Алматының қақ ортасында мәжіліс депутатын тонап кетті
2020 ж. 27 қаңтар
1601
0
Алматыда мәжіліс депутаты Ирина Смирнованың сөмкесі ұрланды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Жақында мені тонап кетті. Алматының ортасында. Көліктің бүйір терезесін сындырды. Сөмкемді алып кетті", - деп жазды Смирнова фейсбукте.
Айтуынша, сөмкесінде бағалы заттар болмаған. Құжаттары басқа кішірек сөмкенің ішінде болған.
Депутат полицияға арыз жазғанмен, тергеудің жүріп жатқанына күмән келтірді.
Алматы полициясы департаментінің ақпаратынша, ұрлық фактісі осы жылдың 5 қаңтарында болған.
"Арыз Қылмыстық кодекстің 188-бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді", - делінген хабарламада.
Жедел тергеу тобы құрылды. Жедел және тергеу шараларының кешені осы қылмысты ашуға бағытталған, деп сендірді полициядан.