Елордада көпірден секірмек болған адамның 6 несиесі бар болып шықты
2019 ж. 13 қыркүйек
2090
0
Нұр-Сұлтан әкімдігі ер адамның елорданың орталығындағы көпірге не себепті шығып алғаны туралы айтты, - деп хабарлайды stan.kz.
Әлеуметтік даму бөлімінің басшысы Талғат Рахманберді 1991 жылы туған ер адамның үш рет қалалық әкімдікке жүгінгенін айтты.
«Бүгінге дейін қала тұрғыны әкімдікке тұрғын үй немесе жер телімін бөлуге көмек сұрап үш рет жүгінді. 9 қыркүйекте «Еңбек» бағдарламасы бойынша СҚО-ға жұмысқа орналасуға және баспана алуға көшу туралы келісімге келген. Алайда, бүгін, 12 қыркүйекте, азамат құжаттармен келмеген, ал біздің келісім бұзылған», - деп атап өтті Талғат Рахманберді.
«Бұрын біз оның жалдамалы баспана төлемін және кейбір мәселелерін шешкен болатынбыз. Бүгінгі таңда оның жалпы құны 1,3 миллион теңге болатын алты несиесі бар екенін білеміз. Азамат ауырмайды, жанұясы, екі баласы бар. тұрақты жұмыс болды, ол жерден жағымсыз себептермен шығарылды», - деп толықтырды ол.
Бұған дейін белгісіз ер адамның Есіл өзені бойындағы көпірге шығып алған видеосын жариялаған едік.