Коронавирус Қытайдың барлық аймағына таралды
2020 ж. 31 қаңтар
2576
0
Коронавирус Қытайдың барлық аумағына таралды. Бұл туралы Reuters ақпарат агенттігіне сілтеме жасап 24.kz хабарлады.
Соңғы мәліметке қарағанда, жұқпалы аурудан 170 адам көз жұмып, 7711 адам жұқтырған. Аурудан негізінен 60 миллион тұрғыны бар Хубэй провинциясының тұрғындары қайтыс болған. Бірақ Қытайдан өзге мемлекеттерде індеттен әзірге ешкім опат болған жоқ.
Қазірге дейін вирус әлемнің 15 елінің азаматтарынан анықталғаны белгілі. Сарапшылар коронавирустың адамнан адамға жұғуы мен вирустың өзгеріске ұшырау ықтималдығы алаңдатып отырғанын айтады.
Вэнь Юмэй, Қытай вирусологтар және микробиологтар академиясының өкілі:
- Біз вирустың өзгеріске ұшырауына жол бермеуіміз керек. Егер мұндай жағдай бола қалса, онда көп мәселе туындайды. Сондықтан мұны назардан шығармауымыз керек деп ойлаймын.
Ал соңғы мәліметке қарағанда, Филиппинде де бір адамның коронавирусқа шылдыққаны белгілі болды. Қауіпті дерт 21 қаңтар күні Ухань қаласынан келген 38 жастағы қытайлықтан анықталды.
Еске сала кетейік, қазір коронавирусқа байланысты әлемнің барлық елінде қауіпсіздік шаралары күшейтілген.