Еліміздің барлық өңірлері бойынша 2016 жылғы ораза кестесі
2016 ж. 06 маусым
7705
0
Жамағат назарына Қазақстандағы 2016 жылғы Ораза айының кестесін ұсынамыз.
ЕСКЕРТУ:
Биыл, яғни 2016 жылы мұсылмандық ай күнтізбесі бойынша Қасиетті Рамазан айы 29 күн.
- Шілденің 01-нен 02-не қараған түн Ләйләтул-Қадр, яғни қасиеттi Қадiр түнi.
- Сәресi iшу таң намазының кіруіне 10 минут қалғанда тоқтатылады.
- Ауызды ақшам намазының уақыты болысымен құрмамен немесе сумен және т.б. жеміспен де ашуға болады.
- Тарауих намазы Құптан намазынан кейiн оқылады, ал Үтiр-Уәжiп намазы ең соңынан жамағатпен оқылады.
- Пiтiр-садақаны рамазан айының басынан айт намазына дейiн беруге болады. Еліміз бойынша әр адамға 200 теңге.
- 05 - шілде (сейсенбі) күнi Ораза айт мейрамы басталады.
- Оразаға ниет: Алла тағала үшін мүбарак рамазан айының оразасын ұстауға таңнан күн батқанға дейін ниет еттім.
- Ауызашар дұғасы: «Жаратқан Ием Сен үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризық несібеңмен ауыз аштым. Иә, кешірімді Алла! менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешіре гөр!»