Тұрғындардың демалыс аумақтарына өзінің тамағы немесе сусынымен кіруіне тыйым салу – заңсыз
2023 ж. 22 мамыр
21373
0
ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне жазғы демалыс және демалыс маусымы қарсаңында тұтынушылардан демалыс аумағына өзінің тамағы және сусындарымен кіруге тыйым салу мәселесі бойынша сауал жиі түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осыған қарай ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы Рамазан Баренов келесіні хабарлайды: «Заңды түрде сатып алынған кез келген сусындар мен тамақ тұтынушының жеке меншігі болып табылады және оны ешкім шектей алмайды (ҚР Конституциясының 26-бабы 1 және 3 бөліктері)».
Егер әркім билет сатып алса немесе оның аумағына кіру үшін ақы төлесе, тамақ пен сусындармен демалыс аймағына еркін кіруге құқылы, өйткені бұл жасалған шарттың нысаны болып табылады (ҚР АК 394-бабы).
Сонымен қатар, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңының 8-1-б. 2-т. 3) тт. сәйкес тұтынушыға демалыс аймағына оның ішіңде тамақ пен сусынның болуына байланысты кіруге тыйым салуға жол берілмейді, өйткені бұл әрекет тұтынушыны оның аумағында тамақ пен сусындарды қосымша сатып алуға мәжбүрлеу болып табылады.
Мұндай шектеулер ауызша немесе жазбаша болсын, жарамсыз, өйткені олар Заңның жоғарыда аталған бабында жазылған.
Заңның 24-бабы 3) тт. сәйкес, кәсіпкер тұтынушыға демалыс аймағының аумағына қолда бар және заңды түрде сатып алынған барлық мүліктермен еркін кіруді қамтамасыз етуге міндетті, егер заттар моральдық негіздерді бұзбаса және т.б., әсіресе мұндай тауарлар демалыс аймағының аумағында сатылса, мұндай тыйым салуға жол берілмейді.
Баяндалған құқық бұзушылықтың құрамы болған кезде тұтынушы ӘҚБтК-нің 163-бабының 2-бөлігі бойынша жосықсыз кәсіпкерді жауапқа тарту үшін БҚДА аумақтық департаментіне тікелей жүгіне алады, оған сәйкес 200 АЕК-тен 1500 АЕК-ке дейін айыппұл көзделген немесе осы мәселе бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы салааралық үйлестіруші ретінде консультация және құқықтық көмек алу үшін СИМ-ның аумақтық СжТҚҚД жүгінуге болады.
Бұған қоса, тұтынушы басқа кәсіпкерлерден сатып алған тамақ пен сусындарды пайдалануға тыйым салу демалыс аймағының бәсекелестікке қарсы әрекеті болып табылатындығын атап өту маңызды (ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 177-б. 1-т., 2-т. 6) және 8) тт.).
Айта кету керек, қазіргі уақытта ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті жосықсыз кәсіпкерлерді әкімшілік жауапқае тікелей тарту үшін тұтынушылардың құқықтарын бұзатын немесе оларға қысым жасайтын шарттағы (ауызша немесе жазбаша) талаптар үшін ӘҚБтК – ға санкцияны толықтыру бойынша жұмыс жүргізуде, - деп қосты ол.