Алтай Көлгінов маса улауды уақытында қолға алмағандар жазаланатынын айтты
2019 ж. 09 шілде
2654
0
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қаланы қаптаған масаны улау жұмыстарын уақытында қолға алмағандар жазаланатынын айтты. Ол бұл жөнінде өзінің Twitter аккаунтында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тұрғындар тарапынан маса улауға қатысты көптеген шағымдар түсуде. Бұған қатысты аудан әкімдері мен тиісті басқармаға шұғыл түрде шара қабылдауды тапсырдым. Тиісті шараны уақытында қолға алмағандарға тәртіптік шара қолданылады», - деп хабарлады шаһар басшысы.
Еске сала кетейік, біз бұған дейін қалада маса-шіркейді улау жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын жазған болатынбыз. Онда қанатты қансорғыштардың шектен тыс көбейіп кетуіне ауа райы әсер еткені айтылған. Тиісті қызметтердің мәліметінше, қаладағы әр аудан бойынша 6-8 шілде аралығында дезинсекциялық іс-шаралар жүргізілген.