ТІЛ КҮРЕСІНІҢ КӨСЕМІ МҰҚТАР ШАХАНОВ КІМДІ ҚОЛДАУЫ КЕРЕК?!.
2019 ж. 06 маусым
11086
23
Мұзбалақ ақын Мұқтар Шаxанов Президент сайлауында, мемлекет басшысы бола салысымен мемлекеттік тілді қолдап, "Ең бастысы -Қазақ тілі болуы керек!"-деген Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтынын мәлімдеді. Бәрі орынды - әркім өз таңдауын жасауға құқылы. Ол үшін ешкім ешкімнен рұқсат сұрамайды.Бірақ Жанболат Мамай бастаған Қосановты қолдаушылар тобы олай ойламайды екен... Олар үшін өздерінің таңдағанынан басқаны таңдағандар - жаулар екен. "Апама - жездем сай" - сол баяғы қызыл коммунистік-комсомолдық қып-қызыл пиғыл! Жау іздеу жарысы! Ұқсамасаң, қолдамағырлар...Тіпті, олар "Мұқтар Шаханов халықтың қолдағанын неге қолдамайды?"-деп, өздерін ғана халық санайды екен. Ал сонда Мұқаңнан бастап, басқа үміткерлерді қолдап жатқан көпшіліктің бәрі халық емес екен?!. Күлесің бе, жылайсың ба? Толғамды пікір айтқанның. топ жарып ой айтқанның бәріне топтанып алып, тас атқылап жатқандарды "тобыр" деген ер ағаларым Ермұрат Бәпи мен Геройхан Қыстаубайлардың сөзі еске түседі осындайда...Әлемге әйгілі атақты ақынымызды, Ұлт мүддесі жолында күресіп келе жатқан қайсар қайраткеріміз Мұқтар Шахановты әлеуметтік желідегі "Неге менің қолдағанымды қолдамайсың?"-деп, ауыздарына келгенін айтып, негізсіз күстаналап, қара күйе жағып жатқандарға қарап, кейбіреулердің соншалықты қазіргі биліктен де асып түскен алкеуде автократтығына таңғаласың? Тағы да өздері "демократия" деп, ышқырларын ұстап тұрып, ышқынып айқайлап қоятынын қайтерсің?..Сонда қалай, сендердің ойларыңша Мұқтар Шаxанов кімді қолдауы керек? Азырақ мишықтарыңды іске қосып, ойланып көріңдерші кәне1.Өмір бойы Қазақ тілі үшін күресіп келе жатқан Мұқтар Шаxанов Президент бола салысымен "Ең басты орында Қазақ тілі болуы керек" деген, Президент болмай тұрып-ақ бір жыл бұрын, Сенат төрағасы кезінде-ақ үштілділікті бастауыш сыныптан оқытуды тоқтатуды талап еткен Тоқаевты қолдауы керек пе, жоқ, әлде 2011 жылы өзі басшылық жасаған, Қазақ тілінің дамуы үшін Конституциядан орыс тілі туралы 7-баптың 2-ші тармағын алып тастауды талап еткен әйгілі 138-дің Ашық xатын қолдамай, қарсы болып, қол қоймаған Амиржан Косановты қолдауы керек пе?!.Қосанов сонда кешегі кеңес заманында емес, Тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл толған кезде де Қазақ тілінің дамуын қолдауға қол қоймай отырғанын ойлау керек қой... Ал енді кеше сайлауалды бағдарламасына "Мемлекеттік тілді дамытамын" деп жазып алуға мәжбүр болған Қосанов өзінің ең жақын қолдаушысы, сайлауалды штабының шын мәніндегі жетекшісі СерИкжан Мамбеталиннің "Қазақ тіліңді артыңа тығып қой" дегеніне жария түрде бір ескерту де жасамады. ("Қатырдың" деп, қайта арқасынан қағып қойған болуы да мүмкін...) Қазақ тілін - Ана тілін қорлаған қылмысын терісін тірідей сойып тұрып айтқан Алаштың абызы Дулат Исабековты Лондонда "еуропалық тәрбие алған" Мамбеталиннің атасын қарғаған ауылдың кейбір көргенсіз кержақ келіндеріндей "қақбас" дегеніне де былқ етпеді...2.Өзі Тәуелсіздіктің қарлығашы - Желтоқсан көтерілісінің ақиқатын қылышынан қан тамып тұрған Кремльдің төрінде айдай әлемге әшкерелеп берген Мұқтар Шаxанов 1986 жылы Азаттық аңсап, ақырып теңдік сұрап, алаңға шыққан, бір факультетте оқыған Желтоқсандық бауырларын комсомолдан қуып, оқудан шығарған ҚазМУ-дың журналистика факультетінің комсомол комитетінің xатшысы Амиржан Косановты қолдауы керек пе?Егер өмір бойы ақиқатты жырлап келе жатқан ақиық ақын өзі күресіп, қорғап келе жатқан Тәуелсіздік (Желтоқсан), Тіл секілді ең басты қасиетті ұғымдарға қарсы шығып, басқаша, яғни керісінше таңдау жасағанда, кім болар еді?! Мысалы, Мұқтар ағамызды мұқатқысы келгендерден үнемі қорғап келе жатқан, жанында жүрген ең жақын ақын інілерінің бірі ретінде мен ардақты ағамызға біздің үміткеріміз, 2007 жылы партялардың ішінде ең алғаш Ұлттық тұжырымдамасын жариялаған, 2012 жылы Мемлекеттік тіл туралы заң жобасын ұсынған "Ақ жол" партиясы ұсынған Дәния Еспаеваны қолдамады деп, орынсыз кінә артып жатқан жоқпын ғой. Ал сендердің айдалада отырып алып, аяқ астынан жердің шаңын шығарып, тоңқып жатқандарыңа жол болсын!Қайта алыстан да, айналасынан да: "Біздің таңдауымызды таңдауыңыз керек" деп, қысым жасап, өзеурегендерді өзінің өр мінезімен, орынды таңдауымен өз орындарына қойып қойған Мұқтар Шаxановқа риза болушылар өте көп.Ал Қосановты қолдаушыларға, олардың өз таңдауларын сыйлай отырып, айтарым, яғни тегін кеңесім: "Сіздер кеше дебатта коммунист кандидаттан өзіне тиер сөз тілеп алып, Қызыл комсомолдың 100 жылдығын тойлағаны туралы оңбай соққы алған Амиржан Косанов сияқты, өздеріңізге және өздеріңіз қолдап отырған Қосановқа тиетін сөзге, ең бастысы елдің жарасын сыздататын қасиетті тақырыптарға жоламауларыңыз керектігіне ақылдарыңыз жетеді ғой деп үміттенемін.Қазыбек ИСА,"Қазақ үні" газеті