Төлешовтен мемлекет пайдасына 1 млрд 215 млн теңге өндірілді
2019 ж. 17 қыркүйек
1986
0
2017 жылдан мемлекеттік сот орындаушының өндірісінде Тоқтар Төлешовтен мемлекет пайдасына 1,4 млрд теңге өндіру туралы атқару құжаты орындауда болған. Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-құжаттарды зерделеу нәтижесінде ЖШС-нің жарғылық капиталындағы активтері ретінде берілген борышкер Тоқтар Төлешовке тиесілі мүліктері анықталды, алайда аталған мүліктерінен өндіруді ұзақ уақыттан бері жүзеге асыра алмаған.
"Қала прокуратурасының тікелей араласуымен мемлекеттік сот орындаушы аталған мүліктеріне бағалау жүргізіп, нәтижесімен соттың ұйғарымы негізінде олар мемлекет пайдасына берілді. Айтылғандардың негізінде, атқару өндірісінің аясында Тоқтар Төлешовке қатысты сот үкімі орындалып, жалпы сомасы 1 млрд 215 млн теңгені құрайтын борышкердің мүлкін бюджетке өтуі қамтамасыз етілді", - делінген хабарламада.