Ислам Әбішевтің сотталатынына күні бұрын сенімдісіз бе, Бектенов?
2019 ж. 10 қыркүйек
6043
41
Қате мәліметтеріңіз үшін 165 мыңдай халық алдында кешірім сұрарсыз...
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының
бірінші орынбасары
Олжас Бектеновке
О.Бектеновтің 06.06.2019 ж.«NUR.KZ» сайтына берген сұхбатынан үзінді: Мысалы, жақында Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам
Әбішевті ұстадық. Оның әдепсіздігі жайлы сонау 2013 жылы –бағыныштылардың біреуі оның ресторанның тамағын төле
немесе костюм сатып әпер деп мәжбүрлегені жайлы шағымданғанда
мәселе көтергенбіз (журналистер – «ішік-тон алғызған»).
Егер сол кезде реакция қаталдау болғанда – оны мемқызметтен
жұмыстан шығарып жіберумен бітер еді, сонда бүгін мемлекетке
мұншама залал келтіру мен оны бас бостандығынан айыру секілді
салмақты салдарлар туындамас еді.
Құрметті Олжас Абайұлы!
- И.Ә.Әбішев бас бостандығынан айрылды деп қалай айта аласыз, егер оның кінәсі әлі дәлелденбесе және әлі сот болмаған болса?
−Жоқ әлде тергеуді сіздің ведомство жүргізіп жатқаннан кейін сіз И.Ә.Әбішевті отырғызатынына күні бұрын сенімдісіз бе?
− Жоқ әлде сіз жоғарыда отырған біреуден И.Ә.Әбішевті қамаңдар деген тапсырма алдыңыз ба, сөйтіп мерзімінен бұрын рапорт беріп жатырсыз ба?
- И.Әбішевтің ісінде мемлекетке залал келтіру деген жоқ.
Сіздің айтуыңызға қарағанда:
− тағылған айыптар бойынша И.Әбішевтің кінәсін дәлелдеу қиын болып тұр, енді сіз оның қызметінен мемлекетке келтірілген залал іздеудесіз?
- 2013 жылы И.Әбішевті жұмыстан шығарғанын, ал, 2014 жылы Елбасы Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы жұмыстан әділетсіз шығарылған адам ретінде оны өзінің бұрынғы қызметіне қайтадан тағайындады. Сіздіңше Елбасы қателескен болып шықты ма?
− 2013 жылы ол өз еркімен қызметтен кетуге мәжбүр болған еді, себебі ол су бағдарламасы бойынша 1,5 триллион теңгені жұмсауға қарсы шыққан болатын.
И.Әбішев қайтып оралған соң Үкіметтің алдында 1,0 триллион теңге шығынның артық екенін дәлелдеді және 1триллион теңгені қысқартуға қол жеткізді, ал, шығын азайса да атқарылар жұмыс көлемін бірнеше рет көтере білді.
Мысалы:
№ | Іс-шаралар | Ескі бағдарлама | Әбішевтің бағдарламасы | айырмашылық | |
1 | Суармалы жерлерді қайта қалпына келтіру | Мың. га. | 60,0 | 610,0 | +550 |
2 | Су ресурстарының үнемделуі | Млрд. м3 | 0,9 | 2,5 | +1,6 |
3 | Тасқын суды жинақтау | Млрд. м3 | 0,6 | 1,9 | +1,3 |
4 | Мембағдарламаның жалпы шығыны | Млрд. теңге | 1553,0 | 580,0 | -963 |
Бұл 3 позиция, ең шығыны көп позициялар болатын. Ескі бағдарламаның барлық параметрі атқарылар жұмыс көлемі бойынша асыра есептелген еді.
2014 жылдан бері көп жыл бойы бітпеген, кейбіреуі 2005-2007 жылдары басталған, 40-тан астам нысан іске қосылды. Тек 2018 жылдың өзінде 60,0 мың.га суармалы жер қалпына келтірілді.
Бұдан бөлек:
- Үкіметке 2,0 млн.адам өмір сүретін ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешудің жолын көрсеткен ұсыныс енгізді.
Ол бұл мәселені 2 жылда 320,8 млрд. теңге жұмсап шешуді ұсынды, ал, бұл - қазіргі жүйе 2025 жылға дейін шешуді ұсынған жобадан 1, 360,0 млрд.теңгеге арзан.
- Үкімет оның 1,5 млн. га жаңа суармалы жерді игеру мен 0,6 млн. га бұрынғы суармалы жерді қалпына келтіру туралы ұсынысын мақұлдады. Бұл – 400 мыңға жуық жаңа жұмыс орны, 3,8 трлн.теңге жалпы өнім және 1 жұмыскерге шаққанда 9,5 млн.теңге еңбек өнімділігі деген сөз.
- И.Әбішевтің қарамағында қызмет еткен адамның арызы бойынша мына сілтемені қараңыз: ">.
Арыздың мәні: ол адам өзінің НұрОтанға жасаған бейнеүндеуінде (бұл бейнеүндеуді барлық телеарна көрсетті) Әбішевке деп сатып алған костюмнің чегін көрсетеді, сондай-ақ оның туған күніне жұмсаған шығынын төлеген чекті көрсетеді.
Бейнежазбаны тоқтатып, чектерді үлкейтіп қарап едік, көргеніміз мынау болды:
Чектегі костюмнің размері - 56. Әбішевтің костюмінің размері – 50. И.Әбішев туған күнін тойлады деген кафенің чегінде көрсетілген дата - 21.04.2012ж. И.Әбішевтің туған күні - 12.05.1956ж. Өздеріңіз қорытынды жасай беріңіздер.
- Жоғарыда көрсетілген түсініктерден кейін сіз өзіңіздің қатеңізді түзететін боларсыз және И.Әбішев пен оның жақындарының алдында, еліміздің Президенті Қ.К.Тоқаевқа жазылған Үндеуге бірінші болып қол қойған шығармашылық зияткер қауымның, ҚР парламенті депутаттарының алдында, сондай-ақ үндеуге қол қойған және бүгін де қол қоюды жалғастырып жатқан 165 мыңдай халық алдында кешірім сұрарсыз деп ойлаймыз.
Құрметпен, Ислам Әбішевтың адвокаты Абзал Құспан