САЙРАМДА ӨСІМДІК МАЙЫН ӨНДІРУДЕ
2017 ж. 02 қыркүйек
2580
0
Сайрам ауданында кәсіпкерлік саласы түрленіп, күн санап дамып келеді. Мәселен, өнеркәсіпті дамытудың бірінші бағыты бойынша Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт ауылында жеке кәсіпкер Иптихар Кочкаровтың өсімдік майын өндіретін цех жұмысы да жүйелі жүрізіліп келеді. 2016 жылдың желтоқсан айында іске қосылған цехтың жобалық құны 350 млн. теңгені құрайды.
Бүгінде өндірісте «Алтын май» маркалы күнбағыс, мақсары майлары кең қолданылып келеді. Ал, шикізаттар Мақтаарал ауданы мен Өскеменнен жеткізілуде. Сондай-ақ, дайын өнімдер ОҚО-ның аудандары мен Шымкент қаласының супермаркеттерінде саудалануда. Сондай-ақ, Қырғызстан Республикасына да жіберілуде. Алдағы уақытта Иран Республикасына дайын өнімдер жіберілмек. Ал қүнбағыс, мақсары майларының құрамын 100% тазартылған, иіссіздендірілген.
Сайрам ауданы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясында былтырғы жылы құны 5 млрд. теңге болатын 17 жоба қолдау тапқан-ды. Соның бірі ретінде, осы өсімдік майын өндіру цехы бағдарламаның субсидиялау бағыты бойынша қолдау тапқан.
Аудан бойынша, кәсіпорындардың көптеп ашылуы жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып, әлеуметтік жағдайының жақсара түсуіне зор үлес қосып келеді. «Алтын адам» өсімдік майы шикізатын өндіретін кәсіпорын жергілікті 25 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етуде. Сондай-ақ, сыйымдылығы 10 мың тонналық қойма құрылысы да өз жұмысын бастауда.
qazaquni.kz