ҚОШ БОЛ, ҚОСАНОВ!
2019 ж. 10 маусым
2127
28
Оппозиция мен Ұлтшылдар терісін жамылып, өз терісінен айрылу деген осы болады

"Ең үлкен қиянат - сөзіңе сеніп тұрған халыққа өтірік айтуың".
Хадис
Саясаттан хабары бардың бәрі алдын ала жақсы білгендей, Оппозиция мен Ұлтшылдардың терісін жамылып жүріп, сайлауда 15 пайыз алған Қосанов елдің ең алдымен Тоқаевты жеңісімен мақтап тұрып құттықтады. Тіпті, дауыс беру әлі толық аяқталмай жатып, оның сайлаушылары алыс аймақтарда әр дауыс үшін алысып жатқанда, Нұр-Сұлтандағы бұның жеңілгенін мойындағанын «Хабардан» хабарлап тұрғанын көру қаншалықты ауыр еді адал да, аңғал қарапайым халық үшін... Тіпті, биліктің өзі - Бас прокуратура сайлау кезінде 19 заң бұзушылық болды десе де, бұл Қосановың "Жоқ, ешқандай заң бұзушылық болған жоқ"-деп, күні бойы экраннан түспей қойды ғой... Бұндай құйтырқылықты тыңдаудың, бүлк етпес бетке қараудың өзі қандай қиын еді сайлаушыларға?!. Бірақ Қосановтың өзі қолдаушыларын сайлауда лақтырып кеткенін сезінер түрі көрінбейді.. «Қанша адам дауыс берсе, сонша адам қарғыс айтып жатыр, Дос Көшім екеуің елден кетіңдер» деп жазып жатыр әлеуметтік желіде. Ал, Қосанов биліктің бұйырған тапсырмасын тастай қылып орындап шықты! Жарайсың, Әбеке! Көп болса, көптен армандап жүрген, бірақ елге «маған қанша қызмет берсе де, бармадым» дей салатындай, (ойындағыдай қызмет болмаған ғой), бір майлылау жілікті ұсататар. Бірақ, енді Қосановқа, ол арқылы жалпы, «Жаңа Қазақстан» тобына сайлауда халықтың дауысын алуға жол жабылғаны ойына келмейді ме? Иә, халықты лақтырған оны енді достарының өзі лақтырады. Себебі, олар алдағы парламент сайлауына түскісі келсе, елдің алдында айыбы зор мұнымен бірге түсе ме? Былтыр комсомолдың 100 жылдығын тойлауына барғанда «Мен ол тойға барғандармен амандаспаймын» деген қасындағы серігі Расул Жұмалы секілді (бірақ ол айтқан сөзін орындамады) мұнымен ел амандасады ма енді... Әлеуметтік желіде жазып жатқандай, енді серіктері сайлауға Қосановсыз, «Ұлт тағдыры» атынан Ұлттық мүддеге қарсы «қызыл комсомолды» ұсынған, қалың елдің сенімі тапталуына себепкер болған Дос Көшімсіз, «қазақ тілін артына тығып қоятын» Серикжан Мамбеталинсіз баруға тырысады естері бар болса... Мамбеталин демекші, қайта оның ұяты бар екен сәл де болса, «Сайлауда сенген серігің сатып кетсе, халыққа не айта аласың? Сіздер секілді маған да ауыр және қиын! Кешіріңдер!»-деп, елден кешірім сұрай алды... Оған да рахмет! Ал қаншама саясаткерлер қарапайым халықтан бұрын өздері алданып, елді үгіттегені үшін елден кешірім сұрауда... Олардың көбісінің парақшаларына не деп жазып жатқанын жазуға менің қолым бармай отыр... Қосановтың терісін тірідей сыпырып жазып жатқандардың жанында біздің сайлау басталмай тұрып, сынағанымыз жәй боп қалды... Айтыс ақыны Ринат Зайытов пен режиссер Еркін Рақышев өздері ғана алданып қалағандарымен қоймай, Қосановтың халықты алдауына оның алдына түсіп алып, шапқылап, зор үлестерін қосқаны үшін бүгін біраз бақылаушыларын жинап алып, тізерлеп тұрып елден кешірім сұрады. Полиция мекемесіне де бірер сағат "қонақ" болып қайтты... Әрине, саясаттан хабарсыз айтыскер мен режиссер түгілі сақалы саясатпен ағарғандардың өзі сандарын соғып қалып жатқанда бұларға кешірімді де шығар бәлкім... Қосановтың бір былығынан біреуі артып, кеше 9 маусым күні өз талаптарын қойып, митингіге шыққан жастарды тағы да айыптап шықты. Шал-кемпір мен балаларды сүйрелеп бара жатқан біздің полиция туралы бір ауыз сын айта алмады бірақ... Курстастарының біразы жазып жатқандай, 1986 жылы, осыдан 33 жыл бұрын Желтоқсанға қатысқан студенттер туралы да осылай сөйлеген еді. "Тілді сатқан Қосанов Елді қалай қорғамақ" деп, сайлау мерзімі басталмай тұрып, «Қазақ үні» ұлттық порталында жазғандай, сол комсомол жиналыстарында өзімен бір факультетте оқитын дарынды ақын Аманғазы Кәріпжан мен ұлтшыл қыз Гүлнәр Әбішеваны және тағы басқаларды дәл осылай жазғырып, қолынан келіп тұрғасын комсомолдан-оқудан шығарып, без тергізіп жіберіп еді.... Ал билік жеңілген баланы "сен де жаман емес, жақсы жеңілдің" деп, басынан сипап, жуып-шайғандай, қолдаушысы сатып кеткен сайлаушыларды "әлі талай алданасыңдар, ондайлар аман болса" деген секілді жұбату мақалалар жазғызуда өздеріне қарасты басылымдарда... «Ұялған тек тұрмас» дегендей, Қосановтың ақталған түрін қараңыздар. «Мен сайлауда дауыс жинауды 16 пайызға көтердім. Бұрын ол 6-9 пайыз еді, » деп қояды.