ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ АРНАЛҒАН ТЕГІН ИНТЕРНЕТ ЖОБАЛАР
2021 ж. 20 мамыр
18450
0
Халықтың мемлекеттік тілді оқыту процесіне қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша әзірленген көптеген порталдар жұмыс істейді.
"Қазақ үні" ақпарат агенттігі Мемлекеттік тілді меңгеруге көмектесетін қосымшалар мен веб-сервистерді оқырман назарына ұсынады.
- «TILQURAL.KZ» - мемлекеттік тілді кезең-кезеңімен үйренуге арналған веб-сервис. Сайтта қазақ тілін меңгеруге ниеттеніп жүрген ересектерге А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлерінде тіл үйренуге мүмкіндік беретін онлайн-курс бар. Сайт сөздік қорын толықтыруға, жаңа сөздердің мағынасын түсінуге және оларды күнделікті өмірде қолдануға көмектеседі. Қосымшаны Android, iOS платформалары арқылы жүктеуге болады. Сонымен қатар электронды оқулықтарды web-порталдан смартфонға жүктеу мүмкіндігі қарастырылған.
- «TILMEDIA.KZ» – үштілді сайты орыс және ағылшын тілді азаматтарға мемлекеттік тілді қызықты және тиімді оқытуға көмектеседі. Тілдерді оқыту әдістемесі аудио және бейне мазмұнға негізделген. Сайтта латын және араб графикалары қарастырылған.
- «BALATILI.KZ» - сайт үш жастан асқан балалардың тілдік, жазбаша және шығармашылық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Сайтта баланың өздік жұмысына арналған жеке парақтар, сондай-ақ мұғалімдер, тәрбиешілер және ата-аналарға арналған әдістемелік құралдар бар.
- «АВАІ.INSTITUTE» - Қазақстанда және шетелде қазақ тілін оқыту және ілгерілету бағдарламасы шеңберінде әзірленген веб-портал. Портал Android және iOS платформалары арқылы 6 тілде қолжетімді.
- «SOYLE.KZ» онлайн - порталы аудио және бейнематериалдарды пайдалана отырып қазақ тілін оқытудың дәстүрлі әдістемесі. Сайтқа қазақ-орыс тілдерінің сөздігі, грамматика анықтамалығы және тестілер жүктелген. Платформада радио орнатылған, балаларға арналған бөлек бөлім қарастырылған. Біз сөйлейміз, оқимыз, жазамыз, қараймыз тақырыптары бойынша ыңғайлы навигация көзделген.
2018 жылы бағдарламаның ағылшын-латын нұсқасы әзірленді. Сондай-ақ осы жоба аясында «Soyle», «Sozdik» мобильді қосымшалары жұмыс істейді. 2019 жылы Telegram қосымшасында қазақ тілін үйрену үшін телеграмм-бот, «Soyle Talk» сөйлесу клубы құрылып, «Soyle.kz» порталына «Караоке әндері», «Сөзжарыс» ойыны, «Soyle радиосы» тәрізді жаңа бөлімдер қосылды. Бұл платформа Мемлекеттік тілді дамыту қоры тарапынан әзірленген.
-«BALA.SOYLE.KZ» – балаларға қазақ тілін үйретуге арналған онлайн - портал.
-«SOYLETUBE» - YouTube әлеуметтік желісінде қазақ тілін үйренуге арналған бейнеканал. Фильмдерді, мультфильмдер мен клиптерді түпнұсқада көру арқылы тіл үйрену тиімді тәсілдерінің бірі. Өзекті тақырыптар аясында дайындалған қызықты роликтер түрлі санаттағы тыңдаушылардың талғамына жауап бере алады.
- «QAZONLINE» - Жамбыл облысы тілдерді дамыту басқармасы әзірлеген қазақ тілін үйренуге арналған мобильді қосымша.
-«ANA TILI» - Павлодар облысының «Ана тілі» орталығы әзірлеген қазақ тілін үйренуге арналған мобильді қосымша.
-«KAZ-TILI.KZ» – Т.Валяеваның авторлық жобасы. Сайтта кесте түрінде берілген жаттығулар мен грамматикалық ережелер қолжетімді. Сондай-ақ қазақ тілінде оқуға арналған кітаптар мен ертегілер де бар. Тілді бейнематериалдар мен қысқаша орыс-қазақ тілашары арқылы меңгеруге болады.
Сөйлеудің әр бөлігіне арналған бөлімдер, жаттығулар, балаларға арналған грамматика, мақал-мәтелдер, ертегілер, әндер және т.б. бар. Апта сайын оқу материалдары мен әдебиеттер жариялананып тұрады.
-«BAS QOSU» (facebook) – тікелей қарым-қатынас орнату мүмкіндігі бар қазақ тілі клубы. Бұл Бақытжан Бұхарбайдың қазақ тілін білу деңгейін едәуір жақсартқысы келетін адамдарға арналған жобасы. Топта посттарды қазақ тілінде оқып, талқылауға, аударманы түпнұсқамен салыстыруға, өзара диалог құру арқылы жаттығуға болады.