ДУАДАҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
2017 ж. 29 мамыр
5827
1
Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Бірлік ауылында жасанды жолмен дуадақ өсіру ісі жанданып келеді. Араб инвесторы Шейх Халифа Бен Зайд Аль-Нахайянның қолдауымен құрылған құс тұқымбағынан табиғатқа жылына 600-ден астам дуадақ ұшырылуда.
Бұл елімізде алғаш ашылған кәсіпорынға 2016-2018 жылдары жобаның үшінші кезеңін жүзеге асыру мақсатында 13 млрд. теңге шетел инвестициясы тартылған. Егер үшінші кезең еңсерілсе, жылына 15 мыңға жуық дуадақ өсіру жоспарланып отыр. Сондай-ақ жұмысшылар санын 400-ге жеткізу көзделуде.
Бүгінге дейін 895 гектар жер көлемін алып тұрған орталыққа 3,5 млрд. теңге шетел инвестициясы тартылып, ауданның 156 тұрғыны жұмыспен қамтылған. «Бұл таңқаралық өте керемет, әрі ғажап құс. Дуадақ құсының тарихы араб елімен тығыз байланысты. Мың жылдан аса уақыт бұрынғы ашаршылықта арабтар негізі қорегі ретінде осы құсты аулаған көрінеді. Енді табиғат тамашасын өз иесіне қайтару үшін барымызды салудамыз»,-дейді аталған орталықтың басқарушы директоры Роман Бакиев.
Айта кетейік, мұндай тұқымбақтар әлемнің үш елінде яғни Морокко, Бірікке Араб Әмірлігі мен Қазақстанда ғана бар. Аталған тұқымбақ соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жарақтандырылған. Мұндағы өсіріліп жатқан құстар онлайн режімінде бақыланып, жем-су бекітілген тәртіппен беріліп отырады. Жалпы мұнда өсірілген дара дуадақтар Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы Бетпақдала аймағына жіберіледі. Араб тарапы Қазақстан алдындағы өз міндетін орындау үшін 2010-2017 жылдар аралығында Қазақстанның табиғатына бас-аяғы 2 мыңға жуық дуадақ ұшырылған.
2005-2006 жылдары Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірлігі елімен өзара келісімімен жабайы дуадақтың ұясынан жұмыртқасы алынып, инкубациядан кейін құстарды Біріккен Араб Әмірлігінің орнитологиялық тәлімбағына жеткізілген болатын. Содан бері дуадақ құсы бұрынғы отаны - Қазақстан жерінде де өсіріле бастады.
qazaquni.kz