Дәурен Абаев қазақстандықтарға телефон нөмірін тіркеуге кеңес берді
2019 ж. 01 қараша
1746
0
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қазақстандықтарды телефон нөмірлерін тіркеуге шақырып, тіркелмеген жағдайда не болатынын түсіндірді. Бұл туралы министр "Хабар" арнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасында айтып берді.
Министр телефон нөмірі ең алдымен тек бірнеше санның қосындысы емес, сондай-ақ жекеменшікті зат екенін атап өтті. Ол - мемлекеттік қызметтерге, кассалық операциялар мен төлемдерге қол жеткізу деген сөз.
Екіншіден, жеке қауіпсіздік мәселесі тағы бар. Нөміріңіз басқа адамға тіркелгенін елестетіп көріңізші. Ол адам сіздің жеке мәліметтеріңізге қол жеткізу арқылы нөміріңізді өшіре алады, баланстан қаражатты алады және қоңырау мәліметтеріне қол жеткізе алады деген сөз екенін атап өтті министр.
Шенеуніктің сөзінше, мемлекет ешқандай шара қолданбады деп айып тағудың орнына, уақытыңыздың 15 минутын телефон нөмірін тіркеуге арнаған жөн.
Дереккөз: Тengrinews.kz