Қазақстан аумағында Қытайдың 2,5 мың кәсіпорны тіркелген
2019 ж. 02 қыркүйек
2551
0
Биылғы жарты жылда Қазақстан резиденттерінің Қытай инвесторлары алдындағы міндеттемелері 15,3 млрд АҚШ долларына жетті. Қазақстан міндеттемелерінің жалпы құрылымында Қытай үлесі 6,9%-ды, 220,3 млрд долларды құрады, - деп хабарлайды 24.kz.
Қос ел арасындағы сауда байланысы 31%-ға артып, 6,8 млрд долларды құрады. Жалпы Қытайдың жыл сайынғы инвестициялық ағыны орта есеппен 22%-ға өсіп келеді. Былтыр ғана аспан асты елі Қазақстанға 1,5 млрд доллар құйған. Ел аумағында 2,5 мың Қытай кәсіпорны тіркелсе, оның мыңнан астамы жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ елімізде 27,4 млрд доллар болатын 55 Қазақстан-Қытай жобасы жүзеге асырылуда. Оның үшеуі биыл іске қосылады. Жалпы құны 350 млн доллар.
Елімізде энергиялық ресурстарды дұрыс пайдаланбаудан жылына 4-8 млрд доллар желге ұшады. Ал 2030 жылы 14 млрд АҚШ долларын шығындауымыз мүмкін. Бірақ мамандар жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша ел әлеуеті жоғары екенін айтады. Қазір баламалы энергия көздері жылына 1885 млрд кВт сағатты не 4,3 ГВт қуатты құрайды. Ал «Жасыл энергияға көшу» тұжырымдамасын іске асыру үшін 3-4 млрд. доллар инвестиция қажет. Мамандар алдағы 4 жылда келетін қаржы ЖІӨ-нің 1,8%-ы көлемінде болуы керек. Оның үстіне жасыл технологияларды енгізу экономиканы 40-60%-ға өсіреді әрі 500 мыңнан аса жұмыс орнын құруға ықпал етеді. Сарапшылар жаңартылатын қуат көздерінің дәстүрлі энергияға қарағанда 3 есе қымбат болатынын айтады.
Қазір Қазақстанда 75 жасыл энергия нысаны жұмыс істеп тұр. Еліміздегі ғимараттар баламалы энергия көздерін пайдалануға дайын ба? Жоспар бойынша 2030 жылға дейін жаңартылатын энергияға бейімделген ғимараттардың 55%-ы, электр станцияларының 40%-ы салынады. Сондай-ақ 80%-дан астам автокөлік паркі жаңартылады.
Айта кетейік, еліміздегі өнеркәсіптердің ағымдағы энергия сыйымдылығы Еуропаға қарағанда бес есе жоғары.
Сарапшылардың соңғы зерттеуіне сай, әлемдегі ең дамыған экономика АҚШ-тікі. Елдің көш бастап тұрғанына ғасырға жуықтаған. Мұндағы банк жүйесі, ірі қаржы қоры, түрлі саладағы тың технологиялар дамудың даңғыл жолына түскен. Ал Қытайдың экономикасы жылдам дамуымен ерекше. Мамандар алдағы уақытта АҚШ-ты озып кете ме деп болжайды. Әсіресе машина жасау саласындағы жетістіктері орасан. Аспан асты елінде өндірілген киім-кешек, азық-түлік жер шарына жеткізіліп отыр. Жыл сайынғы ЖІӨ 10%-ды құрап отыр.
Ал Жапония халқының еңбекқорлығымен әйгілі. Технология саласындағы жетістіктер көпке мәлім. Мұндағы робототехника саласы АҚШ-ты басып озғалы қашан. Германия да Еуропадағы дағдарысқа қарамастан екпіндеп келеді. Елдің ЖІӨ жыл сайын артып келеді. Былтыр 3,5 трлн доллардан асқан. Экономикалық көрсеткіштері айтарлықтай мемлекеттер тізімінде Қазақстан 54-тұғырда.