Еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
2020 ж. 09 қараша
1250
0
«Қазгидромет» 9 қарашада еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нұр-Сұлтан қаласында жаңбыр, қар, көктайғақ, 9-14 жел екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.
Ақмола облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні 15-20 метрге күшейеді.
Ақтөбе облысында тұман, көктайғақ, секундына 15-20 метр жел тұрады.
Алматы облысында желдің екпіні секундына 17-22 метрге күшейеді. Атырау облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 15-20, 25 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.
Қарағанды облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің екпіні секундына 15-20, 28 метрге жетеді.
Қостанай облысында тұман, көктайғақ, секундына15-20 метр жел тұрады.
Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.
Маңғыстау облысында желдің екпіні 15-20, 23-28 метрге жетеді.
Павлодар облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел секундына 15-20 метрге күшейеді.
Түркістан облысында жаңбыр, қар, тұман, жел секундына 15-20 метрге күшейеді.