның күлкісін келтіреді.
Бұл тұжырымды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында толтырылған А.Жампозовты жауаптау хаттамасынан алып жасаған.
Құрметті сот, алайда бұл хаттамалар іс бойынша дәлел ретінде жарамсыз деп танылуы қажет.
Сот отырыстары барысында Жампозов бұл хаттамаларда көретілгендердің біреуін де айтпағанын және ол хаттамаларда не жазылғанын да білмейтінін көрсетті.
Оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері тарапынан қысым көрсетілген.
А.Жампозовтың бұл хаттамалардың мазмұнын білмеймін де көрсеткендері келесілермен расталады.
Сотқа А.Жампозов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері Ж.Исмагуловтың арасындағы мессенджердегі хат алмасуының скриншоттары берілді, оның мазмұнына қарасақ, Жампозовқа оны жауаптаудың үш хаттамасы мен көзбе-көз жүздестіру хаттамасы Ж.Исмагуловпен осы мессенждер арқылы жіберілген. Себебі А.Жампозов оларға хаттамаларда не жазылғанын білмейтінін айтқан.
Оның көрсетуі бойынша, оны бұл ЖТТ басшысы А.Аташевке, осы А.Аташев бұған сотқа барып, онда осы өзін жауаптаған хаттамаларға сай жауап бер дегенде айтқан.
Жампозов сол кезде оған хаттамаларда не жазылғанын білмеймін, - деген. Содан соң, оны телефонына «Whats app» мессенджері бойынша Ж.Исмагуловтың телефон нөмірінен оны жауаптау хаттамалары түскен.
Бұл Жампозовтың ол хаттамаларда не жазылғаны жайлы мүлде хабарым жоқ дегенін растайды. Бұл жай-жапсар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлеріне анық белгілі болған, олар Жампозовтың айғақтары, өздерімен қолдан бұрмаланып жасалғанын біле отырып, бұл хаттамалардың көшірмелерін жолдаған.
Әйтпесе, оларға Жампозовтың бұл айғақтарды сотта қайталауы үшін осыншама күш салып не қажеті бар.
Бұған қоса, Исмагулов Жәрдем сол хат алмасуда Жампозовқа қысым көрсетіп, оған «Шық! Еркектер сияқты сөйлесейік!», - деген.
Құрметті сот, Жампозовтың көрсетуі бойынша, оның тергеуші Идрисовке берген өзі шынайы деп танитын бастапқы жауаптарын, сол кездегі ЖТТ басшысы А.Агибаев көзінше жыртып тастап, жаңа хаттама толтыртып, оны қылмыстық іске тартам деп қорқытып, қол қоюға мәжбүрлегенін есіңізге салғым келеді.
Бұл жайт Жампозовты жауаптау хаттамасында, жауаптауды Идрисов жүргізіп, соңында қолды Агибаев қоюуымен расталады.
Осылайша, Жампозовтан жауап алу хаттамасының бұрмалануы, оның сот тергеуі барысындағы айғақтарын негіз ретінде алуға мәжбүрлейді. Ал сот тергеуі барысында А.Жампозов И.Әбішевтің оған А.Шаймерденов арқылы «Казабайлык Астана» ЖШС-нен пара алуға жиналып жатқаны жайлы айтқаны туралы даулы тұжырымды түгелімен жоққа шығарады.
Шыны керек, тіпті тергеумен баяндалған жай-жапсарлардың өзі бойынша жасалған бұл тұжырымдар адамды қатты аң-таң қалдырады.
И.Әбішев Шаймерденовке өзінің пара беру туралы талабын жеткізуді қазан айының ортасында тапсырады, ал Жампозовпен 2018 жылдың желтоқсанының ортасында, яғни екі айдан кейін ақылдасады.
Ешқандай ақылға сыймайтын шешім.
Құрметті сот!
Қылмыстық қудалау органының келесі тұжырымдары бұрынғысынан бетер сорақы.
Сөйтіп бұл кездесуден соң, И.Әбішев қылмыстың ізін жасыру ниетімен ақшаның бір бөлігін «Қазақша Күрес» Дүниежүзілік Федерацияның Вице-Президенті С.А. Тукиевтің көмегімен алуды шешкен. Бұған С.Түкиев өз келісімін берген.
2018 жылдың желтоқсан айының шамамен ортасына дейінгі уақытта, И.А.Әбішев «Rixos President Astana» қонақ үйінде, А.К. Шаймерденовке 60 млн.теңгенің 10 млн.теңгесін С.А.Тукиевке беруді тапсырған.
Бұдан кейін 2018 жылдың 14 желтоқсаны күні «Монако» мейрамханасында И.Әбішев өзіне А.Шаймерденовты шақырып алып, одан С.Тукиевке 10 млн.теңгені шұғыл беруді тапсырған.
2018 жылдың 21 желтоқсаны күні А.К.Шаймерденов И.Әбішевтің өзін қылмысқа итермелеп жатқанын нақты ұғынып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне арызданған.
Құрметті сот!
А.Аташевтің бұл тұжырымына қалай сенуге болады?
Әбішев не себептен С.Түкиев 60 млн.теңгенің тап осы 10 млн.теңгесін алуға көмектеседі деп шешкен? Бұл неге байланысты? Бұл қалай жасалған қылмыстың ізін жасыру болып бағалана алады?
Бұл қортынды – түгелімен С.Түкиевті қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тарту үшін жасалған жорамал..
Келесі фактілерге назарларыңызды аударамын.
А.Шаймерденов өз айғақтарында оның ұялы телефонына 2018 жылдың 14 желтоқсаны күні бірінші болып С.Түкиев қоңырау шалып, 10 млн.теңге туралы сұрағаны туралы көрсетеді.
А.Шаймерденовтың бұл айғақтары шынайы фактілермен және С.Түкиевтің айғақтарымен жоққа шығарылады.
А.Шаймерденов пен С.Түкиевтің абономент нөмірлеріндегі кіріс және шығыс қоңырау шалынуларды детализациялау 14 желтоқсан күні түс мезгілінде А.Шаймерденовтың С.Түкиевке қоңырау шалғанын көрсетеді.
С.Түкиев оған біреудің қоңырау шалып, Федерацияның демеушісі болуға ықтияр екенін білдіргенін көрсетеді.
С.Түкиевтің айғағы бойынша, 2018 жылдың 14 желтоқсаны күні «Монако» мейрамханасында А.Шаймерденов демеуші болуға өзі ықылас білдірген және қажетті 8 млн.теңгенің орнына, осы өзі 10 млн. теңге ұсынып, бұл жайлы И.Әбішевке хабардар қылуды өтінген.
Бұл айғақты осы әңгіме барысында қастарында болған куә ретінде жауапталған Карамулина Шынар растайды.
И.Әбішев те С.Түкиевтің А.Шаймерденовтың демеуші болуға шешім қабылдап, Федерацияға 10 млн.теңге бергісі келді деген айғағын растайды.
Енді мына жайттарға назарларыңызды аударыңыздар.
И.Әбішевтің айғағынан А.Шаймерденовтың бұл шараға Жампозов арқылы Әбішевті «Барыс» орденімен марапатталуымен құттықтауға баруға сұранғаны туындайды.
Әбішев, Түкиев, Жампозов және Ш.Карамулинаның айғақтары А.Шаймерденовтың жайырақ келгенін, сөйтіп И.Әбішевтің оған акогольдың үлкен дозасы «штрафной» ретінде құйылғаны жайлы айғағын растайды. А.Шаймерденов спирт ішімдігін қабылдаған соң, әжептәуір қызып қалған.
Бұл жайтты А.Шаймерденов жоққа шығармайды.
Яғни, А.Шаймерденов шақырылған қонақ емес.
А.Шаймерденов 10 млн.теңгеге демеуші болатынын айтып, дастарханнан бірінші болып кетіп қалған.
Осыдан кейін, ол сағат 22:42-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері Андасов Арланға қоңырау шалып, онымен 118 секунд сөйлескен.
А.Шаймерденовтың айғақтарынан оның Андасов Арланды танымайтыны және оған ешқашан қоңырау шалмағаны туындайды.
Андасов Арлан А.Шаймерденовты танитынын және ол өзіне «Есиль Су»-дың лауазымды қызметкерлеріне қатысты қоңырау шалғанын айтады.
А.Жампозов пен Бердибаев Тимур сотта А.Шаймерденовтың Андасов Арланды «СМП-610» офисіне алып келіп, оны ұжыммен заңгер ретінде таныстырғанын, оның бұларда тегін жұмыс істеп, көмектесетіні туралы айтқаны жайлы айғақтайды. Сондай-ақ, Андасов пен Шаймерденовтың достық қарым-қатынаста екені айтады. Жампозов оны 4-5 рет «СМП-610» ЖШС офисінде және 2019 жылы 2 рет: бір рет – Керей-Жәнібек хандар көшесінде орналасқан «Номад» жанармай бекетінде, екінші рет - 2019 жылдың 15 наурызында «Керуен» ССК, «Мороно Россо» кафесінде көрген.
Ал енді не үшін Шаймерденов Азамат сотта А.Андасовты танымаймын деп өтірік айтты?, - екен деп ойланып көрейік.
Шаймерденов пен Андасовтың арасында жалпы саны 53-ті құрайтын кіріс-шығыс қоңырау шалу болған, оның 49-ында Шаймерденов Андосовқа қоңырау шалған.
Бұндай белсенді «қоңыраулату» 16 қазан мен 21 желтоқсан аралығында орын алғанын, яғни айыптау тарабының И.Әбішев «Қазбайлық Астана» ЖШС-нан пара алуды шешті деген күннен басталып, А.Шаймерденов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке арыз жазған күнге дейін жүргенін ескерейік.
Өмірде бұндай сәйкестік болмайды.
2018 жылдың 14 желтоқсанынан бастап, Шаймерденов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлерімен Әбішевті пара алуға арандату-айдап салудың белсенді фазасы басталады.
Бұл А.Шаймерденовтың С.Түкиев пен И.Әбішевті жаңылыстыра отырып, Федерацияға 10 млн.теңге көлемінде демеушілік көмек жасауды уәде етуім
Кейін бұл 10 млн теңге екі траншпен: біріншісі 27 күн өткен соң – 1,5млн теңге көлемінде, екіншісі 67 күн өткен соң – 8,5 млн теңге көлемінде берілді.
Құрметті сот!
Айыптау актісін әрі қарай зерттеген, қылмыстық құқықпен жұмыстанып жүрген, аз да болса талдау жасауға қабылетті кез келген заңгер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің С.Әбішев пен С.Түкиевке қатысты әрекеттері - айдап салушылық-арандатушылық деген тұжырымға бірден келеді.
Айыптау актісіне сай, 10.01.2019ж. жергілікті уақыт «15» сағат шамасында Ұлы-дала көшесінің бойында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлерімен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында, С.А. Тукиев пен И.А. Әбішевтің талап еткен аса ірі мөлшердегі параны алу қылмыстық әрекетіне жәрдемдесуді іс жүзінде жүзеге асыру мақсатында, пара беруші қылмыстық әрекетті имитациялаушы А.К. Шаймерденов арқылы талап еткен параның бір бөлігін, яғни 1 500 000 теңге параны қолма-қол алған іс-әрекеті құжаттандырылған.
Мына жайттарды талдап алайық:
Түкиевке берілген 1,5 млн.теңге - И.Әбішев «Қазбайлық Астана» ЖШС басшылығынан талап еткен пара. Қалай болғанда да, айыптау актісінде осылай көрсетілген.
Онда С.Түкиевке берілген бұл 1,5 млн.теңге - Қазбайлық Астана» ЖШС басшылығына тиісті қаражат болуы керек.
Алайда біз Төлегенов пен Малгаджаровтың ешқандай пара бермегенін және тіпті беруге ниеттенбегенін де білеміз.
Сөйтіп, 1,5млн.теңге оларға тиісті емес. Айыптау тарабының пікірінше И.Әбішев параны осылардан талап еткен. Төлегенов пен Малгаджаров Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінбеген.
Қылмыстық іс материалдарына сай 1,5 млн.теңге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен А.Шаймерденовке келесі прапорцияда тиесілі: 1 450 000 теңге –Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтікі, 50 000 теңге – А.Шаймерденовтыкі.
