Петропавлда төрт жасар бала 5-ші қабаттан құлап кетіп, аман қалды
2019 ж. 25 қараша
2032
0
Петропавлда бесінші қабаттан құлап кеткен бала ауыр жарақаттар алып, жан сақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Петропавлда 4 жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.
"Амангелді көшесінде орналасқан пәтердің 5-ші қабатынан абайсыздықтан 2015 жылғы бала құлап кетті. Қазіргі таңда бүлдіршін облыстық балалар ауруханасында орналастырылды", - делінген Солтүстік Қазақстан облысының төтенше қызмет департаментігінің мәлімдемесінде.
Баланың жағдайы ауыр, қазіргі таңда жан сақтау бөлімінен шықпаған