Шымкент әкімі тойды кредитке өткізуге қатысты пікір білдірді
2019 ж. 26 желтоқсан
2065
0
Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов жергілікті халықтың тойды жиі өткізуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Енді, той деген жақсы ғой. Жағдайы болса, неге өткізбеске? Ал халық кредит алып, той өткізсе, ол - екінші мәселе. Әр адам өз жағдайына қарай қарау керек қой", - деді Айтаханов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.
Ал "Сізді тойға жиі шақыра ма?" деген сұраққа: "Мен тойға бармаймын. Енді, білмеймін...Той көп болсын!", - деп қысқа ғана қайырды.
Айта кетейік, Ерлан Айтаханов - бұрынғы Шымкент облысы Алғабас ауданының (қазіргі Түркістан облысы Бәйдібек ауданының - Sputnik Қазақстан) тумасы.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған. Үш жыл бұрын Отырар ауданы әкімі қызметіне тағайындалды.
Биыл шілденің соңында Шымкент қаласының әкімі қызметіне ауысты.