Бұған қоса, бұл жерде А.Шаймерденов – қылмыстық әрекетті имитациялаушы тұлға. Ал кімнің қылмысын имитациялап тұрғанын А.Аташев әзірше жазған жоқ. Жоғарыда аталған жай-жапсарларды ескерсек, А.Шаймерденов - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінген делдал.
Осы жерде А.Шаймерденов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке оларға негізді түрде кінә артатын сұрақ туындайды.
Егер пара беруші пара бермесе, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен А.Шаймерденов ақшаны пара ретінде не үшін қолданды?
А.Шаймерденов бұл - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлерінің шешімі, - деп жауап берді.
Исмагулов Жардем сотта бұл - жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығының шешімі, - деп жауап берді.
Енді, фактілерге жүгінейік:
Айыптау тарабының версиясы бойынша, И.Әбішев параны 2018 жылдың қазан айынан бастап талап ете бастаған. А.Шаймерденовтың айғағына сай, ол бұл туралы бірден А.Мәкішевке хабарлаған. Талап етілген параның сомасы 250 млн теңге болған.
Зер салыңыз! Талап етілген пара сомасының тек 0,6%-н құрайтын және «Қазбайлық Астана» ЖШС-на тиесілі емес бірінші транш 3 ай дерлік уақыт өткен соң, яғни 2019 жылдың 10 қаңтары күні беріледі.
А.Шаймерденов С.Түкиевке бұны өз ақшам, - деп, алажақтарым қайтпай жатыр, сондықтан жайлап беріп жатырмын, - деп береді. Қалған ақшаны алажақтарымды жинаған соң беремін, - дейді.
Құрметті сот, бұл ақшалай қаражат тап сол күні, яғни 10.01.2019ж Федерацияның кіріс-кассалық ордеріне сай А.Шаймерденовтың демеушілік көмегі деп рәсімделгеніне назар аударуыңызды сұраймын.
Айыптау актісінің тұжырымдарына ары қарай көз жүгіртелік.
10.01.2019ж. ҚР АШМ Су ресурстары комитетіне 2019ж. арналған Республикалық бюджеттің қысқаруына байланысты тиісті ұсынулар беру туралы хат келіп түскен.
20.01.2019ж. «Рэдиссон» қонақ үйінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлерімен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында И.А. Әбішев, С.А. Тукиев және пара беруші қылмыстық әрекетті имитациялаушы А.К. Шаймерденовтың арасында И.Әбішев мемлекеттік сатып алу келісім-шартын жасағаны үшін «Казбайлық Астана» ЖШС параның бүкіл сомасын 2019 жылдың 1 ақпанына дейін жеткізуді талап еткен әңгімесі тіркелген.
Хаттың түскенін пайдаланып, И.А. Әбішев Республикалық бюджеттің қысқартылуының Комитетке ешқандай қатысы жоқтығын біле тұра, өзімен алдын аса ірі мөлшерде талап еткен параны толығымен алу мақсатында, «Казбайлық Астана» ЖШС-нің заңды мүдделеріне залал келтіруі мүмкін әрекеттерді жасаймын деп, оларға 28.01.2019ж. №18-3-1-169-КВР хатымен Республикалық бюжеттің қысқартылуы күтілуіне байланысты 14.11.2018ж. түзілген №42 келісім шартқа қосымша түзілетін келісім шарт уақытша тоқтатыла тұратыны туралы хабарлап, пара берушіні қорқытып, «Казбайлық Астана» ЖШС-нің басшыларын өзіне аса ірі мөлшерде пара беруге мәжбүр болатындай жағдайға қасақана қойған.
Қылмыстық қудалау органының бұл тұжырымдарын талқыға салайық!
Шынында да, қылмыстық істің материалдарына сай, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бюджеттің қысқартылуы мүмкіндігі туралы хаты бюджеттің барлық әкімгерлеріне, соның ішінде ішіне СРК құрылымдық бөлімше ретінде кіретін Ауылшаруашылық министрлігіне де келген.
Яғни, бұл хат СРК-не де жолданған.
Бұл хат СРК-не де келіп түсті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен мемлекеттік айыптаушының пікірінше бұл секвестрдің еш қатысы жоқ, себебі СРК облыстық әкімияттармен байланысты трансферттер бойынша өз ұсыныстарын берген. «Соколов су құбыры, 2 кезек» бұл тізімге кірмейді.
Алайда, бұл жайт мына негіздер бойынша оп-оңай күл-талқаны шығады.
2019 жылдың қаңтарында екі жаңа құрылыс болды, біреуі - «Соколов су құбыры, 2 кезек», екіншісі «Баймен» ЖШС-мен байланысты.
Сондықтан, егер бюджеттің қысқартылуы күтілсе, ең әуелі осы аталған құрылыстардың қаржыландырулары қысқарады. Бұл тұжырым, бюджет қаражатын тиімді пайдалану тұрғысынан алғанда, негізді болып табылады.
Бұған қоса, аталған жайтты СРК қызметкерлері, жауап алынған куәгерлер: Жаканбаева А., Иламанова А., Рахимбаевой А., Турарова Д. и Сарсекеева С растайды.
Куәгерлердің осы айтылғанға қатысты айғақтарын И.Әбішев те растайды.
Шынайы мән-жайдан 21.01.2019ж «Қазбайлық Астана» ЖШС-ң ҚР АШМ СРК-не жазған «қашан қосымша келісім-шарт жасалады, банктык кепілді дайындап қою үшін, қандай сомаға?» деп сұраған хаты туындайды.
ҚР АШМ СРК 28.01.2019 жылғы жауабында СРК бюджет секвестрі мәселесі шешілгенше, қосымша келісім-шартты жасаудан уақытша тартына тұрады деп көрсетеді.
Және бұл жерде №42 келісім-шартқа сай 2019 жылы бюджеттен 1,3 млрд.теңге бөлінгенін атап көрсетеді.
Сөйтіп, шын мәнінде, И.Әбішев арқылы СРК «Қазбайлық Астана» ЖШС-ң басшылығын қорқытпайды, керісінше әзірше олар дайындалып қоймасын және автокөлік, жұмысшыларды жалдау сықылды керек емес шығындарға ұшырап қалмасын деп сақтандырады.
Осы жағдайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бұл хатты жолдау арқылы И.Әбішев «Казбайлық Астана» ЖШС-нің басшыларын өзіне аса ірі мөлшерде пара беруге мәжбүр болатындай жағдайға қасақана қойған деген тұжырымы адамды таң қалдырады.
Бұндай жағдайда сотты А.Төлегеновтың айғағына назар аударуды сұраймын.
Төлегеновке қойылған «№42 келісім-шартқа қосымша келісім-шарт жасау барысында қандай да бір кедергі болды ма?» деген тура сұраққа, Төлегенов ешқандай кедергі болған жоқ, - деп жауап берген. Оның үстіне, қосымша келісім шарт портал бойынша түсті, - деп қоса айтты.
СРК мен «Қазбайлық Астана» ЖШС арасындағы қосымша келісім-шарттың өзі 19.11.2019 жылы түзілді. Осы сәтке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара ретінде тек 1,5 млн.теңгені ғана берді.
Менің «ықтимал секвестр туралы хатты шынайы қауіп ретінде қабылдадыңыз ма?», - деген тура сұрағыма Төлегенов «жоқ» деп тура жауап берді. Ол арамызда келісім-шарт бар, бұл шарт орындалмай жатса, СРК-ң әрекеті үшін сотқа жүгіне алар едік, - деді.
20.01.2019 жылы И.Әбішев, С.Түкиев және А.Шаймерденов «Рэдиссон» отелінің «Cigara bar»-да кездескен.
Қылмыстық қудалау органының тұжырымына сай, бұл кездесуде И.Әбішев А.Шаймерденовтан «Казбайлық Астана» ЖШС параның бүкіл сомасын 2019 жылдың 1 ақпанына дейін беруін талап еткен-мыс.
Біз бәріміз ЖТӘ-1 нәтижесін қарап шықтық. И.Әбішев, С.Түкиев және А.Шаймерденовтың арасындағы бүкіл әңгіме тек А.Шаймерденовтың Федерацияға демеушілік ретінде уәде еткен 10 млн.теңге туралы ғана болған.
Бұл жерде И.Әбішев А.Шаймерденовке «Қазбайлық Астана» ЖШС-ң оны сатып алғаны жайлы әңгіме жүріп жатқаны туралы айтқанда, А.Шаймерденовтың бұл жайтты жоққа шығарғанын атап өту керек. .
Өзіне алған міндеттемелерін орындай алмай жатқанын А.Шаймерденов «Қазбайлық Астана» ЖШС-ң қарызы қайтпағынымен, сондай-ақ онда «Астана банк» АҚ-да шамамен 450 млн. теңге барымен түсіндіреді.
Осы кезде И.Әбішевтың оған «Қазбайлық Астана» ЖШС-нен дым да қажет емес екендігі, зейнетке тыныш шыққысы келетіні туралы шамданған сөзіне А.Шаймерденов И.Әбішев екеуінің арасында қандай да бір уағдаластық бар екені жайлы, өзінің «Қазбайлық Астана» ЖШС-ң ақшасынан, оларға ертеректе 2014 жылы берген парасының қайтымы ретінде, 190 млн.теңге алуы керектігі туралы ләм-мим деп ештеңе айтпайды.
Бұндай реакция болуы керектігіне келісетін шығарсыздар.
Бұндай жай-жапсарда қылмыстық қудалау органының И.Әбішевтың параның бүкіл сомасын 2019 жылдың 1 ақпанына дейін беруін талап еткен деген тұжырымы расталмайды. .
Енді жүргізілген ЖТӘ-1-ң заңдылығы жөнінде.
Сот тергеуі барысында Сіздің назарыңызды бұл - тұлғаның жасырын аудио және бейне-бақылауы емес, орынның аудио және бейне-бақылауы екеніне аударғанбыз.
Қылмыстық қудалау органында орынға ЖТӘ-1 жүргізуге сот тергеуінің санкциясы болмаған.
Сот тергеуі барысында бейненің, арнайы жабдықталған жасырын аудио-бейне бақылау жүргізу құралының бұл мекеменің даяшысының қолында тұрғанынан, басталатынын байқадық.
Осыдан соң, бұл даяшы аталған құралды Әбішев, Түкиев және Шаймерденов отырған үстелге апарып қояды.
Бұл бейнекамера, Әбішев пен өзге тұлғалардың арасындағы әңгімені, Шаймерденов кеткен соң да тіркей береді. Және бұл әңгімелер қылмыстық істің материалдарына дәлелдеме ретінде қосылған.
Атап айтқанда, куә ретінде жауапталған –Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері Агибаев, Исмагулов және Бахытов: Шаймерденовпен кездесіп болған соң, Әбішевтің Жампозовқа «Шаймерденовтың әңгімені жазып отыру мүмкін болғандықтан, әдейі осылай айттым», - дегенін көрсетеді.
Біріншіден, Әбішев пен Жампозовтың арасынағы бұл әңгімені дәлелдеме ретінде пайдалануға болмайды, себебі Жампозовтың сөзі мен іс-қимылына жасырын аудио-бейне-бақылау жүргізуге санкция жоқ.
Екіншіден, 20.01.2019 жылғы арнайы құралдарды табыстау мен арнайы құралдарды беру хаттамаларына сай, «сафари» және «москит» арнайы құралы жеке А.Шаймерденовке берілген. Бұны бейне және аудио жазбалар жоққа шығарады. Бейнеда камера даяшының қолында екені анық көрініп тұр, соңында оның бұл құралды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлеріне беретінін анықтау қиын емес. Яғни, бұл хаттамалар іс бойынша дәлелдеме ретінде жарамсыз деп танылуы тиіс.
Үшіншіден, И.Әбішевтің Жампозовқа «Мен оған сенің сырыңды ашпас үшін әдейі солай айттым» деген сөзінен Шаймерденовтың Әбішевтің есімін пайдаланып «Қазбайлық Астана» ЖШС-ң ақшасын алғанын Жампозов айтқанын білдіргісі келмегені туындайды. Бұл оның олардың әңгімесін жазып отыруы мүмкін екендігі туралы сөз мүлде жоқ.
