Президент: Көмір бағасын қолдан өсіріп отырғандарға жол берілмеуі тиіс
2019 ж. 22 қазан
1797
0
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әлеуметтік» нан бағасы мен көмір бағасының өсуіне жол бермеу бойынша Үкімет пен әкімдерге тапсырма берді, деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
«Әлеуметтік» нан бағасының өсуіне байланысты Үкімет пен әкімдерге шұғыл шаралар қабылдап, субсидиялауды қарастыру тапсырылды. Көмір бойынша да осындай тапсырма берілді. Көмір компанияларымен келісіп, бағаны қолдан өсіріп отырған делдалдарға жол берілмеуі тиіс. Бақылауымда болады», - деп жазады Президент өзінің twitter парақшасында.