Әбу Дәуіт, әл-Хакім әт-Тәбәрани жинақтарында Алла Елшісінің (с.ғ.с.) ибн Масғұдқа мына дұғаны үйреткені айтылады:
«Аллаhүммә әллиф бәйнә қулюбинә, ва аĉлиẍ зәтә бәйнинә, уаhдинә субуля-с-сәлями, уә нәджджина мина-ӟ-ӟулюмәти иля-н-нур, уә джәннибна-ль-фәуәẍишә мә ӟәhәрә минhә уәмә бәҭәнә, уә бәрик ләнә фи әсмә’инә уә әбĉаринә уә қулюбинә уә әзвәджинә уә ҙурриййятина. Уә туб ‘аляйна, иннәкә әнта-т-таууабу-р-раẍим. Уадж’альнә шакирина лини’матикә, муҫнина биhә уә ḱабилиhә уә атиммаhә ‘аляйнә».
Мағынасы: «Уа, Алла, біздің жүректерімізге бірлік, ара қатынасымызға мейірімділік бере гөр. Бізге есендік беріп, жамандықтан сақтап, нұрыңа бөлегейсің. Біздің адалдығымызға жасырын әрі ашық қылау түсіруден сақта. Біздің құлағымызды, жанарымызды, жүрегімізді, жұбайларымызды және ұрпағымызды жарылқа. Шынында, Сен – тәубаларды қабыл етуші әрі Кешірімдісің. Берген нығметтеріңді көңіл ризалығымен қабылдаған және Өзіңді мадақтаған құлдарыңнан болуды нәсіп ет».
Дереккөз: Ummet.kz