Осылайша, айыптау тарабының, И.Әбішевтің параның бүкіл сомасы 2019 жылдың 1 ақпанына дейін берілуін талап еткеніне, дәлелдері жоқ. Айыптау актісінде келтірілген уәждер - қылмыстық қудалау органының ешқандай тікелей дәлелдермен бекітілмеген болжамдары ғана.
Құрметті сот!
Әрі қарай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері айыптау актісінде істің мән-жайына келмейтін өтірікті келтіреді.
ЖТТ басшысы А.Аташевтің пікірінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлерімен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында, С.А. Тукиевтің А.К. Шаймерденовтен өзіне тиесілі 10 000 000 теңге параның 8 500 000 теңгесін алу мақсатында, «Казбайлық Астана» ЖШС-нің басшыларына таныс «спортшыларды» жіберетіні жайлы айтқан әрекеттері құжаттандырылған.
Өз кезегінде, А.К.Шаймерденов пара алушы И.А.Әбішев пен делдал С.А.Тукиевке талап етілген параның жақын арада дайын болатынын хабардар қылған.
Құрметті сот, бұндай мүлде болған жоқ!
С.Түкиев пен А.Шаймерденов арасындағы 08.01.2019 жылдың ЖТӘ-1 нәтижесінде С.Түкиев олар оған қарызды қайтармай жатыр деп ойлап, А.Шаймерденовке «спортшыларды» жіберу керек пе дейді. Әрі қарай, Ислам Алмаханович оларды біледі ме деп сұрап, бұл ұят болады деп бұдан бас тартады. Бұған қоса, А.Шаймерденов спортшылар мәселені шешпейді, Тапсырыс берушінің өзі, яғни Ислам Алмаханович оларға қоңырау шалсын, - деп нақты айтады.
Яғни, тек қана талқылау орын алған, бұл жерде «Қазбайлық Астана» ЖШС басшылығына қатысты ешқандай қорқыту-үркіту жоқ.
А.Шаймерденов, А.Төлегенов және Малгаждаров жауап алу барысында С.Түкиевтың «Қазбайлық Астана» ЖШС басшылығын қорқытқанын жоққа шығарады.
Төлегенов пен Малгаждаровқа спортшылар арқылы сазайыңды тартқызам деп қорқытқан жоқ. Жалпы, Шаймерденов С.Түкиевтің өзін қорқытқанын айтты.
Осылайша, А.Аташевтың бұл тұжырымы да істің шынайы мән-жайына сәйкес келмейді.
Төлегенов пара беруге келіспей тұрғанда, А.Шаймерденов пара жақын арада дайын болады, - деп неге айтты екен? Бұл жерде бір ғана жауап бар, А.Шаймерденов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері демеушілік көмекті пара деп танып, пара алуға айдап салу-арандатумен айналысқан.
Құрметті сот!
Қылмыстық қудалау органының істің мән-жайына сәйкес келмейтін қарама-қайшы тұжырымына назарыңызды аударамын:
Әрі қарай, И.А.Әбішев «Казбайлық Астана» ЖШС-нің басшыларынан аса ірі мөлшерде талап еткен 60 000 000 теңге ақша параны толық алатынына нақты көзі жетіп, 19.02.2019ж. №42/1 қосымша келісім шарт түзген.
Қылмыстық қудалау органының пікірі бойынша, И.Әбішев 28.01.2019 жылы, бюджетті қысқартамын деп қорқытады және осыдан 22 күн өткенде, 2019 жылдың 01 ақпанына тағайындаған-мыс параны алмаған соң, өзінің қорқыту құралы болып табылатын қосымша келісім-шартты жасайды.
Бұл жерде, 2019 жылдың 28 қаңтары мен 19 ақпаны аралығында М.Әбішевке 60 млн.теңге параны оған міндетті түрде берілетіні хабарланғаны туралы ешқандай дәлел жоқ.
И.Әбішев пен СРК-ң жауапталған өзге де қызметкерлерінің айғағынан, бұл кезде бюджеттің қысқартылмайтыны белгілі болғаны, сондықтан олар 10 күн бұрын ұсыныс беріп, жұмыстардың атқарылу кестесін құрғаны, сөйтіп 2019 жылдың 19 ақпаны күні қосымша келісім-шарт жасағаны туындайды.
Сондай-ақ, соттың назарын қылмыстық қудалау органының, 14.11.2018 жылғы №42 келісім-шарт бойынша бюджет қысқарған жағдайда банк кепілдігі себебінен «Қазбайлық Астана» ЖШС үлкен шығындарға
ұшырайды, бұның олар үшін айтарлықтай теріс салдары болады, - деген тұжырымына аударамын.
Құрметті сот, алайда бұл тұжырым істің мән-жайына төмендегі негіздер бойынша сай келмейді:
Біріншіден, банк кепілдігі – банк өнімі, осы өнімнің арқасында банктер пайда табады. Олардың түрі мен пайдаланылуы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің норматив құжаттарымен реттеледі. Біздің жағдайда бұл - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 21 қаулысы (27.08.2018 ж. өзгерістерімен).
Осы норматив құжатқа сай, қарапайым сөздермен айтқанда банк кепілдігі – міндетемелерді атқарудың әдістерінің бірі, егер бенефициар дұрыс рәсімделген талапты ұсынатын болса, банктің бенефициарға кепілдікте көрсетілген соманың мөлшерінде өтем төлеу міндеттемесін білдіреді.
Егер бюджеттің қысқаруы себебінен СРК мен «Қазбайлық Астана» ЖШС қосымша келісім-шарт жасалмай қалса, бұл аталған Серіктестіктің қаржылық жағдайына қандай да бір экономикалық нұқсан әкелмейді. Банк кепілдігі қайтып, егер ақшалай қаражат банкке қамтамасыз ету үшін салынған болса, серіктестік оны осыдан кейін еркін қайтара ала алады.
Бұған қоса, банк кепілдігін қамтамасыз етуге салынған ақша клиенттің банк депозиты шотында орналасады, банк кепілдігі қайтарылған соң, клиент үшін бұл қаражат толықтай қолжетімді болады.
Екіншіден, 19.02.2019 жылдың №42/1 қосымша келісіміне сай, банк кепілдігі тек 2019 жылдың 04 наурызы күні ғана берілген. Сонда СРК «Казабайлык Астана» ЖШС-ң хатына жауап жазған кезде, соңғысы ешқандай ақшаны банктік кепілдікті қамтамасыз ету ретінде банкке ұсынбаған.
Сондықтан бұл қорқытудың, егер ол орын алғанда жағдайдың өзінде, қауіппен қабылданатындай реті жоқ еді.
Осылайша, қылмыстық қудалау органының И.Әбішев өзінің пара сұраған талабы орындалатынына көзі жеткен соң ғана, қосымша келісім-шарт жасады деген уәжі ойдан шығарылған болып табылады.
Әрі қарай да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет айыптау актісінде шындыққа сай келмейтін уәждерді келтіруін жалғастырады:
20.02.2019ж. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында, А.К.Шаймерденовтен С.А. Тукиевтің 8 500000 теңгені алған қылмыстық әрекеті құжаттандырылған.
Осыдан кейін, қылмыстық қудалау органы 10 млн.теңге пара ретінде И.Әбішевке берілді деп санайды.
Құрметті сот!
Сіздің назарыңызды С.Түкиев пен А.Шаймерденовтың арасындағы 20.02.2019ж. ЖТӘ-1 нәтижесіне аударғым келеді, онда А.Шаймерденов С.Түкиевке қарыздарымды қайтарып таратып жүрмін дейді.
Бұнда алдын ала келісім бойынша, мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін «Қазбайлық Астана» ЖШС-нан параның бір бөлігін – 8,5 млн.теңгені алдым деген бір ауыз сөз жоқ.
Оның үстіне, бұл 8,5 млн.теңге - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тиесілі ақша, яғни бұл ақша да - СРК мен «Қазбайлық Астана» ЖШС арасында келісім-шарт жасалғаны үшін, соңғысының пара ретінде берілуі тиіс ақшасы емес.
Соттың назарын қазан айының ортасынан бері осы сәтке дейін 4 айдан аса уақыт өтсе де, потенциал пара беруші пара ретінде әлі бір тиын бермегеніне аударамын.
10 млн.теңгенің - 9 950 000 теңгесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтікі, 50 000 теңге - А.Шаймерденовке тиесілі.
Бұл ақшалай қаражат 21.02.2019ж Федерацияның кіріс-кассалық ордеріне сай А.Шаймерденовтың демеушілік көмегі деп рәсімделгенін атап өту керек.
А.Шаймерденов пен Исмагулов Жардем жауапталу барысында, сотта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақшасын пайдалану - осы мемлекеттік органның басшылығының шешімі деп көрсетті.
Бұл жайт олардың тарапынан И.Әбішевті пара алуға арандатып-айдап салу орын алғанын толықтай дәлелдейді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, істің ешқандай дәлелдемелерімен бекітілмеген, көптеген жайттармен жоққа шығарылатын, келесі жай-жапсарларын келтіреді.
Бұл қылмыстық әрекетін жауапсыз қалды деп өз бетінше ұғынып, алдын талап етілген параны толығымен алуды көздеп И.А.Әбішев, әрі қарай қалған 50 000 000 теңге ақшаны да жеке өзі емес, өзінің қылмыстық әрекетінен хабарсыз адамдар арқылы алу қылмыстық жоспарын құрған
07.03.2019ж. Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытында ұшқан «Air Astana» компаниясының ұшағында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерімен И.А. Әбішевке қатысты жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында, пара беруші ретінде қылмыстық әрекетті имитациялаған А.К. Шаймерденовке пара алушы И.А. Әбішев 10 000 000 теңге параны алғанын жеткізіп, ал параның қалған 50 000 000 теңге ақшасын өзінің туған інісі Әбішов Қаныбекке беруді тапсырған аса ірі мөлшерде пара талап ету қылмыстық әрекеті құжаттандырылған.
Құрметті сот!
Біріншіден, әуе компаниясы - «Эйр Астана» емес, «SCAT». Және бұл кезде қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы Астана деп аталған.
Екіншіден, 07.03.2019ж. ЖТӘ-1 нәтижесінен, айыптау актісінде көрсетілгендей емес, керісінше тап осы А.Шаймерденовтың 10 млн.теңгені С.Тукиевке бердім деп хабарлағаны туындайды.
Үішіншіден, бұл кездесу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлерімен ұйымдастырылған, бұны А.Шаймерденов те, Ж.Исмагулов та растайды.
Бұл жерде осы рейске билетті А.Шаймерденов пен Ж.Исмагулов бір жерден - «Ост-Вест» ЖШС компаниясынан сатып алған. .
50 млн.теңге, - деген сөзді ЖТӘ-1 нәтижесі бойынша мәлімет пайда болған 2,5 ай ішінде А.Шаймерденов және онда да тек бір рет айтады.
Құрметті сот, А.Шаймерденов 50 млн.теңгені қандай да бір қосалқы мердігерлік жұмыстары үшін деген мәнмәтінде айтқанына назарыңызды аударамын.
Сондай-ақ, Сіздің назарыңызды А.Шаймерденовтың олардың Шымкент қаласындағы әуежайдан шыққаннан кейін, өзін қалай ұстағанына - И.Әбішев «ілінді» деп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлеріне олар билеп бермесе флэшканы бермеймін, - дегеніне аударамын.
Бұл әңгімелер - айдап салу-арандатудың тікелей дәлелдемелері, - деп танылуы керек.
Шаймерденов те, сондай-ақ, әсіресе Ж.Исмагулов та бұның бәрі нені білдіреді?, - деген сұраққа жауап бере алмады.
Осы жерде, И.Әбішевтың А.Жампозовтың А.Шаймерденов оның сыртынан «Қазбайлық Астана» ЖШС-ң ақшасын алды деп айтқанын есіне түсірген айғағын назарға алайық.
Ол А.Шаймерденовтың сөзіне сенгендей сыңай танытқан.
