Ғалымдар Facebook-тің денсаулыққа қауіпті екенін анықтады
2018 ж. 12 қараша
2797
2
Әлеуметтік желіде көп уақыт өткізу жалғыздық сезімін тудырып, депрессияға алып келеді, деп жазады Journal of Social and Clinical Psychology-ге сілтеме жасап sputniknews.kz.
Журналда АҚШ-тағы Пенсильвания университетінің ғылыми қызметкерлері жүргізген зерттеудің қорытындысын жариялады. Экспериментке 143 студент — Facebook, Instagram және Snapchat желісінің белсенді қолданушылары қатысқан. Жастарды екі топқа бөлген: бірінші топтағы студенттер әлеуметтік желіде бұрынғыша көп уақыт өткізеді, ал екінші топтағылар тәулігіне жарты сағаттан көп уақыт жұмсамайды.
Үш аптадан кейін сауалнама толтырады, олар жеті көрсеткіш – әлеуметтік қолдау, ортаңнан қалып қою қорқынышы, жалғыздық, беймазалық, депрессия, өз-өзіңді бағалау және өз-өзіңді қабылдау.
Белгілі болғандай, бірінші топтағы жастар сынақ кезінде жалғыздық пен депрессияны әлеуметтік желіде күніне жарты сағат отырғандармен салыстырғанда қаттырақ сезінген.
Кейбір сарапшылардың айтуынша, Instagram-ды ақтарып отырған адам бейсаналы түрде өзін басқалармен салыстырып, олар өзінен жақсы өмір сүретін секілді көрінеді.