Ауыл тұрғындары бұзақыны өздері жазалады
2019 ж. 15 шілде
2689
0
Ұсақ бұзақылық үшін сотталған адам Осакаровка елді мекеніндегі аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Жедел жәрдем бригадасы ер адамды жазасын өтеп жатқан камерадан алып кеткен.
2 шілде күні Центральное ауылының тұрғындары ер адамды бұзақылық жасағаны үшін ұстап алып, ұрып-соғып, содан кейін жергілікті полиция бөліміне жеткізген. Келесі күні Осакаров аудандық сотының шешімімен 37 жастағы сотталушы "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасады деп танылды. Ол 15 тәулікке қамауға алынды.
Полицияның мәліметінше, соттан кейін денсаулық жағдайына шағымданған азамат Осакаров ауданының ауруханасына жеткізілген. Оны дәрігер тексеріп, науқастың құрсақ қуысын рентген және УДЗ-ге (УЗИ) түсірген.
"Ер адам таныстары ұрып-соғып, дене жарақатын салғанын айтқан. Осакаров ауданының полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды. Кейін сотталушы абақтыға жабылды. Қамауда болған уақыттың ішінде сотталушының шағымы бойынша күн сайын жедел жәрдем шақырылды ", - деп атап өтті полиция ведомствосы.
Ұсталғаннан алты күн өткен соң, 8 шілдеде сотталушы Осакаров ауданының ауруханасына жатқызылады, ол 10 шілдеде операциядан кейін қайтыс болған.
Оның қайтыс болуы фактісі негізінде 317-бап (Медицина немесе фармацевтика қызметкерлінің кәсiптік мiндеттерiн дұрыс орындамауы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұл бап бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Полиция қызметкерлері полиция бөлімінде және Осакаров аудандық ауруханасы қабырғасында ер адамды ешкім ұрып-соқпағанын айта кетті, оған видеожазбалар дәлел бола алады.