Алдағы күндері күн суытады
2018 ж. 13 қараша
10898
0
Синоптиктер 2018 жылғы 13-15 қарашаға арналған ауа райы болжамын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Болжамға қарағанда, Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аудандарынан Қазақстанға жылжыған кең алқапты және күшті антициклон республиканың барлық аймағында айтарлықтай суық тудырған. Жексенбі күні ауа температурасының ауытқуы осы маусым үшін 3...8°С төмен болған, ал солтүстік және шығыс облыстарда 10...15°С төмен болған. Тек қиыр оңтүстік пен оңтүстік-шығыста температураның ауытқуы оң таңбалы болыпты.
"Бірақ антициклонның шығысқа жылжуы мен созылмалы суықтың енуіне байланысты осы аудандарда да алдағы тәуліктерде айтарлықтай суық ауа райы күтіледі. Сондықтан алдағы үш тәулікте антициклонның әсеріне байланысты Қазақстан территориясының басым бөлігінде суық және көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бірақ 15 қарашада күндіз ауа температурасының аздаған жоғарылауы мүмкін", - делінген болжамда.
Сондай-ақ, синоптиктер 12 қарашада Маңғыстау облысы бойынша кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ сақталатынын айтып, ескерту жариялады. Ал 12 қарашада күндіз, 13 қарашада тәулік бойы Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін желдің күшейеді екен.