Құрметті сот, осы диалогта А.Шаймерденов «Қазбайлық Астана» ЖШС бойынша тақырыпты өте сақ қозғайды. Егер олар мен Әбішевтың арасында олардан пара алу уағдасы болса, А.Шаймерденов ұшақ ұшып бара жатқанда, неге ашық диалогқа бармайды? Оның үстіне өзі 21.12.2018 жылы қылмыстық қудалау органына мәлімдегеніндей, өзінің 190 млн.теңгесін алғаны туралы бір ауыз жоқ.
Сондықтан жанама сөздер мен ұсыныстар арқылы А.Шаймерденов Әбішев екеуінің арасында, шынында да, қандай да бір уағдаластық бар екендей әсер қалдыратындай жағдай жасайды. Бұл кездесуден соң, жазбасы бар флэшканы алу үшін олардың билеуге де дайын болып неге сонша қуанғанын осыдан түсінуге болады.
2019 жылдың 20 қаңтары мен 2019 жылдың 07 наурызы аралығында И.Әбішев А.Шаймерденовпен кездесуге еш талпынбаған, керісінше А.Шаймерденов әр жол сайын Тукиевтен Әбішевпен кездесу ұйымдастыруды өтінген, бұл да - маңызды жайт.
Бұған қоса, А.Шаймерденовтың айғағы бойынша, оған ұялы телефонға қоңырау шалынып, ұшаққа билет алуды, онда кездесуді шұғыл ұйымдастыру керек екенін айтқан.
«Қазбайлық Астана» ЖШС осы сәтте ешқандай ақшаны пара ретінде бермегеніне назарларыңызды аударамын.
Бұның бәрі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің уәждері ойдан шығарылғаны және айдап салу-арандатуға бағытталғанын көрсетеді.
А.Аташевтың оқиғаларға берген бұдан кейінгі бағасы, оның өтірік пен шынды айыра алатынына күмән туғызады.
Айыптау актісіне сай, И.А.Әбішев пара беру қылмыстық әрекетін имитациялаушы А.К.Шаймерденовтың оған тәуелді екенін қасақана пайдаланып, соңғыдан Шымкент қаласындағы «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінің нөмірін төлетіп, мүліктік сипаттағы пайда түрінде параны қосымша жеке талап еткен.
И.А. Әбішевтің қызметтік жағдайына тәуелді, пара берушінің қылмыстық әрекетке имитациялаушы А.К. Шаймерденов, 07.03.2019ж. Шымкент қаласындағы «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінің И.А. Әбішевтің нөмірі үшін 85 000 теңге сомасында ақша төлеген.
Біріншіден, А.Шаймерденов И.Әбішевке қалай, қай жағынан тәуелді екен?
«СМП-610» ЖШС-мен келісім-шарт бұзылған, А.Шаймерденов ҚР АШМ СРК-не ешқандай қатысы жоқ, оның қарауында жұмыс жасамайды, сондай-ақ, Федерацияға да түк қатысы жоқ.
Осылайша, бұл уәж де ойдан шығарылған.
Екіншіден, Әбішев пен А.Шаймерденов арасындағы ЖТӘ-1 нәтижесінен И.Әбішевтің отелден ол үшін нөмірді төле деп емес, отелден нөмір брондашы, - деп өтінгені көрініп тұр.
Бұндай тұжырымдар сот психологиялық-филологиялық сараптамасының қортындысымен де жасалған.
Әбішевтің сол күні қонақ болғанын ескерсек, оның тіпті нөмірге кім төлегенін білмеуі де түсінікті. Ол сотта да осылай деп көрсетті.
Үшіншіден, айыптау актісінде «пара берушінің қылмыстық әрекеттерін имитациялаушы» деген сөз тіркесі бірінші рет осы жерде пайда болады.
Құрметті сот! Сот барысында жауапталған А.Аташев 85 000 теңге – жалғасып жатқан қылмыс, сондықтан оны СДТБТ-да бөлек тіркеп қажеті жоқ, - деп көрсетті.
Алайда А.Шаймерденовтың арызынан И.Әбішев отелдегі нөмірін төлеуді талап етті деген туындамайды.
Арыз тек қана нақты 60 млн.теңге бойынша берілген.
Ең бір қызығы - айыптау тарабының логикасы бойынша, И.Әбішев 2018 жылдың қазан айының ортасында-ақ, 2019 жылдың 07 наурызында Шымкент қа
А.Шаймерденовтен 85 000 теңге пара талап ететінін алдын-ала жоспарлап қойған болып шығады.
Яғни, бұның бәрі - шындық емес, бұл жерде қандай да бір парақорлық эпизоды болса, ол - өз алдына, жеке сипатқа ие және СДТБТ-да тіркелуге жатады.
Енді А.Шаймерденовтың осы 85 000 теңге бойынша аяқ астынан «пара берушінің қылмыстық әрекеттерін имитациялаушы» болып шыға келгені туралы.
Д.Бахытовтың ЖТӘ-1 өндірісі туралы тапсырмасында А.Шаймерденовтың И.Әбішевке мемлекеттік сатып алу бойынша келісім-шарт жасағаны үшін пара ретінде «Қазбайлық Астана» ЖШС-нен алып беретін 60 млн.теңге ақша туралы ғана сөз болады.
Ж.Исмагулов шығарған 28.12.2018 жылғы қаулыда А.Шаймерденов И.Әбішевке мемлекеттік сатып алу бойынша келісім-шарт жасағаны үшін 60 млн теңге параны алып берушінің қылмыстық әрекеттерін имитациялайды, - деп анық көрсетілген.
Тиісінше, қылмыстық іс материалдарында А.Шаймерденов 85 000 теңгені берушінің қылмыстық әрекеттерін имитациялайды, - деген бір де бір процестік шешім жоқ.
Осылайша, И.Әбішев А.Шаймерденовты отелден нөмір брондауды өтінгенде, соңғының оны өз бастамасымен төлеп тастағанын, осы эпизод бойынша имитация туралы қаулының жоқтығын ескерсек, А.Шаймерденов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің іс-әрекеттері - тап-таза арандату-айдап салушылықтың өзі және бұл эпизод тоқтатылуға жатады.
Осыдан кейін, қылмыстық қудалау органы үш абзацта қалған 50 млн.теңгені алудың жай-жапсарын былай көрсетеді.
Қылмыстық қудалау органы анықтаған жай-жапсарға сай, 12.03.2019ж. Нұр-Сұлтан қаласына К.К. Шындаулетов келген.
13.03.2019ж И.А. Әбішевтің қылмыстық ниетінен хабарсыз К.А. Әбішев, ештеңеден хабарсыз К.К. Шындаулетовке хабарласып, оның А.К. Шаймерденовтен, кейін өзіне берілетін ақшаны алуды сұраған.
14.03.2019ж. «Традициональ» қонақүйінің мейрамханасында А.К. Шаймерденов К.К.Шындаулетовке 50 000 000 теңге беріп, ол кейін одан айғақ ретінде алынады.
50 млн.теңгенің - 49 млн.теңгесі муляж, 700 тыс.теңге - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, ал 300 мың теңге - А.Шаймердентың ақшасы.
Нәтижесінде, И.Әбішевке қорқытып алу жолымен жалпы соммасы 60 085 000 теңге пара алуға оқталған деген айып тағылды.
Бұл жерде, 2019 жылдың 12 наурызында еліміздің астанасы әлі «Астана» деп аталғанын айта кетейін.
Қылмыстық қудалау органымен дәл қашан және қандай жағдайда И.Әбішев К.Әбішевтен А.Шаймерденовтен ақшаны алуды өтінгені анықталмаған.
Екіншіден, К.Шындаулетовке қоңырау шалып, кездесуді сұраған - осы А.Шаймерденовтың өзі. Бұл кіріс және шығыс қоңырауларының детализацияларымен расталады.
Шындаулетов пен К.Әбішевтың арасында ақша туралы мүлде әңгіме жоқ.
К.Шындаулетов өз айғағында А.Шаймерденовтың оған 120 млн.теңге қарыз болғанын және ол бұл ақшаны одан алуға жиналғанын көрсетеді.
А.Шаймерденов пен К.Шындаулетовтың арасындағы 14.03.2019 жылдың ЖТӘ-1 нәтижесінде, соңғысы И.Әбішев үшін қанша ақшаны алу керек екенін білмейді және бұл туралы А.Шаймерденовке айтпайды.
Керісінше, А.Шаймерденов оған сөмке беріп, бұны И.Әбішевке беруін сұрайды және санап алуды өтінеді, сонда соңғысы санаудан бас тартады.
Сөйтіп, шын мәнінде А.Шаймерденов бұл ақшаны К. Шындаулетовке лақтырады.
Құрметті сот, енді мына фактіге назар салуыңызды сұраймын.
Потенциал пара беруші, яғни А.Төлегенов одан пара талап етілгеніне 5 ай өткен 2019 жылдың 14 наурызында И.Әбішевке пара ретінде бір тиын да бермейді.
Үшінші ретте, Шаймерденов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өз ақшаларын береді.
А.Шаймерденов, неге екені белгісіз, 50 млн.теңге бойынша пара берушінің қылмыстық әрекеттерін имитациялаушы болады.
Ең бастысы, 2019 жылдың 11 наурызының ақшаны қарау және табыстау хаттамасына сай 50 млн.теңге А.Шаймерденовке, оның шын мәнінде К.Шындаулетовке берілгенінен 3 күн бұрын, әлі Шаймерденов пен Шындаулетов әлі кездеспей тұрып, берілген.
Құрметті сот!
Жасалған қылмыстың жай-жапсары баяндалған айыптау актісінің әр абзацы істің шынайы мән-жайына сай келмейді және ЖТТ басшысы А.Аташевтің әр уәжін жоққа шығарамын.
Прокурор, сот жарыссөзі барысында жасалған қылмыстың мән-жайына, олардың қылмыстық істің материалдарымен дәлелденбейтінін білгендіктен тоқтамады деп ойлаймын.
Мына келесі қарапайым фактілерге зер салсаңыздар, қорғаушылар тарабына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің айдап салу-арандату әрекеттерін дәлелдеуге соншама тырысып қажеті бар ма екен.
Бірінші. Тағылған айып бойынша И.Әбішев «Қазбайлық Астана» ЖШС-нан мемлекетік сатып алу бойынша жалпы сомасы 5,9 млрд.теңге
құрайтын келісім шарт түзу үшін 250 млн.теңге талап еткен, оның - 60 млн.теңгесі жеке өзі үшін, ал 190 млн.теңгесі - А.Шаймерденов үшін.
«Қазбайлық Астана» ЖШС-ң меншік иесі А.Төлегенов келісім-шарт жасағаны үшін И.Әбішевке бір тиын да бермеген.
А.Төлегенов - потенциал пара беруші еді.
Демек, А.Шаймерденов пара беруші бола алмайды. Ол – тап-таза делдал, оның үстіне талап етілген 250 млн.теңгенің 190 млн.теңгесі - оның пайдасы.
А.Шаймерденовтен И.Әбішев пара ретінде 60 млн.тенге талап еткен жоқ, және А.Шаймерденовке де «Қазбайлық Астана» ЖШС-на ешқандай қатысы болмағандықтан, ешқандай пара берудің қажеті жоқ.
Сондықтан мемлекеттік айыптаушы С.Сулейменовтың Шаймерденов – пара беруші және ол пара ретінде И.Әбішевке 60 млн.тенге берді, - деген уәжі шындыққа сай келмейді.
Құрметті сот, Сіздің назарыңызды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 8 «Кейбір сыбайлас жемқорлық қылмыстарды қарау практикасы туралы» нормативтік қаулысының 6 тармағының «Парақорлық туралы істерді қараған кезде, адамның параны алып сол үшін пара берушінің мүддесіне орындауға немесе орындамауға жататын әрекеттердің шеңберін анықтау қажет» деген талабына аударғым келеді.
Прокурор өз сөзінде А.Шаймерденовтың қай мүддесін қанағаттандыру үшін И.Әбішевтің одан 60 млн.теңге пара алғанын айтпады.
