Мұсылман әйел өзге дін өкіліне тұрмысқа шыға алады ма?
2022 ж. 01 наурыз
28909
1
Алла тағала адамзат баласын жер жүзіне жіберіп, оларды ешқашан жалғыз қалдарған жоқ. Үнемі кітаптар және жол көрсетуші Пайғамбарлар жіберіп отырды. Мысалы айтар болсақ: яхудилік діні адамдар тарапынан өзгертіліп бұзылғаннан кейін Алла тағала оның яғни Мұса (Алланың сәлемі болсын) пайғамбардың шариғатының жарамдылығын жойып Иса (Алланың сәлемі болсын) пайғамбарды жаңа шариғатпен адамзат баласына жол көрсетуші етіп жіберді. Осылайша ақыр заман діні болған Ислам келгеннен кейін жоғарыда айтылған діндердің барлығы оздерінің жарамдылығын жойды. Сондықтан да Ислам діндердің ең ұлысы болып есептеледі.
Ал енді негізгі мәселемізге келер болсақ, Ислам Шариғаты бойынша өзге дін өкілдерінің қыздарын алып, олармен құдаласуға болады. ал мұсылман әйелдің өзге дін өкіліне тұрмысқа шығуына үзілді кесілді рұқсат етілмейді.
Өйткені алла тағала қасиетті Құран кәрімде былай әмір етеді:
وَلَا تَنْكِحُوا الْمُشْرِكَاتِ حَتَّىٰ يُؤْمِنَّ ۚ وَلَأَمَةٌ مُؤْمِنَةٌ خَيْرٌ مِنْ مُشْرِكَةٍ وَلَوْ أَعْجَبَتْكُمْ ۗ وَلَا تُنْكِحُوا الْمُشْرِكِينَ حَتَّىٰ يُؤْمِنُوا ۚ وَلَعَبْدٌ مُؤْمِنٌ خَيْرٌ مِنْ مُشْرِكٍ وَلَوْ أَعْجَبَكُمْ ۗ أُولَٰئِكَ يَدْعُونَ إِلَى النَّارِ ۖ وَاللَّهُ يَدْعُو إِلَى الْجَنَّةِ وَالْمَغْفِرَةِ بِإِذْنِهِ ۖ وَيُبَيِّنُ آيَاتِهِ لِلنَّاسِ لَعَلَّهُمْ يَتَذَكَّرُونَ
"Иманға келмейінше мүшрік әйелдермен некеге тұрмаңдар. Сендерді сұлу көркімен қызықтырған мүшрік әйелден мүмин күң сөзсіз артық. Және иман келтіргенге дейін, мүшрік ерге мүмін әйелдерді де үйлендірмеңдер. Егер сендерді қызықтырса да.Мүшрік азат ерден мүмін құл артық. Олар (мүшріктер сендерді) тозақ отына шақырады. Ал Алла (сендерді) жаннатқа және өзінің жарылқауына шақырады. Пенделері санасына ой түйсін деп (Жаратқан) өз аяттарын осылай баяндайды.1
فَإِنْ عَلِمْتُمُوهُنَّ مُؤْمِنَاتٍ فَلَا تَرْجِعُوهُنَّ إِلَى الْكُفَّارِ ۖ لَا هُنَّ حِلٌّ لَهُمْ وَلَا هُمْ يَحِلُّونَ لَهُنَّ
Егерде олардың (шын мәнінде) мүмин екендеріне көздерің жетсе, кәпір күйеулеріне қайтарып жібермеңдер.кәпірлердің оларға заңды күйеу бола алмайтыны секілді бұл әйелдер де оларға заңды әйел бола алмайды.2
Жоғарыда баян еткен аяттарға сүйене отырып ислам ғұламалары толықтай мұсылман әйелдің басқа дін өкіліне тұрмысқа шығуына үзілді кесілді болмайтынына үкім еткен.
Дайындаған: Мұхаммедисмаил ШАДМАН
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр-ғасыр» мешітінің найб имамы