Арман Сқабылұлы: Әкімді қар жауғанда сына!
2019 ж. 11 қараша
2138
0
Әкімді қар жауғанда сына! Бұл-астанада жазылмаған заңдылық. Жас та болса бас болған Нұр-Сұлтанның жаңа әкімі Көлгінов кешелі бері жауған қарға төтеп бере алмай жатыр. Орталық көшелердің өзі дұрыс тазаланбады. Шеткілері омбы қарға омығып тұр. Жаяу жүргіншілерге тіпті қиын. Қарға малтығып әзер жүр. Тротуарларда жүру мүмкін емес. Такси тоқтамайды. "Яндекстер" жүру бағасын екі есеге көтеріп жіберді. Бұрынғы әкімдердің тұсында жауған қарды жерге түсірмей тазалап тастайтын қалың техника қайда кеткен? Әлде әлгілер өздерімен ала кеткен бе? Қалай болса да Көлгінов мырза есін жинап, жағдайды бақылауына алуы керек! Бұл қардың басы ғана. Алда алты ай қыс бар...
Арман Сқабылұлы, Фейсбук парақшасынан