ШЫМКЕНТТІҢ ОЙЫНШЫҚТАРЫ ШЕТЕЛ НАРЫҒЫНА ЖОЛ ТАРТПАҚ
2017 ж. 26 тамыз
2668
0
Шымкент қаласындағы «Наурыз Пластик» кәсіпорынының өнімдері соңғы уақытта кең сұранысқа ие бола бастады. Қазіргі таңда зауыт ойыншық көліктің 10 түрі мен құрастырғыштың 5 түрін шығарады.
Өнімнің әр бөлшегі жеке-жеке дайындалып, соңынан құрастыруға жіберіледі. «Қазақстанда жасалған» тауар белгісі бар ойыншықтар Шымкент қаласының базарлары мен облысымыздың барлық аудандарында сатылуда. Отандық өнімнің ерекшелігі сол бағасы қытайлық ойыншықтардан екі есе арзан. Яғни, қолжетімді бағада. Сондай-ақ, бұл ойыншықтар барлық халықаралық экологиялық талаптарға толыққанды сай келеді дейді. Пластмассасы улы емес сапалы болып келетін ойыншықтар бала денсаулығы үшін ешқандай қауіп туғызбайтын көрінеді.
Кәсіпкерлер екі өндірістік жүйені сатып алуға «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының арқасында қол жеткізген. Өндіріс қуаты айына үш мың өнімнен асатын кәсіпорын бұл көрсеткішті 10 мың данаға дейін көбейтуді көздеп отыр. Таяуда ғана индустриалды аймақтағы жаңа ғимаратқа көшкен кәсіпкерлер өндіріс қуатын арттырып, шетел нарығына шығуды жоспарлап отыр.
qazaquni.kz