Қытай мемлекеттегі мешіттерді талқандай бастады – шетелдік БАҚ
2019 ж. 23 қыркүйек
5626
5
Қытайдың бірнеше провинциясында мешіттер мен мұнаралар талқандала бастады. Сонымен қатар мемлекет бойынша араб жазуын пайдалануға тыйым салынған.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Independent басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлыбританиялық басылым мәліметінше Хэнан, Ганьсу және Ішкі Моңғолия провинцияларындағы мешіттер мен мұнаралар талқандалған.
Сонымен қатар ел билігі Линься қаласының мағындағы мұналарар мен күмбездерді жарып жіберіпті. Бұл қалада мемлекеттегі саны ең көп болып табылатын хуэй мұсылман жұртшылығының өкілдері тұратындықтан, ол «Қытайдағы кіші Мекке» деп аталады.
Сондай-ақ, Юньнаньдағы бірнеше мешіт жабылған. Мемлекет бойынша араб жазуын пайдалануға тыйым салынды.