Әйелдердің зейнет жасы төмендетіле ме?
2019 ж. 24 қыркүйек
7797
0
"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов президенттің қатысуымен өткен ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында әйелдердің зейнет жасын төмендету идеясы айтылғанын еске салды, - деп хабарлайды sputniknews.kz.
Мырзахметов тек зейнет жасын төмендетумен жүйенің проблемаларын шешу мүмкін емес екеніне сенімді. Оны толық реформалау керек.
"Президент вице-премьер Сапарбаевтың басшылығымен топ құруды тапсырды. Біз барлық төлемді бірыңғай әлеуметтік салыққа біріктіріп, оның ставкасын төмендетуді ұсынамыз. Себебі қазір жалақыға үлкен салмақ түсіп жатыр", - деді Мырзахметов.
Сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының пікірінше, осы саланың барлық реформасы жан-жақты тексерілген болуы тиіс. Себебі қазір мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелері аз емес.