Жоғары несие өнім бағасын өсіреді
2019 ж. 20 шілде
2013
0
«Ақ жол» партиясы фракциясының депутаты Кеңес Абсатиров Шығыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіп ұжымдарымен кездесуде. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты іссапар барысында 4 кәсіпорынды аралады. Оның ішінде екеуі – облыс орталығында, екеуі – ШҚО Глубоков ауданында.
«Силумин Восток» кәсіпорны директоры Зоя Новолодская депутатты ілмекті арматура, жинақталған тарату құрылғысы, екіжақты сору сорғысы, құйма оқшаулы құрғақ трансформатор, электрмагнитті шығын өлшегіш сынды зауыт өнімдерімен таныстырды.
Өнеркәсіп тауарлары жақын жердегі мемлекеттерге ғана емес, Африка елдеріне де тасымалданады.
Кәсіпорын иесі сандық бағдарламаны басқару бойынша реттеуші, білдікші, технолог, конструктор сынды кәсіби мамандардың жетіспеушілігі мәселесін де айтып өтті.
Келесі бір мәселе – айналымға жеткіліксіз қаражат үшін несиенің жеткіліксіздігі: «Даму» қорының беретін ақшасы зауыттың толыққанды жұмысына жеткіліксіз, ал банктің 14% мөлшерлемесіндегі несиесі шығарылатын өнім бағасының өсуіне алып келеді. Отандық өндірушінің айтуынша, егер несие мөлшерлемесін 4%-ға түсірсек, бұл мәселені шешуге болар еді.
Кездесу соңында депутат кәсіпорын жұмысшыларынан елдегі реформаларға байланысты сұрағын қойды. Жасы үлкен жұмыскерлер зейнет жасының өсуіне алаңдаушылығын білдірсе, жастар орта білім беру жүйесіндегі реформаларға байланысты өз ойларын білдірді.
Еншілес «Ульба-электро» ЖШС өндірістік-коммерциялық фирманың директоры Александр Фроимчук қондырғылардың жекелеген бөлшектерінің жұмысын тексеріп, қызметкерлерді даярлауға арналған арнайы жабдықталған оқу сыныбын таныстырды.
Кеңес Абсатировтың іссапары ШҚО Глубоков ауданында жалғасты.
qazaquni.kz