Түрмеден хат: "Әбішев еркіндікте болса, миллиондаған адамға пайдасы тиеді"
2019 ж. 12 шілде
6751
6
"Қазақ үні" ақпарат агенттігінің электронды поштасына "біртүрлі" хат келді. Олай дейтініміз, үкіметтік ұйымдар, әкімдіктер мен министрліктердің баспасөз хабарламаларын алып үйреніп қалған біздерге түрмеде жатқан адамның хаты келіп түсуі - бірінші рет. Темір тордың ар жағындағы Қадыржан есімді қазақ жігіті анасына жан тебірентерлік хат жазып, біраз әңгіменің басын қайырған екен. Қадыржан түрме ішінде Су ресурстары комитетінің экс-төрағасы Ислам Әбішевпен танысқаны туралы жазып, ол туралы өзінің көзқарасын ашық айтыпты.
Біз, әр Қазақстан азаматы өз көзқарасын білдіре алатын еркін пікірталас алаңы ретінде, Қадыржанның хатын поштамызға келген күйінде жариялауды жөн көрдік.
Редакция
Мама!
Сәлембердік! Қалдеріңіз қалай!
Ауырып жүрген жоқсыз ба?
Өзіңізге белгілі мен мұнда жазықсыздан! жазықсыз жатырмын.
Бір айдан асқанша тергеуші де келмей бостан, бос жаттым. Осыдан бір ай капаста Ислам Әлмаханұлы Әбішев деген ағамен таныстым. Ол кісіге үлкен рақмет! Көп жағдайды түсіндірді. Екі мың долларға адвокат жалдап берді. Әрине шыққан соң біртіндеп қайтарамын ғой. Жалпы бұл кісі өте мейірімді жан. Менен басқа да көптеген жас балдарға ақыл кеңесін беріп көмектесіп жатыр, бірен-сараң қаржылай жәрдем беріп көмектесіп жатыр. Төрт-бесеуі қамалатын жерінен босанып шықты, Алла бұйырса 1-айға жетпей менде босап шығамын. өзі түрмеде отырса да, 10 жылдан 15 жылға дейін қамау қаупі болса да қиналмай жан-жағындағы адамдарға көмек беруден шаршамайды.
Менде көп нәрсені үйрендім. Өмірге көзқарасымды өзгерте бастадым. Бұл кісі қып-қызыл жаламен отыр. Себебі мемлекеттің 1 триллион теңге қаржысын үнемдеп, соны пайдаланып жеп кетпекші болғандардың аузынан қаққан.
Тағыда халықты ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 600,0 млрд теңгеге үнемдеуге болады деп үкіметке мәселе қойған. Бірақ бірде бірін үкімет қолдаған жоқ. Қайта біреуге арыз жаздырып содан пара алмақшы болды деп түрмеде қинап ұстап отыр. Жасы мамыр айында 63-ке толды. Өзі бес мезгіл намаз оқиды. Өсіп өнген жандар 7-8 туған інілері, 13-14 немере інілері, 7-8 ұл қыздары бар. Өзінен басқа ешқайсысы мемлекеттік қызмет істемейді. Барлығы кәсіпкерлікпен айналысады. Бәрі де оқыған сауатты, жағдайлары да дұрыс адамдар. Бұл кісі Қазақстандағы барлық баспанаға мұқтаж адамдарды 3 жылдың ішінде осы қазіргі бөлініп отырған қаржымен-ақ толық қамтамасыз етуге болады дейді. Қазір соның есебін жасап жатыр. Жақында жариялаймын дейді, тағы басқа кәсіпкерлерге 2-3 пайыздан аспайтын кредитпен қамтамасыз етудің бағдарламасын дайындап жатыр.
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 300,0 мың теңге болатын етіп біртіндеп, көтере отырып 3 жылда қол жеткізуге болады деп отыр.
Бұл кісі бұрын су саласын басқарған сондықтан бұған дейін қаржыны тиімді пайдалану жөніндегі ұсыныстарды осы су саласы бойынша жасап келген сонын арқасында пенсияға 2 ай қалғанда түрмеге түсті. Көптеген ойларын үкіметтіңқызметінен кетіп пенсияға шыққанда жазамын деп жүргенде түрмеге түсті. Түрмеге түссе де тынбай еңбек етіп отыр, біз ол кісіге өзіңіз қамалып кетсеніз әуре болып қайтесіз, денсаулығынызға қарап жатпайсызба десек ол кісі былай деді: «Алла тағала осы жұмыстарды қаржымен халыққа пайдалы етіп жасаудың жолдарын маған білдіріп түр. Егер мен ерініп, болмаса үкімет басындағылардан қорқып, өз қара басымды ойлап, бұғып қалсам, онда Алланың алдында күнәһар, айыпты болмаймын ба? Арғы дүниеге барғанда не деп жауап беремін» дейді.
Біз жігіттер барлығымыз бұл кісіні терең түсіне бастадық, сондықтан барлығымыз ақылдасып сізге хат жазып отырмыз. Бұл кісі мұнда отырмауы керек миллиондаған қарапайым адамдарға пайдасы тиеді. Сондықтан сыртта еркіндікте болуы керек.
Бұл кісінің інілері, ұл-қыздары прокурор сот, тергеушілермен келісейік, сұрағанын берейік деп қайта-қайта айтатын көрінеді, бұл кісі мүлдем қарсы менің ешқандай күнәм жоқ. Мен ақталып шығамын дейді, егер біреуге бірдене бергендеріңді білсем онда өзім-ақ шықпай отырамын дейді. Маған оны менің адвокатым айтты. Адвокат айтады бұлай ешкіммен келіспесе сотталып кетеді дейді. Сондықтан біз жігіттер болып ақылдасып, қарапайым халық арқылы қолдау көрсетейік деп шештік. Инстаграмда ма, фейсбукте ме Абишев Исламды қорғау комитеті деген құрылыпты, соған тіркелу керек. Әрбір ол кісіні қорғайтын кісі. Әлде «Қазақ үні» деген сайтта тіркеледі ме, соны көру керек. Мама, Асанға айт. Ауылдың адамдарына, өзінің таныстарына, Бағдатқа, Маралға айтсын. Фейсбук, инстаграм арқылы таратсын, Cақады жігіттерге де айтып, оларда қолдасын. Жалпы қарапайым халықтың барлығына тарату керек. Сөйтіп Ислам ағаны қолдайтындардың тізіміне барлығы тіркелуі керек. Асан, Бағдат, Марал, мама өзіңіз бас болып біздің батыстан ағаны қолдайтын адамдар санын барынша арттырсақ, ол кісіге өте көп жәрдем болады. Мама өзіңіздің, бала-шағаның, үйдің (ішін-сыртын) суретке түсіріп жіберсеңіз бәріңізді сағындым.
Балаңыз Қадыржан!
Рахима Жубанова (мамам)