Қазақстанда жерлеу рәсімі мен ас беру тәртібі енгізілді
2017 ж. 23 мамыр
7975
27
Қазақстандағы жерлеу рәсімдері мен құдайы ас беру тәртібі нақтыланды. Діни басқарма даярлаған "Жаназа және жерлеу рәсімдері" кітабында Ғұламалар кеңесі бекіткен пәтуалар жинақталған. Көпшілікке таныстырылған жаңа еңбек ел аумағындағы сан ғасырлық жерлеу ғұрыптарын ескеріп, шариғат нормалары арқылы жаназа рәсімінің ортақ тәртібін ұсынады.
Бұл туралы 31 арна хабарлады.
«Жаназа» кітабын шығарудағы негізгі мақсат - еліміз бойынша діни рәсімдерді бір ізге келтіру, ысырапқа жол бермеу, шариғатқа қайшы әдеттерге тосқауыл қою. Одан өзге жаңа жинақта республика бойынша ас беру кезіндегі ортақ дастархан мәзірі бекітілген. Өйткені, облыс, аудандар былай тұрсын, көрші жатқан ауылдарда қайтыс болған адамды ақтық сапарға шығарып салу әр түрлі екен.
ЕРЖАН ҚАЖЫ МАЛҒАЖЫҰЛЫ, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти:
- Екі жақын тұрған ауылдың жерлеу рәсімдері екі түрлі. Сонда бірінші ауылдан екінші ауылға барған ақсақалдар жерлеу рәсімінде бір-бірімен келіспей жатады. Үлкен түсінбеушіліктер болып жатады, осының салдарынан үлкен дауға ұласып жатады.