Грузияда кинотеатрлар орыс тілінде сеансын тоқтатты
2019 ж. 24 маусым
2340
0
Елдегі ең ірі кинотеатрлар желісінің бірі орыс тілінде көрсетілетін сеанстарын тоқтатты. Сонымен қатар, басқа да кинотеатрлар осындай шешім қабылдады деген деректер бар.
Грузиядағы Сауеа кинотеатрлар желісі елдегі наразылық акцияларынан кейін фильмдерді орыс тілінде (орыс тіліндегі аудармасы бар фильмдер) көрсетуін тоқтатты. Бұл туралы Грузия Online хабарлады.
Порталдың хабарлауынша, Сауеа – елдегі ең ірі кинотеатрлар желісі. Мұндай шешімге келу – наразылық акциясына шыққандарды қолдау ретіндегі шешім екені хабарланған. Мұндай шектеу қашанға дейін болатыны айтылмаған.
ТАСС ақпарат агенттігі Грузиядағы кинотеатрлар желісінің ақпараттық қызметіне сілтеме жасап, республикадағы барлық кинотеатр орыс тіліндегі сеансын тоқтатты деп жазды.
21 маусымда Тбилисидің орталығында наразылық акциясы басталды. Оған ресейлік депутаттар делегациясының елге келуі себеп болған.
Грузияның Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, қақтығыс барысында 240 адам зардап шеккен, оның 80-і – полицейлер.
Митинг 22 және 23 маусымда жалғасты.
Тбилисидегі ресейгеқарсы акцияның ушығуына байланысты РФ президенті Вдадимир Путин елінен Грузияға әуе рейстерін тоқтатты.
Дереккөз: baq.kz