Мұрат Бақтиярұлы: Мемлекеттік тіл ең басты құндылық болуы тиіс
2019 ж. 17 тамыз
4642
3
Президентіміздің үш тілділікке қатысты ұстанымын толық қолдаймын. Осыдан біраз уақыт бұрын парламент қабырғасында осы мәселені көтерген болатынмын. Өйткені әлемнің бірде- бір елінде үш тілді бірінші сыныптан бастап оқытпайды. Біздің министрлердің бұған келгенде көзі сокыр, құлағы саңырау болып қалды. Осы кезге дейін үш тілділікке байланысты мемлекеттің ондаған миллиард қаржысы желге ұшты. Оған кім жауап береді? Өзін-өзі сыйлайтын мемлекетте мемлекеттік тіл ең басты құндылық болуы тиіс. Бұл өзгермейтін аксиома. Ғасырлар бойы отарлықтың қамытын киген біздің ел үшін бұл өте өзекті мәселе.
Мұрат Бақтиярұлы, Фейсбук парақшасынан