Прокурордың бұл уәжі келесі негіздер бойынша да ақылға сыймайды: ЖТӘ-1,2 өндіру және оларды созу бойынша бүкіл қаулыларға сай, барлық жерде пара беруші ретінде - А.Мәкішев, ал А.Шаймерденов - пара беру бойынша делдал деп көрсетілген.
Бұл іс бойынша пара беруші - Төлегенов не Малгаждаров болуы керектігі анық қой.
Прокурор бар күшін салып, бізге 60 млн.теңге эпизоды бойынша , А.Шаймерденовтың пара беруші екенін дәлелдегісі келеді, алайда жоғарыда аталған ҚР ЖС НҚ 18 тармағында «Пара алушыға және пара берушіге пара алу және беру туралы олардың арасындағы келісімге қол жеткізуге немесе оны іске асыруға ықпал еткен адамның делдал болып табылатынын ескеріп, парақорлыққа делдалдық етуді параны беруден және алудан ара-жігін ажырата білу қажет», - деп көрсетілген.
Осылайша, А.Шаймерденов – бұл эпизодта пара беру бойынша делдал.
Прокурор бұл ақылға сыймайтын уәжін бізге тықпалайтын себебі - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлерінің іс-қимылынан ҚР ҚК 417 бабымен (парақорлыққа арандату) қарастырылған қылмыстық іс-әрекеттің белгілерін жасырғысы келеді.
Жоғарыда аталған ҚР ЖС НҚ 24 тармағында Қылмыстық қудалау органдарының ҚК-нің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамды қылмыстық қудалау органдарының араласуынсыз пара алу ниеті туындамайтынын және қылмыстың жасалмағанын айғақтайтын мән-жайлар болған кезде пара нысанасын алуға көндірудің нәтижесінде келісім алынған кезде оған пара беруден тұратын арандатушылық-айдап салушылық әрекеттері өзіне қатысты осы әрекет жүзеге асырылған адам жасаған әрекеттің қылмыстылығын жояды, - деп көрсетілген.
Ал 25 тармағында ҚК-нің 417-бабының екінші бөлігі бойынша парақорлыққа арандату үшін жауаптылық ҚК-нің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамға пара нысанасын беруге әрекеттеңген адамның ол адамның параны алуға келісімінің жоқ екенін көрінеу біле тұра өзінің әрекетінің қылмыс жасаудың немесе бопсалаудың дәлелдемелерін жасанды түрде қалыптастыру мақсатында жүзеге асырған жағдайда ғана туындайды, - деп көрсетілген.
Тергеу версиясына сай, потенциал пара беруші Төлегенов пара беруден бас тартқанын, ал А.Шаймерденов бұл жайлы И.Әбішевті хабардар қылмай, оны «Қазбайлық Астана» ЖШС пара беруге дайындалып жатыр деп жаңылыстырғанын ескерсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің іс-қимылынан И.Әбішев пен С.Түкиевтің пара алғаны туралы жасанды дәлелдерді қолдан жасау фактісі анық білінеді.
Бұндай жағдайда заң талабы бойынша Әбішев пен Түкиев ҚР ҚПК 35 бабының 1 бөлімі 2 тармағына сай, яғни қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына орай, толық ақталуы тиіс..
Өз ғылыми қортындысында Заң ғылымының докторы, профессор,
М.Ч.Когамов да осындай тұжырымға келеді.
Екінші. Қонақ үй нөмірінің құнын А.Шаймерденовтың төлеу эпизоды - айыптау версиясы бойынша 85000 теңге пара беру.
Бұл эпизод та - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің И.Әбішевті айдап салу-арандату әрекеті. .
Әбішев пен Шаймерденовтың арасындағы әңгіме мазмұнынан Әбішевтің нөмірді брондауды өтінгені анық көрініп тұр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлерінің басқаруымен А.Шаймерденов И.Әбішевтің тарапынан еш өтініш және талап болмаса да, өз бетімен 85 000 теңгені төлейді.
Жоғарыда келтірілген негіздер бойынша бұл эпизод та – пара алу бойынша жасанды дәлелдерді жасайтын болғандықтан, арандатушылық-айдап салу сипатына ие.
Оның үстіне, бұл эпизод бойынша қылмыстық іс-әрекетті имитациялау қаулысы жоқ.
Үшінші. Әбішев пен Түкиевке қатысты «қорқыту арқылы» деген саралау белгісі заңсыз қолданылған.
Жоғарыда аталған ҚР ЖС НҚ 11 тармағында «Егер параны берген адамда осы қатердің төнуінен іс жүзінде сақтануға негіз болса, параны алған адамның аталған қатерді жүзеге асыру мүмкіндігінің болған-болмағанына қарамастан, кінәлі адамның әрекеттері ҚК-нің 366-бабы үшінші бөлігінің 1) тармағы бойынша (қорқытып алу жолымен пара алу) саралануға тиіс. Қылмыс субъектісінің келісімімен немесе нұсқауы бойынша қорқытып алуды пара алушы болып табылмайтын басқа адам жүзеге асырған жағдайда да пара алуды осы жолмен саралаған жөн», -деп көрсетілген.
А.Төлегеновтың бюджеттің қысқаруына орай, 2019 жылға қосымша келісім шартты жасау тоқтатыла тұрады деген хатты, өзіне төнген шынайы қатер, - деп қабылдамағаны айдан анық.
Оның үстіне, бұл хаттың нәтижесінде, оның заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін қандай да бір жайттар туындамайды, сондықтан ол пара беруге мәжбүр болатындай хал-жағдайда болған жоқ.
Пара бермеген жағдайда «спортсмендерді» жіберем деп Түкиев Төлегеновты қорқытпаған және ол туралы дәлелдер істе жоқ.
Сондықтан, келесі негіздерге сай, «қорқыту арқылы» деген саралау белгісі ойдан шығарылған.
ҚР ҚК 366 бабымен қарастырылған қылмыс құрамы формалды болып табылады, яғни жауапқа тартылушы тұлға бұл баптың диспозициясында нақты көрсетілген қимылдарды жасауы тиіс.
Пара алуда оқталуда ниетті дәлелдеу - практикада да, теорияда да мүмкін емес.
Егер тіпті, Шындаулетов пен Түкиев Әбішевтің тікелей нұсқауымен жұмыс жасаған жағдайдың өзінде, оны пара алуға оқталу бойынша жауапқа тартуға болмайды, себебі оның оған пара алып келгенде бас тартуға құқығы болды. Ең соңғы сәтте бас тарту – оның құқығы.
Сондықтан, пара алуға оқталудың субъектив қырын дәлелдеу мүмкін еместігінен, қылмыстық қудалау органы «қорқыту арқылы» деген саралау белгісін ойдан таққан, сөйтіп И.Әбішевтің пара алуға деген жоқ ниетін жасанды түрде күшейткен.
Жоғары аталғандардың негізінде, Әбішев пен Түкиев толықтай ақталуға жатады, өйткені айыптау тарабының Қылмыстық Кодекстің тағылған баптары бойынша сотталушылардың айыбын дәлелдейтін
тікелей дәлелдері жоқ, бұған қоса олар - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлерінің қылмыстық іс-әрекеттерінің құрбандары.
Енді іс бойынша дәлелдерді дәлел деп тануға кедергі болатын қылмыстық-процестік заңнамалардың өрескел бұзылуы жайлы.
Енді қылмыстық-процестік заңнамалардың бұзылуына жол берілуіне орай, осы іс бойынша үкім қандай болуы керектігі туралы ойыммен бөліспес бұрын, Сіз және процестің қатысушыларын аз-мұз пәлсапа соғуға шақырамын, бұндайды жақсы көрмесек, біздің қай жеріміз заңгер?!
Кез келген мемлекеттік аумағында қабылданған кез келген Заң – бұл ең әуелі, осы аумақта тұрып жатқан қоғамның әр мүшесінің арасындағы ұжымдық келісім-шарт.
Бұл Заңдағы кез келген норма белгілі бір қимылдарды жасауға не тыйым салады, не рұқсат береді.
Мысалы, ҚР Қылмыстық Кодексі – оның Ерекше бөліміндегі қимылдарды жасауға тыйым салады.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексі – ҚР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінде тікелей тыйым салынған іс-әрекеттер бойынша күдікті және айыпталушыларды қылмыстық жауапкершілікке тарту мен жүргізудің ережелерін анықтайды.
Егер ереже бар болса, оны бұзуға болмайды.
Сот тергеуі кезінде қорғау тарабы Сізге Қылмыстық-процестік кодекстің нормаларының көптеген бұзушылықтарын көрсетті. Бұл бұзушылықтар, іс бойынша құқықтық салдарға ие және бұларды ҚПК-ң бұзушылықтары деп тану Әбішев пен Түкиевті міндетті түрде ақтауға әкелетін болғандықтан, формалды емес!
Қарапайым сөз-мысалдармен айтып көрейін:
Мысалы, футболда бір команданың 11 ойыншысы келесі команданың 11 ойыншысына қарсы ойнайды. Ешқандай жарыста ешқандай команданы осы 11 ойыншыдан кем не артық болып қатысуға мәжбүрлемейді. Егер ойын барысында, қандай да бір ойыншы ойынның ережесін бұзса, қарсы команданың ойыншысын мертіктірсе, қолымен ойнаса, т.с.с. рефери, яғни сот бұл ойыншыны шығарып жібереді. Бұл - ойынның бұлжытпас ережесі.
Құрметті сот, міне Сіз, ереженің бұзылғаны үшін ең қатаң шараларды қолдануға міндетті тап сол реферисіз.
Бұған қоса, бұл ойында артықшылық, тек қана, Әбішев пен Түкиевке беріледі, өйткені ҚР ҚПК 16 бабы, яғни кінәсіздік презумпциясы бойынша, кез келген күмән олардың пайдасына шешіледі.
Сот тергеуінің нәтижесі сотқа дейінгі тергеп-тексеруде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлерінің Қылмыстық-процестік кодексті сыйламауы, яғни Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қылмыстық процестің тұтастай алғанда қалай жүргізілуі керектігін шешкен биліктің бірден бір көзі болып табылатын Қазақстан Республикасы халқының ұжымдық келісімін сыйламайтынын көрсетті.
Бұл жерде мен диалектиканың «терістеуді терістеу» атты негізгі заңының үшіншісіне сәл тоқталғым келеді.
Қылмыстық сот өндірісін жүргізгенде, біз бәріміз ҚПК-тегі нормаларды императивті, яғни орындалуы міндетті және оларды ешқашан бұзуға болмайды деп басшылыққа алатынымызды мойындаймыз.
Бұл нормалар бұзылған жағдайда, біз оның себебін табамыз, яғни олардың императив сипатын кеңестік сипатқа айналдырамыз.
Бірінші теріске шығару, бұл - Қылмыстық-процестік кодекстің императив екенін теріске шығару.
Ары қарай, терістеу арқылы кеңестік сипатқа ие қылған нормаларды өзгеше түсіндіре бастаймыз. Осы арқылы біз қылмыстық-процестік заңнамалардың нормасының өзін терістейміз, бұл – екінші терістеу.
Осылайша, біз шын мәнінде қылмыстық-процестік заңнамалардың нормаларының бар екендігінің өзін терістейміз, жоққа шығарамыз.
«Терістеуді терістеу заңы» күшіне енген кезде, қоғамның көзқарасы күрт өзгеріп, басқа әлемде өмір сүре бастайды.
Әділетсіздікті көріп, оған басқа баға беру арқылы, түптің түбінде, әділеттің бар екенінің өзін жоққа шығара бастаймыз.
Бұл істі көріп-біліп отырған адам, қоғам Қылмыстық-процестік кодекстің нормаларының бұзылғанына төрт айдан аса уақыт бойы куә
болуда. Олар тіпті заңгер болмаса да, ҚР ҚПК-н білмесе де, өмірлік тәжірибесі мен логикасына сүйеніп, бұзушылықтардың бар екенін сезіп-біліп отыр.
Құрметті сот, бүкіл сот процесі бойы орын алған көптеген бұзушылықтарға қарамастан, Әбішев пен Түкиевті бәрібір соттайды, - дегенді талай естідім. Яғни, қоғам ҚР ҚПК нормаларының бар екенін терістеп, жоққа шығара бастады. Ешкім оның күші бар екеніне сенбейді! Әділ соттың бар екенін жоққа шығарады!
