Мемлекет басшысы: Үкімет арнайы балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеруді қарастырады
2019 ж. 19 тамыз
3026
2
Үкімет науқас балаларға арналған балабақшалар мен мектептер тәрбиешілерінің жалақысын көбейту мәселесін қарастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің Twitter-іне сілтеме жасап.
«Менің атыма науқас балаларға арналған балабақшалар мен мектептердің тәрбиешілерінен олардың құқықтарын мұғалімдермен теңестіріп, жалақыларын көбейту жөнінде өтініштер келіп түсуде. Үндеріңіз маған жетті. Келесі жылы Үкімет осы мәселені қарастырады», - деп жазды Мемлекет басшысы.