18 млн тонналық астероидтің Жерге құлауы ықтимал - ғалымдар ескертуі
2017 ж. 20 қараша
3982
7
Астероидтың біздің планетамызбен соқтығысуы салдарынан алапат цунами болуы мүмкін, деп хабарлайды ғалымдар. NASA сайтында хабарланғандай, ғалымдар Апофис алып астероидының қаупі туралы ескертіп отыр.
Ол Жерге 2029 немесе 2036 жылы құлауы мүмкін. Астероидтың салмағы 18 млн тонна. Аспан денесі тастақты жыныстардан, мұз бен шаңнан құралған.
Бұдан бөлек, NASA ғалымдарының есебінше, егер астероид Жермен соқтығысса, құлауы тротил эквивалентінде 880 Мт-ға тең келеді.
inform.kz