Сонымен, Құрметті сот, тараптарды тыңдап алып, осы іс бойынша нүкте қоймас бұрын, қазір ұсынатын талдау бойынша көрсеткендерімді -Қылмыстық-процестік кодекстің нормаларының бұзылуы, - деп танып, осы іс бойынша жалғыз да әділтетті үкімді шығарып, Әбішев пен Түкиевті ақтауыңызды Сізден үлкен құрметпен сұраймын.
Құрметті сот! И.Әбішев пен С.Түкиевке тағылған айыптар СДТБТ-да тіркелмеген.
2018 жылдың 21 желтоқсанында А.Шаймерденов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке И.Әбішевтің пара алуының екі фактысы бойынша жүгінді:
- 2014 жылы директоры А.Шаймерденов болып табылатын «СМП-610» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен, жалпы сомасы 7,7 млрд теңге құрайтын Преснов топтық су құбырын қайта құруға бағытталған мердігерлік жұмысқа мемлекеттік сатып алу шартын түзу үшін 1 000 000 АҚШ доллары;
- 2018 жылы меншік иесі Төлегенов, директоры куә Малгаджаров болып табылатын «Қазбайлық Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен, жалпы сомасы 5,7 млрд теңге құрайтын Соколов топтық су құбыры бойынша жұмысқа мердігерлік шарт түзу үшін 250 000 000 теңге (айыптау тарабының версиясы бойынша 250 млн.теңгенің 190 млн.теңгесі А.Шаймерденов үшін арналған).
Осылайша, А.Шаймерденов екі факт бойынша хабарлаған, әр факт ҚР БП 19.09.2014ж. №89 бұйрығына сай СДТБТ-да бөлек тіркелуі тиіс.
Алайда ҚР ҚК 366 бабы бойынша бір ғана №180000131000135 СДТБТ бар.
Қазіргі уақытта И.Әбішев ҚР ҚК 24 бабының 3 бөлімі, 366 баптың 4 бөлімі бойынша, яғни аяқталмаған құрам бойынша айыпталып отыр.
Барлық процестік құжаттарда сотқа дейінгі тергеп-тексеру лауазымды тұлғалармен мемлекеттік сатып алу бойынша келісім-шарт түзгені үшін аса ірі көлемдегі параны алу фактісі бойынша, ҚР ҚК 366 бабы, яғни аяқталған құрам бойынша жүргізіліп жатыр деп көрсетілген.
Осылайша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру пара алудың бірінші фактісі бойнша басталған. Тіркеген кезде екінші факт болмаған.
Куәгер Д.Бахытовтың айғағында, ол өз рапортында «Қазбайлық Астана» ЖШС эпизоды бойынша қорқытып пара талап ету фактысын, яғни 60 млн.теңгесі И.Әбішевке, 190 млн.теңгесі А.Шаймерденовке арналған 250 млн теңге беру фактысын көрсеткенін көрсетеді.
Өз сөзінің дәделі ретінде ол: 21.12.2018 жылғы СДТБТ –да тіркеу туралы рапортында «аса ірі көлемдегі параны қорқытып талап еткені үшін» деп көрсеткенін келтіреді.
А.Шаймерденовтың 21.12.2018 жылғы арызында И.Әбішевтің «Қазбайлық Астана» ЖШС басшылығын қорқытып, бопсалап жатқаны туралы бір ауыз сөз жоқ.
Алайда тағылған айыпқа сай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Әбішевтің іс-қимылында «қорқыту арқылы» деп бағалаған жай-жапсар 2019 жылдың 28 қаңтарында, яғни ҚР АШМ СРК «Қазбайлық Астана» ЖШС-не 2019 жылы бюжеттің қысқартылуы күтілуіне байланысты қосымша түзілетін келісім шарт уақытша тоқтатыла тұратыны туралы хат жолданған соң орын алды, - деп саралайды.
ҚР АШМ СРК мен «Қазбайлық Астана» ЖШС арасындағы мемлекеттік сатып алу бойынша келісім-шарт Заңның талаптарына сай жасалғаны туралы мәлімет тек сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында алынды.
«Қорқыту арқылы» деген саралаушы белгі пара берушіні қорқыту арқылы, пара беруші қауіп төнгенін сезетіндей болған заңды қимылдары үшін пара алғанда ғана тағыла алады.
Қазбайлық Астана» ЖШС басшылығына таныс «спортсмендерді» жіберем деп Түкиевтің қорқытуы-мыс, осы С.Түкиев пен А.Шаймерденовтың арасындағы әңгімеде ғана және бір рет қана 2019 жылдың 08 қаңтарында болған.
Айыптау версиясы бойынша, Әбішевтің қорқытуы бір айдан аса уақыт өткенде орын алған, түзілген келісім-шарттың заңдылығы сотқа дейінгі тергеп-тексерумен дәлелденген және бұл Д.Бахытовтың И.Әбішевтің «Қазбайлық Астана» ЖШС-нан 205 млн.теңге пара алғаны жайлы хабарды СДТБТ-да тіркедім деген айғағын жоққа шығарады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Бас Прокурорының 19.09.2019ж №89 «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары»-ның талабына сай, СДТБТ-да екі фактіні де тіркеу керек еді.
ҚПК 180 бабының 1 бөлігіне сай, қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себептер болып табылады.
А.Шаймерденовтың арызында 2014 жылы И.Әбішев жасады-мыс деген қылмыстың және 2018 жылы жасалайын деп жатқан қылмыстың жай-жапсары анық көрсетілген, яғни қылмыстық құқықбұзушылықтың екі фактысы хабарланған.
Сондай-ақ, А.Шаймерденовтың қонақ үйдің нөмірін 85000 теңгеге төлегені жайлы парақорлық эпизоды - өз алдына, бөлек қылмыс, сондықтан оны жеке сотқа дейінгі тергеп-тексеру ретінде тіркеу керек еді.
ҚР ҚПК 185 бабының 1 бөліміне сай қылмыстық қудалау органы дайындалып жатқан, жасалған, жасалып жатқан кез келген қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды қабылдауға және тіркеуге міндетті.
ҚР Бас Прокурорының 19.09.2019ж № 89 «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары»-ның 26 тармағына сай тіркеуге бір нысан толтырылып, бір құқық бұзушылық ретінде ескеріледі:
1) қатысудың кез келген нысанында бірнеше адам жасаған құқық бұзушылық (ҚР ҚК 28-бабы);
2) екі немесе одан артық адамға зиян келтірілетін әрекет (мысалы: бір орынжайдан әр түрлі адамдарға тиесілі заттарды ұрлау; бір табыннан әр түрлі иелерге тиесілі бірнеше бас малды ұрлау);
3) созылмалы құқық бұзушылық (мысалы: қару-жарақты, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құралдарын, есірткіні заңсыз сатып алу, сақтау, беру, өткізу, тасымалдау немесе алып жүру; алаяқтық; бопсалаушылық);
4) жалғаспалы құқық бұзушылық (мысалы: азаптау).
5) әрқайсысы шағын мәнді, бірақ жиынтығында елеулі қоғамдық қауіптілік білдіріп, бір құқық бұзушылық ретінде жіктелетін біртекті әрекеттер қатарын бірізді жасау (мысалы: бірыңғай қаскөйлікпен байланысты, бір уақыт мерзімінде бір үйден электр есептегіштерді ұрлау);
6) бір әрекетпен әр түрлі құқық бұзушылықтар жасау. Мұның өзінде ең ауыр құқық бұзушылық есепке алынуы тиіс (мысалы, жыныстық ауруды жұқтырумен зорлау, тек зорлау белгілері бойынша есепке алынады);
7) негізгі құқық бұзушылықты жасау тәсілі болып табылатын жиынтық әрекет бөлігі (мысалы, кінәліге сеніп тапсырылған бөгде мүлікті қызметтік күйін пайдаланып иеленуі немесе шығындауы, онда қызметтік күйді пайдалану ұрлау тәсілі болып табылады, керісінше, қызметтік күйін теріс пайдалану жеке әрекет түзіп, егер негізгі актіні жүзеге асыру құралы болып табылмаса, жеке акция ретінде ескеріледі);
8) әр түрлі құқық бұзушылық құрам элементтеріне ие, бірақ біреу ретінде жіктелетін құқық бұзушылық (мысалы, жәбірленушіге қатысты зорлықпен қоса жүретін билікті асыра пайдалану, билік өкіліне қарсылық көрсетумен
9) әр түрлі объектілерге қол сұққанымен, бір құқық бұзушылық түзетін әрекет (мысалы, жәбірленуші өміріне, денсаулығына, мүлкіне қол сұғылатын қарақшылық);
10) азғын әрекеттер, еркек пен еркектің жыныстық қатынасы және эпизод санынан тәуелсіз өзге осындай актілер. Топтық құқық бұзушылық пиғылы болмаған кезде осындай актідегі әрбір жаңа серіктестік жеке құқық бұзушылық ретінде ескерілуі тиіс;
11) ҚР ҚК әр түрлі баптары бойынша жіктелетін дербес әрекеттерді бір уақытта жасаған жағдайда (мінсіз жиынтық).
А.Шаймерденов арызында ҚР ҚК 366 бабымен қарастырылған қылмыстың бірнеше рет жасалғанын көрсеткен және бұл арыз ҚР БП жоғарыда көрсетілген Бұйрығының 26 тармағының талаптарына сай келмейді.
Сондықтан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет А.Шаймерденовтың арызында көрсетілген әр жайт бойынша СДТБТда И.А.Әбішевке қатысты үш сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеуге тиіс еді. Сондай-ақ, Шымкент қаласында 07.03.2019 жылы 85000 теңгеге қатысты жайтты бөлек арыз ретінде қарастыруы тиіс еді.
ҚР ҚПК-ң императивті нормаларын бұза отырып, Д.Бахытов Әбішев пен Түкиевке қатысты тек қана бір сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеген.
Қылмыстық істің материалдарымен Д.Бахытовтың СДТБТ-де айып тағылған бойынша эпизод бойынша тіркедім деген айғағы расталмайды.
2019 жылдың 31 шілдесіне дейін қылмыстық қудалау органы 2014 жылы И.Әбішевтің 1 млн. АҚШ доллары көлемінде пара алғаны туралы хабарға сай толыққанды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізді. Және оның нәтижесі бойынша, қылмыстық іс қылмыстық құрамның жоқтығына орай тоқтатылды.
2019 жылдың 31 шілдесіне дейін барлық процессуалдық шешімдерде қылмыстық қудалау органы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің пара алу туралы екі күдік бойынша жүргізіліп жатқаны туралы айтылады.
Бірінші хабар бойынша, ЖТТ басшысы А.Аташевтің 31.07.2019ж қаулысымен 11 тұлғаға, соның ішінде И.Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚП ҚПК 35 бабы 1 бөлім 2 тармағына сай, яғни қылмыстық іс құрамының жоқтығына орай тоқтатылды.
Айыптау тарабының іс бойынша қылмыстық қудалау тоқтатылды деген уәждері келесі негіздер бойынша сын көтермейді.
ҚР ҚПК 288 бабының 5 бөлімі бойынша, іс бойынша бірнеше күдікті, айыпталушы тартылып отырса, ал тоқтатудың негізі барлық күдіктілерге, айыпталушыларға қатысты болмаса, қылмыстық қудалау тек жеке күдіктілерге, айыпталушыларға қатысты тоқтатылады.
ҚР ҚПК 288 бабының қалған тармақтары сотқа дейінгі тергеп-тексеру қандай жағдайда тоқтатылатынын көрсетеді.
Сөйтіп, іс бойынша бірнеше тұлға тартылса, қылмыстық қудалау тек қылмыстық іс бойынша тұлғаға қатысты тоқтатылады.
Қылмыстық қудалау органы СДТБТ-да арызда 2014 жылы орын алған-мыс «СМП-610» ЖШС-нен 1 млн.АҚШ доллары талап етілді, - деп көрсетілген эпизод бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркейді. Бұл сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша И.Әбішевке қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған, ал осы сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданбаған.
Екінші және үшінші факт бойынша Әбішев пен Түкиевке СДТБТ-да тіркелген сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында айып тағылған.
