ТАМЫРЫ ТЕРЕҢ, ТАРИХЫ ЕРЕН ШАРДАРА
2019 ж. 22 қараша
2643
0
Түркістан облысы Шардара ауданының 55 жылдық мерейтойына арналған "ТАМЫРЫ ТЕРЕҢ, ТАРИХЫ ЕРЕН ШАРДАРА" тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
Конференцияны Түркістан облыстық филиалы төрағасы, белгілі ақын Әлібек Шегебай жүргізуде. Шардара ауданы әкімі Қайрат Жолдыбайұлының құттықтауын аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев оқып берді.
Алғаш баяндама жасаған Есенбай Бейсенбиев Шардара ауданының 55 жыл толғанын нақты құжаттармен дәлелдеп берді.
Шардара аудандық Қоғамдық келісім кеңесі төрағасы Қыстау Ілесов те аудан тарихын айшықты етіп баяндап берді.
Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеттің доценті, тарих ғылымының кандидаты Шымырбаев Нартбаев оңтүстік өлкесінің тарихы туралы баяндама жасады. Химия ғылымының кандидаты, профессор Жамаладдин Махмудов топырақ зерттеу мәселесі бойынша сөйледі.
Экономика ғылымы кандидаты, профессор Мүтал Тұртаев академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті мен Шардара ауданының арасындағы іскерлік байланыс, көрсетілетін әдістемелік және тәжірибелік көмек туралы айтты.
Ақын, Халықаралық Алаш сыйлығы лауреаты, Халықаралық Сергей Есенин атындағы сыйлық - "Алтын Күз" ордені иегері, "Ақ жол" партиясы төрағасы орынбасары Қазыбек Иса сөйлеп, ауданның тарихы мен туризмдік ресурсын дамыту туралы айтты.
Шардара ауданы тарихи-өлкетану мұражайының директоры Нұрлан Смайылов ауданның көне тарихы туралы баяндама жасады.
Аудандық мәдениет бөлімі жауапты қызметкері, белгілі термеші, ақын Әбдіғаппар Айдар Шардара атауының шығу тарихы туралы айтып, Шардараға арналған жырын оқыды.
Шардара ауданының 55 жылдығына арналған 55 іс-шара өткізген мерейтой жалғасуда.