Халық Божконың қызметтен кетуін талап етуде
2019 ж. 05 қыркүйек
15922
8
Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божконың сөзі халықтың ашу-ызасын туғызуда. Осыған байланысты әлеуметтік желіде Божкоға пікірін ашық әрі қатқыл айтқандардың қатары көбейе түсті. Тіпті оны депутаттықтан кетіру туралы пікірлер де айтыла бастады, - деп жазды "Қамшы" сайты.
Ескерте кетсек, Мәжіліс вице-спикері Владимир Божко «халық биліктің не істеп жатқанын көріп, түсіністік танытуы керек. Иә, үш жыл ішінде халықты әлеуметтік қолдау 17 есе өсті. Бұл үшін, кешіріңіз мені, қазақстандықтар билікке тізерлеп тұрып алғысын айтуы керек» деген болатын.
Осыған байланысты әлеуметтік желіде өз пікірін білдірген Мұхтар Тайжан «Осы сөзі үшін Владимир Божко Қазақстан халқынан кешірім сұрауы керек» дейді.
– Сіз депутатсыз, нақты айтқанда, вице-спикерсіз, сіз балаларыңызбен немесе немерелеріңізбен солай сөйлесіңіз. Қазақстан халқымен емес. Егер Божко халық алдында кешірім сұрамайтын болса, онда «Нұр Отан» партиясы оның аталған лауазымға лайықты, лайықсызын қарайтын болсын»,– деді қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан фейсбук парақшасында.