Қылмыстық істің материалдарында Әбішев пен Түкиевке тағылған айыптың СДТБТ-да тіркелгенін растайтын бір бір процессуалдық шешімнің жоқтығын, күні бүгінге дейін айыптау тарабының оларды ұсына алмауын ескеріп, туындаған күмәндар сотталушының пайдасына шешілуі тиіс дейтін ҚР ҚПК 19 бабына сай, сот тағылған айып бойынша қылмыстық қудалау органы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізбеген деп тануы тиіс.
Жоғарыда аталған жай-жапсарда қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауының барлық процесуалдық шешімдері заңсыз болып танылуы тиіс, бұл ең әуелі сотты Әбішев пен Түкиевті кінәсіз деген үкім шығарып, ақтауға міндеттейді.
Өз ғылыми қортындысында Заң ғылымының докторы, профессор,
М.Ч.Когамов да осындай тұжырымға келеді.
Құрметті сот! Сотқа дейінгі тергеу-тексерудің мерзімдері бұзылған.
А.Шаймерденовтың 21.12.2018ж. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жазған арызында И.Әбішев пен С.Түкиевті қылмыстық құқықбұзушылық жасаған тұлғалар ретінде тікелей көрсетеді.
22.12.2018 ж. куә ретінде жауапталған А.Шаймерденов И.Әбішев пен С.Түкиевті қылмыстық құқықбұзушылық жасаған тұлғалар ретінде тікелей көрсетеді.
2018 жылдың 24 желтоқсанында тергеуші Д.Бахытов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жедел Департаментіне Әбішев, Түкиев, Мәкішевке қылмыс жасап жатқан тұлғалар ретінде ЖТӘ-1,2 қажеттілігі туралы тапсырма береді. Бұдан бөлек, Әбішев 2014 жылы 1 млн. АҚШ доллары көлемінде пара алды, яғни қылмыстық құқықбұзушылық жасады деп береді.
Сөйтіп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған бірінші күннен қылмыстық қудалау органымен қылмыстық құқықбұзушылық жасаған тұлғалардың шеңбері анықталады.
Алайда, тергеуші Д.Бахытов 2018 жылдың 24 желтоқсаны күні ҚР ҚПК 45 бабы 7 бөлімі 1 тармағы негізінде, қылмыстық құқықбұзушылық жасаған
тұлғалардың анықталмауына байланысты, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзімін заңсыз үзді.
Д.Бахытов бұған құқығым болды деп есептейді.
Алайда, ҚР ҚПК тек тікелей түсінуге жатады, әркім оны өз білгенше түсінуге құқығы жоқ. Сондықтан Д.Бахытовтың ҚР ҚПК 45 бабы 7 бөлімі 1 тармағы негізінде, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзімін үзуге жеткілікті негіз болған жоқ, және оның негіздері ойлдан шығарылған.
ҚР ҚПК 19 бабының 3 бөлімінің талаптарына сай, қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамаларды қолдану бойынша туындаған күмәндар да күдіктінің, айыптының, сотталушының пайдасына шешілуі тиіс.
Осылайша, жоғарыда аталған жайттарды ескере отырып, Д.Бахытовтың уәждері күмәнді деп танылуы тиіс және сот мерзімдердің үзілуін заңсыз деп тануға міндетті.
Ары қарай, қылмыстық іс материалдарына сай, Д.Бахытов 2019 жылдың 10 қаңтары күні сол жоғарыда аталған негізбен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзімін жаңғыртып, тап сол күні қайта үзген. (С.Түкиевке 1,5 млн.теңгені жедел табыстау)
2019 жылдың 20 ақпаны күні Д.Бахытов сол жоғарыда аталған негізбен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзімін жаңғыртып, тап сол күні қайта үзген. (С.Түкиевке 8,5 млн.теңгені жедел табыстау)
Бұл қаулылардың мотивациялық бөлімдерінде, яғни 2019 жылдың 10 қаңтары мен 20 ақпанында, 2019 жылдың 10 наурызында жаңғыртылған деп көрсетілген.
1-2 айдан кейін болатын уақиғаларды қалай көрсете алдыңыз?, - деп сұрағанда, Д.Бахытов өзінің тарапынан техникалық қате кетті деп жауап берді.
Бұл құлаққа өте сенімсіз естіледі. Қаулылардың арасында ұзақ уақыт, яғни 40 күн болғанын ескерсек, бес әріптен тұратын «10 наурызда» («10 марта») деген сөзді жазуда қалайша үш рет қатарынан техникалық қатені жіберуге болады?
Егер, бір ГӘП болмаса, біз, бәлки Бахытовтың сөзіне, ұзақ мерзім аралығында бірдей техникалық қатені үш рет жіберген оның адам айтқысыз алаңғасар екеніне сенер ме едік:
2019 жылдың 10 қаңтары мен 20 ақпаны күнгі процесуалдық шешімдер, яғни 4 процесуалдық шешім Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқарманың мәліметтеріне сай, СТБТ базасында жоқ. Ал Бахытов аталған қаулылар бойынша СДТБТ базасында статистикалық карточкаларды толтыруға міндетті еді.
ЖТТ басшысы А.Агибаев сотқа дейінгі тергеп-тексеруді өз өндірісіне қабылдау туралы 11.03.2019 жылғы қаулысының мотивация бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру 2018 жылдың 24 желтоқсаны күні тоқтап, 2019 жылдың 11 наурызы күні қайта жалғасқан дейді, сөйтіп қылмыстық істің барысы мен тұтастай 4 процесуалдық шешімді көрсетпейді.
Агибаев пен Бахытовтың тергеушілер қаулыларда бүкіл процесуалдық шешімдерді көрсетуге міндетті емес деген уәждері бұл жағдайда сенімсіз естіледі, себебі сотқа дейінгі тергеп-тексеру үзілудің соңғы мерзімі - 2018 жылдың 24 желтоқсаны емес, 2019 жылдың 20 ақпаны. Тергеуші сотқа дейінгі тергеп-тексерудің соңғы үзілуінің мерзімін көрсетуге тиіс.
Осылайша, 2019 жылдың 10 қаңтары мен 20 ақпаны күнгі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзімін үзу мен жандандыру қаулыларын Д.Бахытовтың дер кезінде емес, кейін шығарғаны әшкере болды. Бұл жайт аталған процесуалдық шешімдердің заңсыз екенін дәлелдейді.
Құрметті сот, осылайша 24.12.2018ж., 10.01.2019ж. сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін үзу туралы қаулылар тергеуші Бахытов ойлап тапқан негіздермен бұзылған, сондай-ақ соңғы екі қаулы дер кезінде емес, кейін шығарылғанын ескерсек, бұл үш қаулы да заңсыз деп танылуы тиіс.
ҚПК 192 бабының 2 бөлігіне сай, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі екі ай деп белгіленген, тиісінше сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін үзу туралы қаулылардың заңсыздығына орай, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің екі айлық мерзімі 2019 жылдың 21 ақпаны күні біткен және бұған дейін үш айға дейін созылмаған.
Республикада бұндай сот практикасы бар. Осындай бұзушылықтар бойынша бірқатар тұлғалар (Муздыбаева, Шураев, ағайынды Кураевтар) ақталған.
Осыған орай, 2019 жылдың 21 ақпанынан кейінгі процесуалдық қимылдардың бәрінің хаттамалары – жарамсыз дәлелдер, ал бүкіл процессуалдық шешімдер - заңсыз, бұл сотты Әбішев пен Түкиевті ақтау үкімін шығару арқылы толықтай ақтауға міндеттейді.
Өз ғылыми қортындысында Заң ғылымының докторы, профессор,
М.Ч.Когамов да осындай тұжырымға келеді.
Құрметті сот! Қылмыстық іс бойынша пара нысаны анықталмаған.
Параны жедел тапсыру 2019 жылдың 10 қаңтарында (1,5 млн.теңге) және 20 ақпанында (8,5 млн.теңге) А.Шаймерденовтың С.Түкиевке және 2019 жылдың 14 наурызында (49 млн. теңгесі муляж 50 млн.теңге) А.Шаймерденовтың К.Шындаулетовке берген кезде орын алған.
- 2019 жылдың 10 қаңтарында 1,5 млн.теңгені беруді жеделуәкіл Ж.Исмагулов жүзеге асырған және ақшаны беру хаттамасын толтырған. Тергеуші Д.Бахытовтың процесуалдық әрекетті жүзеге асыру туралы тапсырмасы тергеу материалында жоқ;
- 2019 жылдың 20 ақпанында 8,5 млн теңге беруді Жедел Департаменттің басшысының орынбасары Жармаков жүзеге асырып, ақша сомасын қарап-тексеру мен табыстау хаттамасын толтырды. Тергеуші
Д.Бахытовтың процестік әрекет жасау туралы тапсырмасы қылмыстық іс материалдарында жоқ;
- 2019 жылдың 11 наурызында 50 млн теңге беруді де Жармаков жүзеге асырып, ақша сомасын қарап-тексеру мен табыстау хаттамасын толтырды. Жармаков – Жедел тергеу тобының (ЖТТ) мүшесі емес. ЖТТ басшысы А.Агибаевтың процестік әрекет жасау туралы тапсырмасы қылмыстық іс материалдарында жоқ.
Куә Д.Бахытов сотта ақша сомасын қарап-тексеру мен табыстау жоғарыда аталған үш жағдайда да - тергеу әрекеті екенін көрсетті.
Бірақ аталған тергеу әрекеттерін жүргізуге тапсырманы ауызша не жазбаша бергені оның есінде қалмаған.
ҚР ҚПК 197 бабының талаптарына сай тергеу әрекеттерін, өндірісінде қылмыстық іс бар лауазымды тұлғалардың ғана жүргізуге құқығы бар.
Тергеу әрекеттерінің хаттамаларын, өндірісінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру бар тұлғалар немесе бұл бірінші болып тапсырылғандар ғана жүргізуге құқылы.
2018 жылдың 21 желтоқсаны мен 2019 жылдың 11 наурызы аралығында қылмыстық іс тергеуші Д.Бахытовтың өндірісінде болды. 2019 жылдың 11 наурызы күнінен А.Агибаев басқаратын Жедел-тергеу тобының өндірісінде болды.
Тергеуші Д.Бахытов пен ЖТТ басшысы А.Агибаевтың А.Шаймерденовке ақша сомасын қарау және табыстау бойынша жазбаша тапсырмалары қылмыстық іс материалдарында жоқ.
ҚР ҚПК 60 бабының 9 бөліміне сай, тергеушiнің өзі тергеп-тексеретін iстер бойынша анықтау органдарының тергеп-тексерілiп жатқан iске қатысты жедел есепке алу істерімен және жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен танысуға, оларды осы Кодексте белгіленген тәртіппен осы іске қосып тігу үшін талап етіп алдыруға, анықтау органдарына орындау үшiн мiндеттi, iздестiру, тергеу және жасырын тергеу әрекеттерiн жүргiзу туралы тапсырмалар мен нұсқаулар беруге және олардан тергеу әрекеттерiн жүргiзуге жәрдемдесудi талап етуге құқығы бар.
ҚР ҚПК 10 бабының 1 бөліміне сай сот, прокурор, тергеуші, анықтау органы және анықтаушы қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Кодекс, осы Кодекстің 1-бабында көрсетілген өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті.
ҚР ҚПК 112 бабының 1 бөліміне сай, нақты деректер, егер олар осы Кодекстiң талаптары бұзыла отырып алынса, дәлелдемелер ретiнде пайдалануға жол берiлмейдi деп танылуға тиiс.
Сөйтіп, пара тіркелген үш тергеу әрекеті бұған өкілетілігі жоқ тұлғалармен жүргізілген, бұл - үш хаттаманы да дәлел ретінде жарамсыз деп тануға әкеледі.
Осылайша, айыптаумен А.Шаймерденовпен берілген пара сомасы дәлелденбеген, бұл қылмыстық істі ҚР ҚПК 35 бабының 1 бөлімі 2 тармағы бойынша тоқтатуға әкеледі.
