Жеке үлгідегі дипломдар беріледі
2020 ж. 02 ақпан
1231
0
2021 жылдан бастап Қазақстанда жоғары оқу орындарының мемлекеттік емес жеке үлгідегі диплом беруі туралы норма күшіне енеді.
Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесуінде айтты.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Кездесу барысында Асхат Аймағамбетов білім саласы үшін маңыздылығы орасан зор екі құжаттың қабылданғанын атап өтті. Олар – 2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы мен «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы. Министр педагогикалық қызметкерлердің жұмыс жағдайын жақсарту және барлық деңгейде білім сапасын арттырумен жаңартылған білім бағдарламасының артықшылықтары төңірегінде министрлік атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
З.Қабиоллаұлы
qazaquni.kz