Супермаркеттер халықты қалай алдайды?
2017 ж. 29 қараша
3185
2
Сөредегі өлшеп қойған тауарларының көбінің салмағы бағасына сәйкес келмейді. Мұның бәрі тұрғындар шу шығарған соң ғана белгілі болып отыр, деп хабарлайды КТК.
Супермаркеттен алғанын сол жерде өлшеп, тексеріп шығатындар аз. Мұны пайдаланған сатушылар тауардың салмағын көбейтіп, асыра құн қояды екен. Мамандар қаладағы қос бірдей компанияның сауда желілерін тексерген мамандар да растап отыр. Сондықтан «Анвар» супермаркетіне 700 мыңдай, ал «Дина» дүкендер желісіне 450 мың теңге айыппұл салған. Әйтсе де тиыннан теңге құрап отырған гипермаркеттегілер адамдарды алдауын қояр емес. Әсіресе, өлшеп дайындап қоятын азық-түліктің салмағынан жеп қалуға тырысады.
"Тексеру жүргізу барысында осы бірқатар тауардың салмағы, өлшемдері сәйкес келмеді. Көбіне күріш, пряниктер, шекер және тағы басқа тауарлардың салмағы сәйкес болмай жатады", — дейді Ақтөбе облыстық техникалық реттеу және метрология департаментінің бөлім басшысы Әсет Төребаев.