Өз ғылыми қортындысында Заң ғылымының докторы, профессор,
М.Ч.Когамов да осындай тұжырымға келеді.
Құрметті сот! ЖТӘ-1,2-ге және оларды жүргізуге санкция заңсыз алынған.
Әбішев, Түкиев, Мәкішевке ЖТӘ-1,2 жүргізу туралы қаулыны шығарғанда және оларды екінші, үшінші айларға ұзарту барысында жеделуәкіл Ж.Исмагулов пен тергеуші Д.Бахытов көрінеу жалған мәліметер көрсеткен.
Сотпен санкция берілу барысында барлық қаулыларда жоғарыда аталған лауазымды қызметкерлер тергеу соттарын жаңылыстырған:
Бұл қаулыларда А.Мәкішев «Қазбайлық Астана» ЖШС директоры болып және ол И.Әбішевке мемдлекеттік сатып алу бойынша келісім-шарт жасағаны үшін 250 млн.теңге пара беруге келіскен болып көрсетілген
Алайда А.Мәкішевтің «Қазбайлық Астана» ЖШС-ң құрылтайшысы да, директоры да емес екені, бұл Серіктестікте шешім қабылдауға ықпал ете алмайтыны, бұл ЖШС-ң Атқару органының мүшесі еместігі қазір анықталды.
Басты сот талқылауы кезінде берген айғағынан А.Мәкішевтің міндеті - А.Шаймерденовты «Қазбайлық Астана» ЖШС-ң меншік иесі Төлегеновпен таныстыру екені ғана туындайды. Алайда, Төлегенов А.Шаймерденовпен кездескісі келмейді, бұл Төлегеновтың И.Әбішевке пара бергісі келмегенін білдіреді.
Оның өзінің ақшаға, яғни параға еш қатысы болмаған.
Иә, оның компаниясы мен «Қазбайлық Астана» ЖШС арасында консорциум туралы келісім-шарт бар, бірақ ол бұнда - кіші әріптес болғандықтан, оның компаниясы бар болғаны «Қазбайлық Астана» ЖШС-ң субподряды бола алады. Бүгінгі шақта оның бұл ЖШС-мен ешқандай іскерлік байланысы жоқ.
Сотта жауапталу барысында тергеуші Бахытов барлық мәлімет Шаймерденовтың арызы мен оны жауаптау хаттамасынан алынған деп көрсетті.
Алайды Шаймерденовтың арызы мен 22.12.2018ж оны жауаптау хаттамасында Мәкішев «Қазбайлық Астана» ЖШС-ң өкілі ретінде көрсетілген.
Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі түріндегі барлық тіркеуші органдардың интеграцияланған базасымен қаруланған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің А.Мәкішевтің «Қазбайлық Астана» ЖШС-ң басшысы да, директоры да емес екенін білмеуі мүмкін емес.
Осылайша, егер А.Мәкішевтің «Қазбайлық Астана» ЖШС-ң меншік иесі де, директоры да емес болғандықтан, оның айғағын ескерсек, ол Ж.Исмагулов пен Бахытовтың ЖТӘ жүргізу мерзімдерін санкциялау және ұзарту бойынша қаулыларында көрсеткендей, пара беруші бола алмайды.
Сонда осының бәрін жасау және көрінеу жалған мәліметтерді жоғарыда аталған қаулыларда көрсетудің қандай қажеті болды?, - деген қарапайым сұрақ туындайды.
Жауап өте қарапайым:
Шаймерденовтың айғағына сай, ол өзі – пара алуда делдал, Әбішев – пара алушы, Түкиев – пара алушының көмекшісі, Мәкішев те – пара берудегі делдал. Ал пара беруші жоқ!
Егер пара беруші жоқ болса, онда тиісінше қылмыс та жоқ!
Егер қылмыс жоқ болса, онда арнайы тергеу сотының сотына Әбішев, Түкиев және Мәкішевке қатысты ЖТӘ 1 және 2 жүргізуге санкция беріп те қажеті жоқ.
Осының бәрін біле отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жоғарыда аталған қызметкерлері сотты жаңылыстырып, өздерінің көрінеу заңсыз әрекеттерін заңдастырған.
ЖТӘ жүргізу бойынша барлық қаулылар - заңсыз, ал оның нәтижелері - дәлел ретінде жарамсыз деп танылуы керек. Бұл Әбішев пен Түкиевті тағылған айып бойынша түгелдей ақтауға әкеледі.
Құрметті сот!
Тергеуге дейінгі тергеу-тексеру әрекеттері кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері іс бойынша дәлелдерді бұрмалаған!
2019 жылдың 14 наурызы күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аға тергеушісі К.Шындәулетовке тірі тұлғаны қарау түріндегі тергеу әрекетін жүргізді.
Бұл хаттаманың мазмұнында былай деп көрсетілген: «офицер Жанболатов М. К.Ш.Шындаулетовтың екі қолын шаюға кірісті. Алдын ала, ультракүлгін лампа арқылы әуелі К.Шындаулетовтың сол қолы, сосын К.Шындаулетовтың оң қолы, сондай-ақ оның киімі сәулелендірілді. Осы кезде оның оң қолының алақанынан сары-жасыл түсті сәулелену анықталды. Киімнен өзге сәулеленудің ізі анықталған жоқ».
Хаттамаға сай, сәулелену К.Шындаулетовтың оң қолынан анықталған. Бұл тергеу әрекетінің бейнежазбасынан аса ештеңе көрінбейді. Хаттамаға сай, сол қолынан ештеңе анықталмаған, бұл бейнежазбамен дәлелденеді.
Алдын ала ультракүлгін сәулемен сәулелендірместен, қолдың жуындылары полиэтилен пакеттерге лақтырылады. Сондықтан, қазір бұл пакеттерге люминесцент ұнтақтар алдын ала салынып қойды ма, жоқ па, анықтау мүмкін емес. Бұл жайт тап осы полиэтилен пакеттердің өзінің тазалығына күмән туындатады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аға
тергеушісінің тарапынан бұндай ағаттыққа жол берілуі зығырданыңды қайнатады, ол тірі тұлғаны бірнші рет қарап жатқан жоқ қой.
Бұған қоса, айыптау тарабынан К.Шындәулетовтың ішінде пара түріндегі 50 млн.теңге бар-мыс қара сөмкені қолына алғанына даусыз дәлел ұсынылған жоқ.
Сарапшының 01.04.2019ж. №671 қортындысына сай (арнайы химиялық зерттеу бойынша сот сараптамасы) К.Шындаулетовтың сол қолынан арнайы химиялық зат болып табылатын люминесциялық заттан құралған қабат анықталған.
Тірі тұлғаны қарау кезінде К.Шындаулетовтың сол қолынан люминесциялық ұнтақтың ізі анықталмаған, алайда сараптамада ол бар, бұлай болуы мүмкін емес.
Осылайша, орын алған дәлелдерді бұрмалау, сарапшының 01.04.2019ж. №671 қортындысы мен тірі тұлғаны қараудың 14.03.2019ж. хаттамасын жарамыз деп тануға әкеледі.
Құрметті сот!
2019 жылдың 20 қаңтарындағы ЖТӘ-1 заңсыз жүргізілген.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері 25.12.2018 жылы тұлғаның жасырын аудио және бейне-бақылауына, яғни ЖТӘ-1ге сот тергеуінің санкциясын алған.
ЖТӘ-1-ге санкция И.Әбішев, С.Түкиев және А.Мәкішевка қатысты алынған.
Бұл қаулының заңдылығына қатысты өз пікірімді мен жоғарыда айттым.
Орынның аудио және бейне-бақылауына санкция алынбаған.
Әбішев, Түкиев және Шаймерденовтың әңгімесін жасырын жазудың шынайы мәліметтеріне сай, 20.01.2019ж «Cigara bar»-да тұлғаның жасырын аудио және бейне-бақылауы емес, шын мәнінде орынның аудио және бейне-бақылауы жүргізілген.
Бейнежазба даяшының жасырын аудио-бейне-бақылау жүргізу құралын Әбішев, Түкиев және Шаймерденов отырған бар үстеліне апарып қоюуынан басталады. Сірә, бұл құрал, секер мен сулық салатын ыдыспен жасырылған болса керек.
Артынан, белгілі бір уақыт өткен соң, даяшы бұл арнайы құралды Әбішев, Түкиев және Шаймерденов жайғасқан үстелге апарып қояды.
Кейін Шаймерденов кетіп қалады, ал И.Әбішевте – жұмыс бойынша өзге кездесулер, одан кейін - жұбайы мен кіші қызымен әңгіме, Жампозовпен әңгіме жүреді.
Бұл тұлғаларға қатысты аудио және бейнебақылау жүргізуге сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында санкция алынбаған және бұл әңгімелер сот тергеуінің бөлек қаулысымен заңдастырылмаған.
Соған қарамастан бұл әңгімелер тіркелген, әңгімелердің стенограммалары жасалған, бұл әңгімелер бойынша сараптамалар жасалған.
Осылайша, олардың жеке әңгімелерінің құпиялығы бойынша конституциялық құқықтары бұзылған.
ҚР ҚПК 242 бабының 1 бөліміне сай, адамды жасырын аудио- және (немесе) бейнебақылау – қажет болған кезде жасырын кіру және (немесе) зерттеу арқылы бейне-, аудиотехниканы не өзге де арнайы ғылыми-техникалық құралдарды пайдаланумен бір мезгілде олардың мазмұнын материалдық жеткізгіште тіркеп жүргізілетін, адамның сөйлеген сөзін және өзге де ақпаратты, сондай-ақ оның іс-әрекеттерін жасырын бақылау.
Сондай-ақ, ҚР ҚПК 242 бабының 2 бөліміне сай, орынды жасырын аудио- және (немесе) бейнебақылау – қажет болған кезде орынға жасырын кіру және (немесе) орынды зерттеу арқылы бейне-, аудиотехниканы не өзге де арнайы ғылыми-техникалық құралдарды пайдаланумен бір мезгілде олардың мазмұнын материалдық жеткізгіште тіркеп жүргізілетін, нақты белгілі бір жерде болып жатқан сөйлесулерді және басқа да дыбыстарды және (немесе) оқиғаларды жасырын бақылау.
ЖТӘ нәтижесінде тек қана Әбішевтің сөзін бақылау емес, оның Жампозовпен және өзге де тұлғалармен әңгімесі тіркеліп, кейін бұлар өзіне қарсы пайданылғанын ескерек, бұл жерде орынның аудио және (не) бейнебақылауы жүргізілген.
Бұл әрекеттер тергеу сотының санкциясынсыз жүргізілген, сондықтан 20.01.2019 жылғы ЖТӘ-1 жарамсыз дәлелдер деп танылуы тиіс..
Құрметті сот, сөзімді аяқтай келе, мынаны айтқым келеді:
Сот тергеуімен анықталған жайттарға орай, бірден бір заңды да әділетті сот актісі – тек қана ақтайтын үкім! !
Бұл қылмыстық іс, әуелден-ақ, үмітсіз іс еді!
Менің ойым бойынша, мемлекеттік айыптаушы, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында, жұмысы тым көптігіне орай, қылмыстық істің материалдарымен жете, мұқият таныспай, істің жай-жапсарларына тиісті мән бермей, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлеріне сеніп қалып, істі сотқа жіберсе керек, енді осы позициямен шырмалып қалып, айыптаудан бас тарта алмай отыр.
Әбішев пен Түкиевтің тағылған айыптар бойынша кінәсіздігі айдан анық.
Сондықтан «бір жазықсыз жан қамалғанша, мың кінәлі бостандықта жүрсін» деген халық даналығына сай, өмірлік тәжірибеңіз, ішкі сеніміңіз
және заңды негізге ала отырып, Сізден И.А,Әбішев пен С.А.Түкиев кінәсіз деген үкім шығарып, оларды түгелдей ақтауыңызды сұраймын.
Істің нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының атына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлеріне қатысты ҚР ҚК 417 бабымен қарастырлған қылмыстың белгілері және ҚР ҚПК нормаларының өзге де бұзушылықтары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттерін бастау туралы жеке қаулы қабылдауыңызды сұраймын.
Назарларыңызға рахмет!
Мәкіш Есқараев,
Адвокат