Министр ҰБТ орталығының директоры не үшін қамалғанын айтып берді
2019 ж. 29 мамыр
3463
1
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов мемлекеттік сатып алу кезінде қонақ-үй қожайындарынан пара алған деп айыпталып отыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова айтып берді, - деп хабарлайды astanatv.kz.
Күләш ШӘМШИДИНОВА, ҚР БІЛМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:
Тергеу амалдары жүріп жатыр. Бізге белгілі болғандай ол мемлекеттік сатып алу кезінде қалаға келуші адамдарды орналастыратын қонақ үйлерді таңдауға қатысты қамауға алынған.
Еске салайық, өткен аптада жемқорлықпен күрес агенттігі министрлікке қарасты Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры Рамазан Әлімқұловты екі айға қамауға алды. Күдікті сыбайластар арқылы аса ірі көлемде пара алды деп хабарлады. Сондай ақ, орталықтың бұрынғы басшысы мемлекеттік сатып алу кезінде жеке компанияға жақтасып, құны 9 млн теңге болатын Toyota Camry автокөлігін иеленгені айтылды.