Бас санитар қызылшаның өршуіне байланысты ата-аналарға ескерту жасады
2019 ж. 18 қаңтар
7032
0
Жандарбек Бекшин ата-аналарға ескерту жасады Қазақстанда қызылша дерті өршіп бара жатқанына байланысты еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин, ата-аналарға ескерту жасады! Ол қызылшаға қарсы екпе қабылдамаған балаларды адам көп жүретін жерлерге жібермеуге кеңес берді, - деп хабарлайды КТК арнасы.
Жалпы, ел бойынша соңғы үш айда 900 адам қызылшаға шалдыққан. Науқастардың 80 пайызы - балалар. Атырау облысында да жағдай жақсы емес. Аймақта дертті жұқтырды деген күдікке ілінгендердің саны 60-қа жуықтаған. Бірақ, ауруханаға қаралғандары 40-тан астам. 4 бала ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түскенімен, олардың алды ауруханадан шығып, өзгелері палатаға ауыстырылыпты.
Мамандардың айтуынша, мұнда да науқастардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі бала. Олардың жартысынан көбі бұл дертке қарсы екпе қабылдамаған дейді Бекшин. Сол себепті ол ата-аналарға аурудың алдын алу керектігін, яғни, міндетті түрде вакцина салуға кеңес берді. Ал, қызылшаға қарсы препарат елімізде жетіп артылады. Және тегін. Ал екпесі жоқ балаларды қоғамдық орындар мен дүкендерге және мерекелік шараларға жібермеген дұрыс. Дәрігерлердің айтуынша, қызылша Қазақстанға шекаралас елдерден келуде немесе шетелге шығып келген туристер тасымалдайды екен.
Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:
- Өткен жылы ел бойынша 576 жағдай тіркелді. Әрине, бұл тіркелген жағдай өсу бар. Бірақ локальді аурудың өршуі Астанаға баға беріп жатырмыз. Неге десеңіз, бұл қалада екі жылға жуық бұл ауру тіркелмеді. Өткен жылы байқалды. Атырауда аурухана 25 ауру жатыр.