Нұр-Сұлтандағы барлық ПИК басшылары Ресей тілінде жұмыс жасайды (видео)
2019 ж. 29 қыркүйек
3478
0
БАС ҚАЛАМЫЗДЫҢ АШЫ ШЫНДЫҒЫ ОСЫНДАЙ!
Тіл күрескері, заңгер Жасұлан Иса тұратын тұрғын үйдің КСК (Пәтер иелерінің кооперативі) басшысы ауысып, тағы бір шайқасуымызға тура келді.
Қаламызда тіл тазалығының сақталуы үшін күресіп жүргенімізбен, ПИК-тегі кез-келген басшы ресей тілінде сөйлейді.
Ел ордамыздағы тұрғын үйлердің ПИК-тері 99,9 пайыз ресей тілінде жұмыс жасайды.
Нұр-Сұлтан қаласы Тіл басқармасының КСК-ларда шаруасы жоқ сияқты. Қала халқының өмірі осы КСК-лармен байланысты болғандықтан, КСК-лар өз жұмысын Мемлекеттік тілде жүргізулерін талап етемін!
Мұқағали Балқыбай, Фейсбук парақшасынан